Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Биочиптер - болашақтың диагностикасы

Автор:   •  Март 14, 2018  •  Статья  •  684 Слов (3 Страниц)  •  2,991 Просмотры

Страница 1 из 3

1 курс. Багитова Ақниет Ертелеуқызы СТ17-007-02

Оқытушы: Жұмағұл Мөлдір Жақыпжанқызы

Биочиптер – болашақтың диагностикасы

  21 ғасыр медицинасының қарқынды дамуына адам және жануар ағзасында әртүрлі ферменттердің әрекетінің, гендердің құрылымының өзгеруінің молекулалық механизмдерінің енгізілуі әсер ете бастады. Мыңдаған гендердің ашылуы, әр түрлі аурулардың функциональдық мағынасы және рөлі, тұқымқуалаушылық және қатерлі ісік ауруларының себептері, фармогенетикалық және прогностикалық медицинаның екпінді түрде дамуы байқалады. Көптеген гендердің жеке талдауы, ақуыз бен жасушаның секрециясы әрбір ауру адам үшін аса қажетті ақпарат болып табылады,алайда мұндай талдаулар жасау қазіргі таңда қиын әрі қымбат экспреминтальді міндет болып табылады. Көп параметрлі молекуларлық диагностика жасау үшін  барлық зерттеуші топтар мен клиникаларға қол жетімді жаңа тәсілдерді дамыту қажет.  Осы мақсатта соңғы жылдардағы биотехнологияның революциялық  жетістіктерін пайдалану қарқынды жүргізілуде. Оған мысал биологиялық микрочиптер.

  Биологиялық микрочиптер - әртүрлi биохимиялық талдауларды жүргiзу үшiн кiшкентай құрылғылар. Бұл талданатын нұсқалар құрамындағы кез келген заттармен өзара әрекеттесе алатын реакцияға қабiлеттi агенттер жиi салынған микропластинкалар. Бұл құралдар гендер мен оның өнiмдерiнiң өзара жiңiшке реттеуiн зерттеу үшiн молекулалық биологияның iргелi мiндеттердiң бiрi болып табылады.

 Биочиптер 90-жылдың аяғында ең алғаш Ресей мен АҚШ-тарында жасалынды. Қазіргі таңда бірнеше американдық биотехнологиялық фирмаларда жасалынып шығарылады. Және де Ресейдің молекулярлық биология РАҒ институтындағы биологиялық микрочиптер орталығында шығарылады.

Биочиптың микроскопиялық өлшемi  ДНҚ-ның көптеген мөлшердегі  молекулаларын кішкене ауданда  орналастыруға рұқсат бередi және флуоресценттiк микроскоптың көмегiмен немесе арнайы лазерлік құрылғымен  оқылады.

Биологиялық микрочиптердің түрлері

  • ДНК-микрочиптер - бұл ерекше аналитикалық құрал. ДНК чиппен сарапталған үлгіде  

берілген кезекті ДНК-ны анықтаймыз(яғни гибродизиционды сараптама).

ДНК-чиппен сараптама орындау альтернативті технологияларға қарағанда арзан және оңай

конструкциялы болған соң жылдам орындалады.

  • Ақуыздық және пептидті чиптер (полипептидтер негізінде құрастырылған чиптер)  -

трансляцияланған тағам анализінде қолданады. Көптеген дәрілердің нысанасы ақуыздар

болып табылғандықтан, сондықтан ақуыз бен пептидтік чиптер жаңа дәрілік заттарды

іздестіргенде өте тиімді. Медицинада миниатюрлі аналитикалық жүйеде организмнің

иммунды статусын, аллергиялық сенсибилизацияны анықтауда және спецификалық

аллергендер идентификациясында микрочиптер өте тиімді болып табылады.

  • Материалды биочиптер - маркерлердің ізденістерінде белсенді қолданылады, сол және де басқа аурулармен біріншіден, әсіресе онкологиялық аурулармен қарастырғанда.  Аутоиммунды материалдардың талдауы үшін, жүректегі жетіспеушілік, диабет және нейродегенеративті патологиялар үшін материалды чиптердің қолданылуы табысты  үлгі екенін көрсетті.

Адамның ауруларын зерттеудегі биочиптің маңызы

           Медицинада биочиптер санаулы сағатта туберкулездің дәріге төзімді пішінін  анықтауға көмектеседі. Биочиптің тағы бір өте маңызды медициналық қолданысы - бұл лейкоздың және басқада онкологиялық  аурулардың  диагностикасы.

...

Скачать:   txt (10.3 Kb)   pdf (120.5 Kb)   docx (14.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club