Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әріптестермен тұлғааралық қатынастар жасау ерекшеліктері

Автор:   •  Февраль 10, 2021  •  Реферат  •  1,361 Слов (6 Страниц)  •  610 Просмотры

Страница 1 из 6

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы

Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы

Реферат

Тақырыбы :« Әріптестермен тұлғааралық қатынастар жасау ерекшеліктері»»

Орындаған:

Тобы:ФКА 202 18

Қабылдаған:

Шымкент 2020

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

  • Фармацевтикалық команда мүшесінің қабілеттері
  • Жай фармацевтикалық ұжымның команданың айырмашылығы
  • Команда мүшелерінің міндеті
  • Ресми және ресми емес қатынас

Қорытынды:

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

   

Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Адамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.

Тұлғааралық қатынас — этно психологияда әрбір тайпаның, халықтың ұлттық дәстүрлерге байланысты әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері және т.б. Тұлғааралық қатынас әрбір халық пен ұлттың этностық қарым-қатынас ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мысалы, қарым-қатынастың абысын-ажын арасындағы сақина-жүзік, білезік алмасу; ер-азаматтар арасында ер-тоқым алмасу; сауға тарту, сәлемдеме жолдау және т.б. түрлері болған. Сол сияқты, ізет, құрмет, сыйластық сезімдері де адамдар арасындағы қатынастың бір түрі болып саналады.

Дәріханалық ұйымның психологиялық атмосферасына ерекше жоғары талаптар қойылады.Мұнда әріптестерге қатысты қаталдық ,активсіздік,дұрыс назар аудармауға тыйым салынады.Дәріханадағы әрбір маман өзінінің қызметтік міндеттерінің орындалуының кәсіби деңгейіне жауап береді.Фармацевт қарым-қатынастың жалпы және кәсіби мәдениетін білуі  керек. Фармацевттердің өзара қарым -қатынасының 3-деңгейінде горизонтальды және вертикальды қарым-қатынастарды ажыратуға болады.Фармацевттердің өзара  және дәрігерлермен қарым-қатынасында  эмоционалды сезімдерге жол бермеу керек.Қарым-қатынас тек іскерлік дәрежеде болу керек. Әсіресе,дәріхана тұтынушыларының көздерінше  өзара қатынасты анықтауға,ұрысуға болмайды.   «Фармацевт-фармацевт»арасындағы қарым-қатынас кәсіби этикамен,зерделік,жылы шырайлылық,сенім арту және талаптар қоюмен сипатталады.Фармацевттердің дәріханадағы өзге қызметкерлермен қарым-қатынасын құрметтеу ,нақты сөйлеу және өзін өзгелерден жоғарғы санаудың жоқтығымен сипатталады. Науқас емнің тиімділігіне сенімін жоғалтпауы үшін дәрігердің мәртебесін қолдау керек.Тұтынушының алдында дәрігерді жамандауға,оның  тағайындаған  еміне сын тағуға болмайды.Дәріхана тұтынушысына рецепттегі қателер туралы айтуға да болмайды,алайда қателіктерді назарсыз қалдыруға да болмайды.Қате жазылған рецептер жөнінде дәрігерді немесе ЕПМ-ң бас дәрігеріне хабардар ету керек.ЕПМ дәрігерлермен байланысып,қарым-қатынасу фармацевт-информатор немесе фармацевт-клиницисттің көмегімен жүреді,ол жаңа шыққан препраттар мен дәріхананың дәрілік заттар ассортименті туралы мағұлматтарды дер кезінде жеткізу міндетті.Ақпарат ауызша,прайс –парақшалары арқылы,жаңа препараттардың аннотацияларының көмегімен және т.б берілуі мүмкін.Тәжірибеде көрсеткендей,әрбір дәріханалық ұжымда басқарушы және қызметкерлердің арасында қалыптасқан ресми немесе официнальды құрылыммен қатар,ресми емес немесе официнальды емес құрылым да бар.Ресми емес қатынастар –көзқарастары,қызығушылықтары,әдеттері және т.б ортақ болуынан ,жеке симпатиялардың негізінде түзілген байланысты.Дәріханалық ұйымның басқарушысы ұжымның ресми құрылымымен санасуы керек,себебі ресми емес қарым-қатынастардың ресми қызметтік өндірістік қатынастарға әсері зор.Дәріханалық ұйымдарда негізінен әйелдер жұмыс істейтіндіктен,олардың психологиясының ерекшеліктерін жоғары сөзге мақтауға ерекше жауап қайтаруы,үй тіршіліктерінің көп болуын еңбек пен тұрмыс жағдайларына жоғары талап қоятындығын ескеру керек. Фарамцевттердің жасын,еңбек өтілін ,қызметтік міндеттемісін,білімі мен мәдениетінің деңгейін ,тұрмыс жағдайын және басқа да сипаттамаларын білу керек.Мысалы,әр түрлі жастан тұратын ұжымда жоғары деңгейлі тәртіп орнайды,яғни психологиялық және психофизикалық сәйкестік  мәселелері оңай шешіледі.Қарым-қатынастың кәсіби мәдениетін,дәлірек айтқанда жылы шырай,құрметтеу ,әріптестеріне қамқор болу ,дәріханалық ұжымда жақсы көңіл-күйдің қалыптасуына әсер етеді.Мұның әсерінен еңбек өнімділігін 10/ ға артады.Кәсіби мәдениеттің бір аспектісі-фармацевттерде жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.Жалпы еңбек нәтижелері үшін жеке жауапкершілігін сезінетін фармацевттер жұмыс істейтін ұжымда жағымды моральді климат бекінеді,қарым-қатынастағы қиындықтар тез және оңай шешімін табады.

...

Скачать:   txt (20.2 Kb)   pdf (105.5 Kb)   docx (14.9 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club