Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі Қазақстандағы мәдени даму мәселелері

Автор:   •  Октябрь 12, 2021  •  Эссе  •  1,960 Слов (8 Страниц)  •  354 Просмотры

Страница 1 из 8

[pic 1]

                        Зерттеу жұмысы

                            Тақырыбы: Қазіргі Қазақстандағы мәдени даму мәселелері

                                                                                                           

                                                                                              Орындаған: Тулегенова Аида

                                                                                 Тексерген:Таштырова Жанна                                                         

                                                           

 Алматы, 2020

Қазіргі Қазақстандағы мәдени даму мәселелері

     Бүгінгі күні қоғамдағы өзекті мәселенің бірі - Қазақстан мәдениеті, оның деңгейі және дәрежесі. Ең бірінші Қазақстан егемендік алуымен байланысты қазақ халқының рухани өмірінде мәдени жаңа процестер кеңінен өріс алды деп ойлаймын. Яғни нақтылай айтып кетсем, Қазақстанның қазіргі мәдениеті, менің ойымша өз мәдениетін еуропалық және әлемдік мәдениетпен жақындастыруға тырысады, бірақ бұл ретте өзінің ұлттық мақтанышы ретінде өзінің бірегейлігі мен өзіндік ерекшелігін сақтауға тырысады. Негізінде біздің тарихи - мәдени мұрамызды сақтаудың маңызы зор. Бірақ көбінесе американдық  жаһанданудың рөлі қазақтарға бұқаралық ақпарат құралдарын қалыптастыруда, әдебиет, өнер,кинофильмдер, поп-мәдениет қалыптастыруда кері де, жақсы әсерін тигізеді. Дегенмен, Қазақстан Республикасы халқы мәдениетті дамыту жоспары бойынша музейлер, театрлар, кітапханалар, мәдени-демалыс ұйымдарын көбейтуге өз үлестерін  қосуда. Және де мәселелерді шешу мақсатында «Қазақстан - 2050» Стратегиясын іске асыру; экономикалық дамыған және табысты 30 елдің қатарына ену; «Мәдени мұра» секілді бағдарламалар пайда болды. Ол қандай мәселелер?-, деген сұрақ туындайды. Менің ойымша, жаңғыру процестері бойынша міндеттер және оларға жету мақсатында әдістерін міндетті түрде ойлап табуы қажет.Ия, пайда болды, дегенмен жұмысы мен үшін дұрыс атқарылып жатқан жоқ секілді. Ал сіздер қалай ойлайсыздар? Сіздерге сенімсізділік тудыра ма? Бірақ барлығы мүмкіндігінше уақытында орындалады деген үміттемін. Мен үшін бұл жеткіліксіз. Яғни мемлекеттің мәдениетін дамуын талдау барысында көптеген мәселелерді қарастырып өтіп кетемін.

     Сол бірден бір негізгі мәселелердің бірі- ұлттың бәсекеге қабілеттілігі, мұнай сату бойынша ғана емес, мәдениет саласындағы жетістіктердің арқасында әлемдік жетекші позицияға шығуымыз қажет деп есептеймін. «Болашақ – жастардың қолында» дегенді жиі айтамыз. Расымен солай. Жастар мен балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға жүйелі тәсіл толық қолданылмайды. Дегенмен қазіргі кезде осы мәселе бойынша мақалалар шығып,  жұмыстар  жүргізілуде және едәуір жақсы нәтежиелерді байқадым.

     Екінші мәселе ұлттық мәдени құндылықтарымызды сақтап қалу қиынға түсіп отыр. Неліктен халық мәдени құндылықтарымызды жоғалытып отырық деп санайды? Өйткені жастар поп-музыка тыңдап, американдық брендтерді киіп, тіпті ойлау жүйесін өзгертіп жатыр. Екінші жағынан, қарт адамдар қазақ халқы ретінде жеке, ұлттық салт-дәстүрлерін, наным-сенімдерін жоғалтқысы келмейді. Осылайша, олар осы ұлттық құндылықтарды өз өмірлерінде сақтауға баса назар аударады. Сіздерде байқағаң боларсыз, Қазақстандықтар сатып алатын кітаптардың көпшілігі бизнес, астрология және одан басқа шетел кітаптары. Ал олар көретін фильмдердің барлығы дерлік американдық, қытайлық немесе түрік шытырман оқиғалы және экшн-фильмдер, концерттердің көпшілігінде поп-музыка. Сондықтан да мен ғана емес барлығы Қазақстанның мәдени құндылықтары құлдырауды бастан кешуде деп ойлайды. Ал кейбір, яғни жас ерекшелігіне байланысты әр-түрлі топтар үшін бұл сән немесе жай еліктейтін адамдар деген ойдамын. Бірақ, бұл тұжырымым көркем әдебиет кітаптарын мүлде қызық емес деген ой болмауы қажет. Қоса кетіп,ойымды нақтылай кетсем, біздің ұлттық мәдени құндылықтарымыз күнделікті өмірде дұрыс қолданылмайды.

...

Скачать:   txt (21 Kb)   pdf (208.8 Kb)   docx (118.6 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club