Жоңғар басқыншыларына қарсы күрес
Автор: araitleubaeva • Май 1, 2023 • Контрольная работа • 1,650 Слов (7 Страниц) • 220 Просмотры
Жоңғар басқыншыларына қарсы күрес
Жонғарлар Қазақ хандығының жерлерін жаулап алғысы келді.Осы мақсатта казақ жерлеріне шабуыл жасай бастады. Қазақтардың жоңғарлармен соғысы үзіліспен күз жылдан астам уақытқа созылды 1643 жылы кезекті қазақ- жонгар соғысы басталды. Жоңғар әскерлері казак хандығының аумағына кірді және Тянь-Шань тауының бөктерінде жерлерді басып алды.
1711 жылы қазақтар үш жүздің күшін біріктіріп жоңғарларға қарсы тойтарыс берді. Жоңғарлар шығыска шегінді. 1712жылы қазақ әскерлері Жоңғар хандыгынын шекарасына басып кірді.Бірақ азаттық күресінің алғашқы жетістіктері баянды бол мады. Өйткені Қазақ хандығында бірлік болған жоқ. Мұны пайдаланган жоңғарлар Қазақ жеріне кенеттен қайта басып кірді Жонғарлармен күрес күшейе түсті, себебі олар Сырдария өніріне шабуыл жасаған еді. Бұл аймақта үш жүздің қыстаулары мен қазақтарда рухани және саяси астанасы Түркістан орналаскан. 1722-1725 жылдары Жоңғарлар Түркістан Мен Ташкентті талқандады. Қазақ хандығы өте қиын жагдайға ұшырады.
Осы жылдар қазақ халқының тарихына Ақтабан шұбырынды деген атаумен енді. Қазактардың бір бөлігі Қазақ хандыгынан тыс жерлерге коныс аударды. 1726 жылы қазақ- тарды біріккен әскерлері жоңғарларга айтарлықтай жеңіліс әкелді. Бұл қазақ халқының Жоңғар хандыгымен ұзақ созылган, табанды тайталастағы үлкен жеңісі болды. Женіс қазактардың рухын айтарлықтай көтерді.
1729 жылдың көктемінде жоңғарлармен қазақ жасақтарының қиян-кескі ұрысы - Аңырақай шайқасы орын алды. Шайқасқа үш жүздің әскерлері бірігіп қатысты. Бұл ірі женіс болды, жоңғарлар басып алған Жетісу жерінен қуылды. Жоңғарлармен арадағы қанды қырғындарда қазақ халқының күшімен Қазақ хандығының аумақтық тұтастығы сақтап қалынды. Бірақ көрші мемлекеттер тарапынан төнген қауіп жойылған жок, ал Қазақ хандығы әлсіреп калды.
XVIIIғ.басындағы саяси жағдайдың әлсіреуінің негігі себептері
Аңырайқай шайқасынан кейін жауды түбегейлі біржола жеңудің ауылы алыс қалған жоқ еді. Бірақ тап осы кезде Жоғары мәртебелі Ұлы хан Болат кенеттен қайтыс болды. Ол орыннан үмітерлер арасында тақ таласы басталды. Бүкіл қазақтың Ұлы ханы болудан Әбілқайыр мен Сәмеке дәмелі болатын. Бірақ қазақ ақсүйектерінің тобы бұл ең жоғары лауазымды орынға іс жүзінде ешқандай айтулы қызметімен көзге түспеген Әбілмәмбетті сайлауды лайық деп тапты. Өйткені аймақтық билеушілерге билік басында күшті тұлғаның отыруы керек емес болатын. Сондықтан қазақтың біріккен әскери күштерінің бас қолбасшысы, Кіші жүздің ханы Әбілқайыр мен Орта жүздің ықпалды ханы Сәмеке әлгі шешімге риза болмай, өздерін қорлағандық санады да, әлі соғыс қимылдары жүріп жатқан аумақтан өз әскерлерін алып кетті. Сөйтіп Қазақстанның Ресеймен шекаралас жақтарына бірі солтүстікке, бірі солтүстік-батыс жаққа қарай көшті.Өкінішке қарай, зор қыиындықпен құрылған жалпықазақтық әскери жасақ аяқ астынан ыдырап шыға келді.
Әбілқайыр хан Ресеймен сауданы жөнге салуга үміттеніп, онымен келіс сөздер жүргізе бастады. Аңырақай шайқасынан кейін Әбілқайыр Ресейге елшілік жіберуге шешім қабылдады. Қазақ елшілері Ресей патшайымына өтініш берді. Coл өтініште. Кіші жүздін халқын Ресей бағынышына алуды сұрады. Ресей үшін қазақ жерлерінің қосылуы пайдалы болды, оған тауарын өткізетін нарық қажет еді. Ресей Қазақстан арқылы Орта Азия мен бай Үндістанға шыққысы келді. 1731 жылы патшайым Анна Иванновна Кіші жуз жерлерін Ресей бағыныштығына қабылдау туралы шешім қабылдады. Сол жылдан бастап казактың батыс жерлері Ресейдік құрамына өтті.Әбілқайыр хан мен тағы жергілікті Кіші жүздің 27 беделді билеушісі Ресей патшасына адал болуға ант берді. Бұл қазақ жерлерінің Ресейге қосылуының бастапқысы болды.
XVIII ғасырдың басында патшалық Россия қазақ даласында әскери бекіністерді салу арқылы өзінің әскери-отаршылық әрекеттерін бастады.Қазақ даласы
...