Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Компанияның тарихы, жетілуі және облыс дамуындағы алатын орны

Автор:   •  Май 17, 2018  •  Реферат  •  6,778 Слов (28 Страниц)  •  598 Просмотры

Страница 1 из 28

КІРІСПЕ

Кез-келген мемлекеттің дамуы көлік жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Өйткені жол жоқ жерде қайнаған өмір де жоқ.

Қазақстан Республикасында тас жол арқылы қатынау кеңінен қолданылады. Алайда, қатынас саласында аса маңызға ие тас жолдың сапасы шетелдік жолдарға қарағанда әлдеқайда төмен. Өйткені, елімізде жол сапасын тексеретін мамандар мен заманауи технологиясы бар зертханалар тапшы. Ал шетелде тас жол жасаудың озық технологиялары және жол салуға қажетті сапалы материалдар қолданылады.

Алайда соңғы жылдары Қазақстан тас жолдың сапасына көңіл бөле бастады. Алғашқы ұмтылыстан - ақ Ресей, Қырғызстан мен Украинаны жол салудан басып озды. Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингінде                        2015 жылы Қазақстан жол сапасы бойынша 144 елдің ішінен 117 - орын алды. Эксперттер 7 балдық жүйемен есептегенде Қазақстанның жолдарына                  2,7 балл қойды. Солай бола тұра, Қазақстанда жол салуға кететін шығын басқа елдерге қарағанда әлдеқайда көп [1].

Қазақстандағы тас жолдардың жалпы ұзындығы 128 мың шақырымды құрайды. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысы автомобильді жолдарының жалпы ұзындығы - 3051,6 км құрайды, соның ішінде: республикалық маңызы                         бар – 990 км; облыстық және аудандық маңызы бар – 2061,6 км.

Автомобиль жолдарындағы басты мәселе – жол төсеніштерінің ескіріп, тозуы. Облыстың көптеген автомобиль жолдарының бөлігі 1960-1980 жылдары салынған. Сол кездегі нормативтер алты тоннадан аспайтын болса, ол норматив қазіргі кезде он тоннаға дейін артып отыр. Мәселен, облыс жолдарымен аталған жүктемеден бірнеше есе артық ауыр жүк тасымалдайтын және жол төсеніштерін бұзатын көліктер жүреді.

Тас жол сапасын 5 техникалық дәрежемен есептегенде облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың басым бөлігі 4-ші техникалық дәрежеге жатса, ал кейбір ауылдық елді мекен жолдары 5-ші техникалық дәрежеге жатады. Бұл көрсеткіш автожолдар сапасының төмен екенін көрсетіп отыр. Облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың шамалы бөлігі жақсы жағдайда – 11%. Қалған жолдарды қанағаттанарлық жағдайда деп бағалауға болады - 49 % және қанағаттанарлықсыз жағдайда - 40 %.

Көлік қатынасының жиілігі, ауа райының және жолдың барлық қабаттарының сапасы автомобиль жолдарының жоғарғы қабатының тозуына әсер етеді. Сондай-ақ, жолдармен жүк көтергіштік қабілеті шамадан тыс жүк автомобильдерінің және шынжыр табанды техникалардың жүруі жолдарға айрықша кері әсерін тигізуде. Нәтижесінде жол төсемінде жолдың сапасын төмендететін сүрлеулер, жарықтар және кедір-бұдырлар пайда болып, жүргенде қолайсыздық келтіруде және көлік құралдарының жүруіне қауіп тудыруда. Автомобиль жолындағы жарықтар, автокөліктердің ізінен басылып төмендеген тегіс емес жерлер көлік қатынасына айтарлықтай зардабын тигізеді. Автокөліктердің ізінен басылып төмендеген жерлерге жиналған сулар автокөліктердің сырғанауына байланысты олардың қозғалысына үлкен қауіп келтіруде. Жол бойының жоғарғы қабатындағы үлкен ойықтар автомобиль жолының мерзімінен бұрын істен шығуына және жүргізушінің автокөлікті басқаруына кері әсерін тигізеді. Сондықтан жол апаты жиілеп, соның есебінен адам өлімінің артуы орын алады. Аталмыш жағдайлардың болмауы үшін жолды сапалы салып, оны уақытылы жөндеуден өткізіп отыру қажет [2].

Жолдың сапасын жоғарылату үшін сапалы және тиімді жол бетон қоспасын өндіру қажет. Ол үшін заманауи технологиялы жол бетон зауыттары мен жергілікті ресурстарды қолдану керек. Сонымен қатар, тас жол салу технологияларының қауіпсіздігіне басты назар аудару қажет. Себебі, өндіріс орнындағы жұмысшылардың қауіпсіздігі ең маңызды мәселе болып табылады. Тас жол салу технологияларының қауіпсіздік талаптарын                         орындау - адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі.

Тас жол сол салу - үйдің «еденін салу» емес, ол - бірнеше сатылы жұмыстардан тұратын күрделі процесс. Ең алдымен жол бетон массасын төсеуге дайындық жұмыстары орындалады, төселетін жердің климаты, жер бедері, грунтты – геологиялық жағдайлары, гидрологиясы мен гидрогеологиясы, топырағы, өсімдік пен жануарына дейін зерттеліп, барлық талаптарға сәйкестендіріліп салынады.

...

Скачать:   txt (83.3 Kb)   pdf (611 Kb)   docx (374.4 Kb)  
Продолжить читать еще 27 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club