Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік саясат
Автор: 9574149020020801 • Октябрь 27, 2021 • Эссе • 856 Слов (4 Страниц) • 900 Просмотры
Орындаған; Бахыт Куралай
Тобы;Аударма және аударма ісі (6B02301)
Эссе
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік саясат
Сыбайлас жемқорлық деп жалпы бір сөзбен айтқанда белгілі бір дәрежеге жету үшін немесе қиын жағдайдан шығу үшін берілетін парақорлықты айтады .Менің ойымша қазіргі заманда жемқорлық пен парақорлық барлығынан басым.Мысалға айтатын болсақ әсіресе жасөспірім жастар ,пара беруді әдетке айналдырған десекте болады .Тек жастар ғана емес қоғамдық саяси қайраткерлер де жемқорлық парақорлықпен айналысатынын жоққа шығара алмаймыз .Сыбайластық жемқорлықтың соңы өте қайғылы жағдайларға ,немесе заң алдында жауап беруге,абақтыға тоғытылуға алып келіп соғады.Сыбайлас жемқорлықпен айналысатын адамдардың болашағы қараңғы болуы да ғажап емес .Жемқорлық мемлекеттік басқару құрылымындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс әрекеттері.Сыбайлас жемқорлық ол бүгін немесе кеше туған нәрсе емес ,ол заманның ағысы мен бірге өсіп тамырын тереңге салған індет деп ойлаймын.Қазіргі таңда біздің қоғаммымызды жаулаған бір індет деуге де болады.Адамдардың осындай жайттарды көре тұра сенімдері жоғалып шарасыз күйде қалғанын байқап жатамыз .Шындық әділдікке сенбейтіндей,сенімсіздікпен қарайтын жағдайға жеткен.Қазіргі таңда адамдар рухани игіліктен гөрі материалдық жағдайға көп мән береді . Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізден сыбайластық жемқорлыққа қарсы күресті қаншама рет қолға алсада тоқтар емес Адамдардың жауына айналған сыбайластық Жемқорлық көптеген адамдарға зардабын тигізуде. Сыбайластық жемқорлық тәрбиесіздіктен де туындайды тәрбиесіздік ол адамзаттың қас жауы болып табылады . Сыбайлас жемқорлық-бұл әлеуметтік-экономикалық, саяси және құқықтық сектор болып табылады .
Қылмыстың зияны мен теріс салдары тұтастай алғанда азаматтардың өмірінде,теріс әсер етеді, қоғамды әлсіретеді, экономикалық өсу мен елге баяулайды,дамуды бәсеңдету, әділеттілікті жоққа шығару және азаматтар мемлекеттік билікке сенуден қалады .Сенімді жоғалтудың көптеген кемшіліктері бар.Қез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын ,ұлттық қауіпсіздікке қауіп қатер әкелетіндігі күмәнсіз.Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдылықпен күресу болып табылады .Осы мақсаттағы жұмыстарды жүргізуге қолға алуға тағы бір серпін ретінде Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру,жөніндегі қосымша шаралар туралы Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы қолданысқа енгізілген .Бұл жарлық еліміздің құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып ,сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен және олардың пайда болуының алдын алуға жүйелі әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді деп ойлаймын.Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ .Қоғамның барлық күш жігерін біріктіріп осы дерттің одан әрі ушықпауы ұшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану керек және сол арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.Жемқорлықпен күресу еліміз үшін барлық Қазақстан Республикасының азаматтарының азаматтық борышы деп білемін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін жемқорлық ұғымының мазмұнын ,осы этностың әлеуметтік құбылыстың тарихи түп тамырын түсінбейінше ұғыну мүмкін емес .Сыбайлас жемқорлық ұіымы қазіргі ғылыми жүйе қоғамдық саяси әдебиетке кеңінен қолданылады.Сыбайлас жемқорлық сөзінің сан алуан көптеген мағынасы бар мысалға айтсам бүлдіру,азғыру,параға сатып алу,жолдан тайдыру,құлдырау,тыйым салынған іспен айналысу,құбылмалылық,істі бұзу тағы баска көптеген мысалдар келтіруге болады.Бұдан өзгеше латынша corruption параға сатып алу іріп шіру дегенді білдіреді. Сыбайлас жемқорлық туралы кең ауқымды мәліметтер антикалық дәуірдің мұрасында кездеседі.Саяси жүйе рухани өміріне күйретуші бұзушы жүйе ықпалы туралы ескерткен ,пайда күнемділік мемлекеттік басқаруда жол берілмейтін сыбайлас жемқорлықтың себептері Қазақстанда әлі сыбайлас жемқорлық деңгейі өте жоғары елдер қатарында болып саналады.Бұл әлемдегі болып сыбайласқан жемқорлық денгейін анықтайтын Transparency International ұйымының 2017-жылғы қортынды есенбінде көрсетілген болатын .Жемқорлық мемлекеттің қоғамның дамуына тежеу болатын ,болашағына кесірін тигізетін індет .Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша мемлекетте тұрақты өсу өркендеу болмайды. Сыбайлас жемқорлық бұл мемлекетпен бірге болатын ауру .Барлық емес бірақ адамдардың басым көпшілігі жемқорлықпен мемлекет күресуді қиянат деп ойлайды.Ал менің ойымша жоғары билік басында отырған азаматтарымыз үлгі болып ,өзінің жеке басының қамын емес ,мемлекеттің ісін өзіне берілген аманат іс секілді қарап өз жұмыстарын белсенді атқарып қоғамға жақсы жағынан пайдасын тигізсе деймін......
...