Маған не үшін жоғарғы білім қажет
Автор: YakubovaAA • Ноябрь 28, 2021 • Эссе • 622 Слов (3 Страниц) • 881 Просмотры
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті
Шет тілдер факультеті
ЭССЕ
Пәні: Философия
Тақырып: Маған не үшін жоғарғы білім қажет
Орындаған: Якубова Асия
Тобы: КА-10
Тексерген: Джумагельдинов Марат Нуркенович
Жоспар
1. «Бұл заман- білекке емес, білімге сенетін заман» (Н.Ә.Назарбаев).
2. «Білген адам білімді өмір бойы іздейді» (А. Игүнеки)
а) Маған жоғарғы білім қажет;
б) Қазір білімділердің заманы;
3) Оқы, оқы және оқы!
Маған не үшін жоғарғы білім қажет
Соңғы қоңырау соғылып, барлығымыздың көптен күткен ересек өміріміз басталады. Содан кейінгі алғашқы қадам білім және оқу орнын таңдау болады. Әрине барлығымыз білімді болуды қалаймыз. Себебі Елбасымыз айтқандай «Бұл заман - білекке емес, білімге сенетін заман». Қазіргі цифрлы дәуірде, ғылым мен техника дамыған ғасырда білім бәріне керек. Осы орайда Ф.Бэконның: «Білім - күш» деген сөзі ойыма келеді, шынындада білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
Егер білім күш болса, сол күшімізді арттыратын және ерекше мүмкіндіктер сыйлай алатын, ол- жоғарғы білім. Оқу мен білім салтанат құрған қазіргі уақытта әрбір қазақстандықтың еркін білім алуына барынша жағдай жасалған. Осы мүмкіндіктерді неге пайдаланбасқа, Ахмет атамыз айтып кеткендей: «Білген адам білімді өмір бойы іздейді». Сондықтанда адам қанша жаста болмасын заман талабы мен мемлекет сұранысына сай бола алады, тек қана жоғары білімі мен біліктілігі болуы керек.
Маған жоғарғы білім қажет. Әлбетте, ұнаған мамандығымның иесі болып, сүйікті ісіммен айналысу үшін. Алдымен білімнің қолданылу саласын анықтау керек, мысалы мен ұстаз болып, мемлекетке жұмыс жасағым келеді, сол үшінде маған жоғарғы білім алу қажет. Себебі мемлекет талабы осындай. Бірақ біз менен диплом талап етеді деп емес, білімді болу үшін оқу керекпіз. Тіпті біз тек білу үшін емес, бір нәрсені қалай жасау керектігін үйрену үшін білуіміз керек. Сондай- ақ маған жоғарғы білім не үшін қажет? Біріншіден, мен заман ағымымен қатар дамығым келеді, білімді және мемлекетпен бірлесіп жұмыс жасау мақсатым. Мақсатымды іске асыру үшін жоғарғы білімім болуы міндетті. Екіншіден, Н.Назарбаев атамыз айтқандай «Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман», сол ойлау қабілетімді шыңдаудың бір түрі ол адамдармен қарым- қатынас жасау, яғни жаңа орта құру. Ал менің ой шыңдайтын, білім жетілдіретін ортам неге жоғарғы оқу орны болмасқа. Үшіншіден, қазір білім мен білімділердің өте қажет заманы. Қарап тұрсам, әдемі болғың келе ме- оқы. Ауырмайын десең - оны да оқы. Болашақта балаларым маған ұқсағысы келіп, мені үлгі тұтсын десек -тағы да оқу керек. Бұрын аталарымыз айтқан қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман - қазір туып тұрған сияқты. Әдемі болғың келсе - оқы, денің сау болсын десең – білім ал. Бай болғың келсе – білім ал. Төртіншіден, білім алған адамның санасы өзгереді. Санасы өзгерген адамның – өмірі өзгереді. Міне осы және осы сынды көптеген себептер маған не үшін жоғарғы білімнің керектігіне жауап береді деп ойлаймын.
...