Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Алшақ будандастырудың Мичуриндік әдістері

Автор:   •  Декабрь 2, 2018  •  Реферат  •  2,922 Слов (12 Страниц)  •  1,631 Просмотры

Страница 1 из 12

                                                  Кіріспе

        Селекцияда будандастыру тәсіліне көп көңіл бөлінеді. Себебі, түрішілік немесе түраралық будандастырудан генетикалық белгіленген қасиеттері бар жаңа түрішілік немесе түраралық ұрпақ алуға болады. Оның теориялық негізі болып әрбір геннің тұқым қуалаушылықтағы дербестігі немесе тәуелсіздігі болып табылады. Осыған орай селекционерлер астықтың немесе сүрлемнің өнімін, сапалық белгілерін бақылайтын гендерді арттыру үшін көп мәселелерді шешуге душар болады. Себебі ол осы астықтың сапасын, өнімділігін, ауа райының қолайсыз жағдайларына аурулар мен зиянкестерге төзімділігін арттыратын гендердің қолайлы комбинацияларын табуы керек болса, түсімділік пен басқа шаруашылыққа тиімді белгілер мен қасиеттерді анықтайтын көптеген гендер өзара күрделі әсер етіп тұқым қуалайды. Будандастыру кезінде рекомбинацияға түсетін гендердің саны ата-аналарының бір-бірінен айырмашылық белгілерін анықтайтын гендердің санына байланысты болады. Осындай гендердің сандары неғұрлым ұлғайған сайын гомозиготтылықты анықтауды талап ететін теориялық және тәжірибелік жағынан қажетті F2 будан өсімдіктері тез көбейді. Тәжірибелік жұмыста Ғ2 буданда керекті популяцияның көлемі қарапайым түрде анықталады. Себебі F2-дегі өсімдіктердің саны F-тегі кажетті туыстардың санынан шамамен 20 есе көп болуы кажет. Ата-аналарының айырмашылық белгілері неғұрлым көбірек ажыратылса, бұл арақатынас соғұрлым көп болу керек.

            Қазіргі кезде, көптеген жаңа сорттар генетикалықтардан бір-біріне өте жақын болып келеді, ал оларға жат генетикалық материалдарды қосып, болашақта жақсарту проблемасы өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Себебі, сорттардың шаруашылықтағы тиімділігін немесе оның жалпы түсімділігімен немесе өнімділігімен анықталатын болғандықтан әрбір белгінің де селекциялық маңызы өте зор. Атап айтқанда, ата-аналарды таңдап будандастыру үшін генетикалық ерекшеліктерін анықтау жеке белгілерді талдау арқылы ғана шешіледі. Бұл будандастырудағы комбинация санын азайтқанмен, генетикалық қорды көбейтуге мүмкіндік береді. Алайда будандастыруды жеке бір белгімен ғана шектеуге болмайды. Себебі, бір белгі генотиптік ортада тиімді қорытынды бермеуі мүмкін. Будандастыруға компоненттерді тандауда алынатын жақсы сорттардың тұқым қуалаушылығының негізі болып сол табиғаттың климат жағдайында шығарылған экотип алынуы керек. Шешуші дәрежеде селекциялық жұмыстың нәтижелілігі будандық популяцияның нақты климат жағдайларына экологиялық бейімделушілігімен анықталады. Мысалы, тек қана ата-аналарының біреуінің онтогенездік бейімделуінің нетижесінде құрылған қасиетті немесе белгіні жақсарту үшін, жер шарының ұқсас аймағынан кез-келген үлгі бөлшектерді алуға болады.

                                              Негізгі бөлім

2.1. Алшақ будандастырудың Мичуриндік әдістері. И. В. Мичурин жасаған будандастыру жұмыстарының принциптері мен әдістерін, қолданып, одан әрі дамытудың маңызы зор. Ол адам үшін пайдалы белгілер мен қасиеттерді барынша ұштастыратын будан алу мақсатында ұрықтану процесін басқару жолдарын іздестіруде жемісті еңбек етті. Осы мақсатпен И. В. Мичурин бірінші болып жеміс ағаштары селекциясында әріден будандастыру әдісін қолданып, будандасушылықты және алшақ будандастырудың ұрықсыздығын жою әдістерін жасады. Ол ата - ана өсімдіктерінің жасын жалпы күйін, аналық өсімдіктердегі тозаңданатын гүлдердің орналасқан жерін есепке алды. Алдын- ала вегетативтік жақындастыру әдетте өзара будандаспайтын түрлерді будандастыруға мүмкіндік берді.

Әдістің мәні будандастырылатын өсімдіктерді алдын ала телуде. Бірінші гүлдегенде телінген аталық өсімдіктің тозаңымен теліткен аналық өсімдікті тозаңдандырады. Делдал әдісі 3 түрді будандастыру болып табылады. Түрлердің бірі алшақ будан алу мақсатында алдын ала басқа түрмен будандастырылады да, одан алынған будан үшінші түрмен будандастыру үшін пайданылады. Мичурин делдал әдісін жабайы шабдалыны мәдени шабдалымен будандастыруда пайдаланды. Делдал әдісін кейде картоптың мәдени түрін кейбір жабайы түрлерімен будандастыруда ойдағыдай қолдануға болады. Бұл түрлер алдын ала Соланаумэкауле өсімдіктермен будандастырылады, ал алынған будан - делдалды мәдени картоптың күні бұрын таңдап алынған сорттарымен будандастырады. Тозаң қоспасымен тозаңдандыру әдісі. Аналық өсімдіктің аналық аузына басқа әр түрлердің, тіпті туыстардың тозаңды қоспасын салады. Мичурин осы әдіспен алма мен алмұрттың, сары өрік пен қара өріктің, шие мен мойылдың, айва мен алмұрттың будандарын алды.

...

Скачать:   txt (42.7 Kb)   pdf (169.8 Kb)   docx (21.7 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club