Контрольная работа по "Этике"
Автор: ЭЛЬМИРА ЖАХАЕВА • Апрель 23, 2022 • Контрольная работа • 1,425 Слов (6 Страниц) • 302 Просмотры
[pic 1]
Эссе
Орындаған: Жахаева Э.К
Тексерген: Джолдыбаева С.Е
Алматы 2022 ж.
1)Қай кодекске сәйкес бухгалтерлік мамандық кәсіби қызметті жүзеге асыруда белгілі бір нормалар мен ережелерді, сондай-ақ негізгі қағидаларды сақтау талап етіледі? Кодекс принциптері мен бағыты туралы толық жауап беріңіз?
Әр адам белгілі бір қоғам жағдайында өмір сүреді және жұмыс істейді. Ал қоғам оларды қалыптастырады, яғни жалпыадамзаттық қағидаттарға сүйене отырып, әдет-ғұрыптарды жалпылау арқылы, кәсіби қоғамдастық өмірінде қызмет етеді. Мұндай этика арнайы кәсіби Кодексте бекітілген. Кәсіби этика кодексі – бұл қабылданған кодификацияланған нормативтік акт болып табылады, белгілі бір кәсіптің өкілдері міндетті түрде моральдық-этикалық нұсқамаларды орындау, этикалық мінез-құлықты реттеу, принциптер жиынтығы, кәсіби топ мүшелеріне арналған нұсқаулық секілді кәсіби рөлдерді ұсынады.
Бухгалтерлік кәсіптің өкілдері қоғам өміріне қатысады және әр түрлі ұйымдар аясында көптеген функцияларды орындайды. Кәсіби бухгалтерлер барлық салаларда жұмыс істейді (бухгалтерлік және аудиторлық фирмаларда, ірі, орта және жеке практикамен айналысатын шағын кәсіпорындарда). Олар сондай-ақ коммерциялық, өнеркәсіптік және қаржы компанияларында, коммерциялық емес ұйымдарда және мемлекеттік мекемелерде, ішкі немесе тәуелсіз аудиторлар жұмыс істейтін салаларда жұмыс істейді. Бухгалтерлер әр түрлі функцияларды орындайды: бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, басқару мәселелері, салық салу, ақпараттық жүйелер, корпоративтік қаржы қызметтерін атқарады. Бухгалтерлік кәсіпте көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы кәсіби стандарттармен, оның ішінде этика, жеке және моральдық құндылықтармен үйлесімді болуы керек. Кәсіби бухгалтерлердің Этика кодексі - кәсіби бухгалтерлердің, бухгалтерлік және кәсіби ұйымдардың кәсіби қызметті жүзеге асыру кезіндегі мінез-құлқының этикалық ережелерінің жиынтығы.
Менің түсінігім бойынша кәсіби бухгалтерлердің кодексі - кәсіби бухгалтерлердің ұйымдардағы қызметтерін кәсіби түрде жүзеге асыруы кезіндегі жиынтықтар мен нормалар болып табылады. Бухгалтер этикасы туралы норматив елімізде заң жүзінде 2007 жылғы 28 ақпанда "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" заңнамада енгізілген болатын. Дегенмен, бұл сала өзгертулер мен толықтыруларды қамтиды. Соңғы енгізілген нормативтерге тоқталатын болсам: 2020 жылы мамыр мен қараша айлары аралығында "Бухгалтерлік есеп туралы" заңға "Кәсіби бухгалтерлердің этика Кодексі" деген түсінік енгізілді. Бұл заңнаманың қысқаша мазмұнында: «Этика кодексінің түсінігі, этикалық ережелер жиынтығы, және бұл нормативтерді кәсіби бухгалтерлер өз жұмысында міндетті түрде сақтауы тиіс» - делінген болатын. Толығырақ тоқталатын болсам бухгалтерлік этика мынадай принциптерді ұстанады: әдептілік; объективтілік; кәсіби құзыреттілік; құпиялылық; кәсіби мінез-құлық және т. б. Кейбір бухгалтерлердің кәсіби этика мәселесі шағын және орта бизнес ұйымдарының көпшілігінде әлі күнге дейін кәсіби этика нормалары туралы толық білмейтін және нәтижесінде өз кәсібінің этикалық талаптарын әрдайым ұстанбайтын сертификатталған бухгалтерлердің қызметтерінжасап жатады. Бұл жағдайдан шығу үшін әрбір бухгалтер өз мамандығына сай білім алып шығуы тиіс және біраз жылдық тәжірибені талап етеді. Бухгалтер бұл компанияда ең маңызды маман болғандықтан, ол өз ісіне заң тұрғысынан да, жеке субъект ретінде де өте мықты жауапкершілікпен қарауы керек. Себебі, барлық қаржылық жағдайлар бухгалтердің қолынан өтеді. Мысалыға, бухгалтер бір шоттық қате немесе берілген тапсырмада көрсетілмеген дұрыс қаржы болса да жауапқа тартылады. Бұл жағдай компанияның кері жаққа кетуіне әсер етуі мүмкін. Сол себептен бухгалтер өз жұмысында бухгалтерлік этиканы мұқият түрде орындауы қажет. Мұндай жағдайлар қайталанбас үшін жоғарыда атап өткендей, әрбір бухгалтер өз қызметтік этикасын білуі міндетті. Көптеген компаниялар бухгалтерлерге этика ережелерін әзірлейді. Оларға мыналар жатады:
...