Кенелерге қарсы қолданылатын күрес шараларының түрлері
Автор: GGG GGG • Март 6, 2021 • Контрольная работа • 381 Слов (2 Страниц) • 357 Просмотры
№6 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Кенелерге қарсы қолданылатын күрес шараларының түрлері.
Сабақтың мақсаты: Кенелерге қарсы қолданылатын күрес шараларының түрлерімен танысу.
Агротехникалық күрес шаралар негізінен профилактикалық алдын алу шараларынан тұрады, яғни ауыспалы егіс ережелерін сақтау, топырақты дұрыс өңдеу және тыңайтқыштарды дұрыс пайдалану, таза, сапалы тұқым пайдалану, сонымен қатар өсімдікті күтіп баптаудың, өсіріп, сақтаудың барлық ережелерін дұрыс орындаудан тұрады. Агротехниканың зиянды нематодаларға әсері әртүрлі бағытта дамиды, бірақ негізгісі ол зиянды организімнің тіршілік жағдайын өзгерту: кенелерге қолайсыз жағдай туғызу.
Механикалық күрес шаралары - әр түрлі механикалық құралдарды және қол кұрал саймандарды қолдана отырып кенелерді жою, олардың қозғалысына, өсімдіктерді залалдауына кедергі жасау, сонымен қатар өсімдіктің шіріген қабықтарын тазалау, ұяларды жою, өсімдік қалдықтарын жою.
Физикалық күрес шараларына кенелерді жасанды жарықтандыру арқылы тартып, кейін олардың көзін жою, заманауи физика жетістіктеріне негізделген жоғары және төменгі температураны, радиоактивті сәулелендіруді, төменгі қысымды (вакуумның), жоғары жиілікті тоқты және басқа құралдарды пайдалану.
Өсімдік карантині – елдің өсімдік байлығына басқа мемлекеттен аса қауіпті карантинді кенелерден қорғауға бағыталған мемлекеттік шаралар жүйесі, ал егер карантнді обьектілер енген жағдайда оларды оқшаулап, көзін жою. Карантинді обьект деп ел территориясында жоқ немесе аз таралған, бірақ еніп кету қаупі бар, өсімдіктерге және өсімдік өнімдеріне залал келтіретін кенелерді айтады.
Биологиялық күрес шаралары табиғи жауларды пайдалануға негізделген, фитофаг - кенелердің популяция санын азайтатын жыртқыш буынаяқтылар қатарын айтуға болады. Тек тетранихов кенелерімен 158 түрлі бунақденелілер, 70 түрлі кенелер және 15 түрлі өрмекшілер қоректенеді.
...