Мәдениет семиотикасы. Мәдениет анатомиясы
Автор: Volida Amiramzaeva • Сентябрь 23, 2021 • Реферат • 2,465 Слов (10 Страниц) • 6,227 Просмотры
Мәдениет семиотикасы.Мәдениет анатомиясы.
Мәдениетті зерттеуде адамның ақпаратты өндіру, айырбастау және сақтау барлық іс әрекеті белгілі бір тұтастыққа ие деген бастапқы алғышарт болып табылады. Жеке алынған таңбалық белгілер жүйелері имманентті ұйымдастырылған құрылымнан тұрады деп топшыланса да бірбіріне сүйене отырып, яғни бірлікте ғана жұмыс істейді. Ешбір таңбалық белгі жүйесі оңашаланған қызметпен қамтамасыз ететін механизмге ие емес. Бұдан шығатыны, семиотикалық айналымдағы дербес ғылымдар сериясын құруға мүмкіндік беретін тұрғымен бірге, басқа да мүмкін, ол көзқарас бойынша оның бәрі семиотикалық мәдениеттің жеке аспектілерін қарастыратын, таңбалық белгілер жүйесінің қызметтік сәйкестігі жөніндегі ғылым. Осы тұрғыдан қарағанда мәдениет тілінің иерархиялық түзілуі жөніндегі сұрақ, олардың ішіндегі салаларды бөлу, бұл салалардың бірбірімен айқасуы немесе шектесуі жөніндегі жағдаяттар ерекше мәнге ие. Семиотикалық тұрпатнамалық сипаттағы зерттеулерде мәдениет түсінігі бастапқы ретінде қабылданады. Бұл жерде мәдениеттің өзіне өз тұрғысынан қарайтын көзқарасы мен оны бейнелейтін ғылыми метажүйесінің көзқарасынан қарауды айыра білу керек. Бірінші ұстанымнан қарағанда, мәдениет шектелген аймақ түрінде көрінеді, оған одан тысқары жатқан адамзат тарихының, тәжірибесінің немесе ісәрекетінің құбылыстары қарамақарсы тұрады. Сонымен, мәдениет түсінігі оны «мәдениет емеске» қарамақарсы қоюмен ажырағысыз байланыста. Оның қандай ұстаныммен іске асуы (нағыз дін — жалған дінге, ағартушылықтың — надандыққа, белгілі бір этникалық топқа кіру — оған кірмеу және т.с.с. антитезі), — берілген мәдениеттің тұрпатына жатады. Алайда тұйық орта аясына кіргізілгендік пен одан бөлек болу сияқты қарамақарсылықтар мәдениет түсінігін оның «ішкі» көзқарас жағынан ұғынуының ерекше мәнділігін құрайды. Осы жағдайда қарама қарсылықты абсолюттендіру сипаты жүреді: мәдениет өзінің «сыртқы» контрагентін қажет етпейді және имманентті түсінуге келмейтін секілді. Бұл көзқараспен қарағанда мәдениетті адамзат қоғамындағы ұйымдастыру (ақпаратты) саласы ретінде анықтау және оған ұйымдаспағандықты (энтропияны) қарама қарсы қою суреттеліп отырған зерзаттың ішінен берілген көптеген анықтамалардың бірі екені көрінеді; бұл XX ғасырдағы ғылым (бұл жерде — ақпарат теориясы) тек қана метажүйе емес, сонымен бірге суреттеліп отырған «қазіргі мәдениет» зерзатына кіреді. «Мәдениет — табиғат» («істелген — істелмеген») оппозициясы жеке, тарихи шарттанған «енгізілген — енгізілмеген» антитезін көрсетеді. XX ғасыр басында орыс мәдениетінде қалыптасқан (А.Блок) «мәдениет — өркениет» антитезі мәдениетті ұйымдастырылған, бірақ адаммен емес, «музыка жанымен» және сондықтан да «бастапқы» құрылыс ретінде қарастырады. Істелгендік белгісі «мәдениет — өркениет» антиподына тіркеледі.
