Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі стамбулдық іс-қимыл
Автор: Ардак Абдрахманова • Май 27, 2019 • Реферат • 8,722 Слов (35 Страниц) • 773 Просмотры
Мырзабеков Мади
Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі стамбулдық іс-қимыл
Мазмұны
Кіріспе.
Реферат өзектілігі: қазыргі кезде проблемалык дертке айналған мәселелердің бірі сыбайлас жемқорлық болып табылады . Ол тек біздің елде ғана емес көпшілік елдерде кездесіп отыр. Сыбайлас жемқорлық негізінен, көзге көрінебермейтін қылмыс. Сондықтан да оның ізіне түсіп, қолға ұстапалу қиын. Ол табиғатында құпия түрінде жүзеге асырылатын жымысқы қылмыстар қатарына жатады. Бұл қылмысқа адамдар өздерін материалдық тұрғысынан қанағаттандыру үшін барады.
.Жалпылап келгенде сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы - адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні анық.
Жасыратыны жоқ сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды, себебі бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда өкіметке, билікке деген сенімсіздік тудырады. Өкінішке орай, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты-бармақ басты әдет әлі де болса қалмай келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз.
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Кеңестер одағы кеңістігінде алғаш рет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдады, бұл заң жобасы арқылы жемқорлыққа қарсы күрестің негізі принциптерін анықтап, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың және оған байланысты жауапкершіліктің артылуының түрлері анықталды.
Жемқорлыққа қарсы стамбулдық іс-қимыл мемлекеттік қызметте мүдделік шиеліністің болу каупін тудыртпау мақсатында әкімшілік кодекс және тәртіптің әдеп қалыптарын қосады, осы әрекеттер нәтижесінде қызметкерлер арасындағы бір-біріне деген сенімділік, адалдық пен кәсіптіктің ең жоғары деңгейіне жетуін талап ететін мемлекеттік ресурстарды пайдаланды.
Реферат мақсаты :сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған стамбулдық іс-қимылдың негізін қарастыру
Реферат міндеті; жемқорлыққа қарсы күрес саласында нәтижеге жету үшін мынадай мәселелерді қарастырамыз;
1 сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жолын кесу шаралары
2 Мемлекеттік билік жүйесінде сыбайлас жемқорлықтын алдын-алу мен жолын кесу тиімді әдістері
3 Стамбулдық іс-қимыл жоспарының Мониторингі 4 Қазақстан ЭЫДҰ-мен бірлесе отырып жемқорлықпен күрес бойынша аумақты жұмыстарын анықтау
Реферат тарихнамасы. Реферат жазу барысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы стратегиясы: Қазақстан Республикасы Президентінің
2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген стратегияға жүгіндім ол жерде "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер қатарына қояды және мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды.Қазақстанның осы маңызды мәселе бойынша қағидаттық ұстанымын білдіретін еліміздің басты стратегиялық құжаты мемлекеттің алдағы жылдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізі болып табылады.Біздің елімізде қазіргі заманғы сыбайлас
...