Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Басқарудың қазіргі заманғы психологиялық мәселелері

Автор:   •  Ноябрь 13, 2020  •  Реферат  •  423 Слов (2 Страниц)  •  515 Просмотры

Страница 1 из 2

          Басқарудың  қазіргі заманғы психологиялық мәселелері

          Әлемде неше түрлі адам болғанықтан, соншама мінез-құлық бар.Олар бір-біріне ұқсайда бермейді. Сонымен қатар көптеген мамандық иелеріде бар. Бірі басқарушы болса, екіншісі бағынушы болады. Басқару адам іс-әрекетінің, адамдардың бірлесіп қызмет етуінен пайда болған. Басқару кезінде белгілі бір шағын немесе үлкен топ арасына басшылық етіп, оларға тапсырмалар жүктеп,жүктеген тапсырмалардың нәтижесін тексеріп ,жасалған кемшіліктерді ескеру. Алайда қазіргі заманда көптеген адамдардың психологиялық  мінез-құлықтарына сәйкес ұжыммен жұмыс жасау барысында көптеген қиыншылықтар туындайды. Сол қиыншылықтар көптеген үлкен проблемаларға әкеліп соқтырады. Бұл проблемаларды  шешуде басқару психологиясы саласы айналысады. Ал, басқаруда негізгі психологиялық мәселелер мынадай себептермен туындауы мүмкін:

         Ең алдымен басқарушы мен бағынышты ұжым жұмысшысының арасында этика сақталмауы. Басшы мен ұжымдағы адамдардың арасында сыйластықтың болмауы басқарудағы ең үлкен мәселелердің бірі. «Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады» деп Жүсіп Баласағұни атамыз айтпақшы жақсы басшы ол тек қана жоғары білімі бар адам емес, ол басшының бойында адамгершілік  қасиеті болуы тиіс . Басқарушы сауатты адам ретінде психологияны сала ретінде меңгерген болуы қажет.Өйткені басшы өзінің қол астындағы қызметтегі адамдардың әрқайсысының мінез-құлқын түсіне білуі тиіс. Сонда ғана ол жақсы адам, жақсы басшы бола алады. Ал басқару психологиясын толық меңгерген адам ол ешқашан өз әріптестерімен қарым-қатынасы жаман болмайды. Қазіргі заманда қолына кішкене билік тисе болды, мен сенің бастығыңмын,менің айтқаным дұрыс деп өзінің менменшілдік мінезін көрсететін басшылар аз емес. Олар сол биліктің арқасында көздері адамгершілік қасиеттерді көрмей қалуы мүмкін. Ұжымда осының салдарынан яғни басшының осындай мінезінен көптеген мәселелер туындап, ақыры соңында дау жан-жалмен аяқталып жатады. Бұл жерде басқарушы да , бағынушыда үлкен психолгиялық соққы алып, стресстік жағдайға жетеді. Қазіргі заманда басқарудағы психологиялық мәселелердің тағы бір салдары директорлар, өз кезегінде, қызметкерлердің қажеттіліктеріне назар аудармау, олардың пікірлерін тыңдамау, мүдделерін ескермеуі . Бұл дегеніміз басшылықтағы ең үлкен кемшілік десе болады. Өйткені кез-келген басшы өз қызметкерлерімен әрдайым байланыста болып, олардың пікірін ескермесе, қызметкерлердің жұмысқа деген қызушылығы төмендеп, жұмыс жасауға құлшынысы азаяды,тіпті өз басшысын жек көріп жұмыстан шығып кетіп те жатады. Басқарудың қазіргі заманғы психологиялық проблемасы ретінде ақпараттың жеткіліксіздігін ажыратуға болады. Жұмысқа орналасқан азаматтар кейде өздеріне қандай міндеттер жүктелгенін толық түсінбейді, бұл жалпы корпоративтік мақсатқа қол жеткізуді қиындатады. Қызметкер қаншалықты тәжірибелі және білікті болса да, ол әрдайым басшылықты не күтіп тұрғанын болжай алмайды. Осы сәттерде басшы мен жұмысшы арасында үлкен түсініспеушіліктер орын алады. Қазіргі кезде адамдарың көбісі өз мамандықтарын жақсы көргенімен де, ол жұмысқа баруға деген ынтасы мүлдем болмауы мүмкін. Оның себебі неде деп ойлайсыз? Әрине, оның бәрі сол басшыға байланысты. Басшы жақсы болса, қызметкерлерде бар ынталарымен өз жұмыстарын жасап, әрдайым өз жұмыстарына деген құлшынысы болады.

...

Скачать:   txt (5.9 Kb)   pdf (54.2 Kb)   docx (8.3 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club