1.Мәдениеттің негізгі рәміздері.
Мәдени рәміздер - ең көне және әмбебап коммуникация құралдары. Осы арқылы рәміздері халықтар тиесілі түрлі тілдер мен мәдениеттерге, қалыптастыра алады онда мағыналық кеңістік, онда болады ең болуы мүмкін актілер қарым- қатынас және өзара түсіністік. Символы ғана емес, шоғырландырады әлеуметтік-мәдени тәжрибесі, тіршілік әрекетінің белгілі бір ортақтығы, бірақ орындайды коммуникативтік-ақпараттық функцияны ықпал ете отырып,өзара алмасу, идеялар мен құндылықтар ретінде ішкі және мәдениет аралық қатынас. Мәдениет аралық қарым-қатынас негізделеді процесінде символдық өзара іс-қимыл субъектілері арасындағы интеракции, мәдени айырмашылықтар, олардың анықтауға болады, барысында мағыналық мазмұнын ашу рәміздер.
2.Сақ және скиф мәдениетінің рәміздері.
Сақ-скиф үштігі: ат әбзелдері, қару-жарақ және "аң стилі"
Біздің заманызға дейін I мыңжылдықта Еуразия далаларында ертедегі көшпелілердің мәдениеті қалыптасып, олардың жекелеген орталықтары ерекшеленді. Олар: Қара теңіз жағалаулары, Солтүстік Кавказ, Арал маңы (Түгіскен; Үйғарақ), Орталық Қазақстан (Тасмола), Жетісу, Шығыс Қазақстан, Минусинск шұңқыры, Тува, Монғолия жәнеОрдос. Аталған аумақтарда материалдық және рухани мәдениеті ұқсас бірлестіктер қалыптасты.
Олардың ортақ белгілері ат әбзелдерінде, қару-жарақта және "аң стилінде" болмған. XX ғасырдың басында зерттеушілер мұны скиф үштігі (ұштағаны) деп атады.
Еуразия далаларындағы скиф-сақ-сібір әлемі мынадай факторларымен ерекшеленді:
1. аталған облыстардың, аумақтардың жақындасуымен;
2. әлеуметтік-экономикалық негізгі нышандарымен;
3. даладағы тұрақты сауда, мәдени және саяси байланыстарымен;
4. ортақ мәдени дүниетанымдарымен;
5. Ежелгі Грекия, Ахманид парсылары Қытай әлеміне қарсы далалық аумаққа айналуымен.
Ат жүгені
Далалық өркениеттің экономикалық негізі — дала мен тау аңғарларындағы әр түрлі формадағы мал шаруашылығы болды. Көшпелі мал шаруашылығы жағдайында жылқы шаруашылығы дамудың жоғары деңгейіне жетті. Жылқы көшпелілердің өмірінде үлкен рөл атқарды.Тіпті энеолит дәуірінен бастап-ақ мініс аттарын өсіру дәстүрі дамыған. Сақ-скифтердің жерлеу дәстүрінің бір сипатты белгісі — молаға ат әбзелдерін бірге көму. Ат жүгендерінің қалдықтары — ауыздық, жүгеннің әр түрлі айылбастары — ерте темір дәуірініңкөптеген молаларынан табылған.
Ат жүгені елеулі өзгерістерге ұшырады. Ерте кезеңде қола ауыздықтың төрт түрі кең тараған: қосымша тесігі бар және тесігі жоқ, ұштары тік бұрышты және шығыршықты, үзеңгі тәріздес. Біздің заманызға дейін V ғасырда жүгендердің құрылысы да өзгерді. Ауыздықтың бір шығыршықты түрі пайда болды. Бірақ олардың Еуразия аумағында кең таралуы біздің заманызға дейін V—III ғасырларға тура келеді. Шығыршықты ауыздықтар көбіне темірден жасалды
...