Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жарамсыз және бұзылған жерлердің геоэкологиялық картасын жасау

Автор:   •  Апрель 12, 2022  •  Курсовая работа  •  4,886 Слов (20 Страниц)  •  291 Просмотры

Страница 1 из 20

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ…………………………………………………………................3

1

АРШАЛЫ АУДАНЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ  ЖӘНЕ ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАР МӘСЕЛЕСІ…............6

1.1

Ақмола облысы жерлерінің геоэкологиялық жағдайы............................6

1.2

Аршалы ауданының геоэкологиялық мәселелері.....................................7

1.3

Тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортаға тигізетін әсері...................8

2

ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ, ЖАҒДАЙЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ............12

2.1

Аршалы ауданының табиғи климаттық жағдайы...................................12

2.2

Тұрмыстық қалдықтардың алдын-алу технологиялары........................14

2.3

Аршалы ауданы жерлерінің мониторингі...............................................17

3

ЖАРАМСЫЗ ЖЕРЛЕР МЕН ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАР МӘСЕЛЕСІН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ  ШАРАЛАРЫ....

.....................................................................................................................21

3.1

Жақсарту әдістері және жолдары.…………………................................21

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………….............................................28

ҚОСЫМША………………………………………….............................30

КІРІСПЕ

Өзектілігі. Ақмола облысы жер ресурсы мол, даму болашағы зор республикадағы негізгі аграрлы аймақ болып саналады.  Ел басы Н.Ә.Назарбаев өзінің биылғы Қазақстан халқына жолдауында жақын болашақта агроөнеркәсіп кешенінің дамуына көп көңіл бөлінетіндігін атап өтті. Бұл жоспарды іске асыруда Ақмола облысының орны ерекше екені белгілі. Ол үшін әрине құнарлы топырақ, шұрайлы жайылымдар асыл тұқымды малдар қажет. Осы міндетті іске асыру үшін  қазіргі таңдағы Ақмола облысының ауыл шаруашылығы жерлерінің жағдайы қаншалықты талапқа сай келетіні маңызды, яғни оның сапасын анықтау арнайы мониторингтік  зерттеулерді қажет етеді.  

        Бүгінгі күні елімізде жел және су эрозиясына бейім жерлердің үлес салмағы басым. Олар 87,6 млн га (ауылшаруашылық жерлерінің 38%) құрайды, оның ішінде егістік жерлердің барлығы (22,1 млн га). Тұзды топырақтар 38,7 млн га алқапты, сортаңдар мен сортаңды кешендер 69 млн га, аса ылғалды жерлер 8,4 млн га, батпақты жерлер 2,1 млн га жерлерді алып жатыр.

        Жерлердің сапасына әр түрлі шикізат ресурстарын өндіру сферасындағы өндіргіш күштерінің дамуы, халық шаруашылығының барлық салаларының шаруашылық әрекеттері және жеке меншіктің әр түрлі формалары, сонымен қатар ел территориясындағы халық санының өсуі осының барлығы кері әсер етеді.

        Қазіргі кезде республика территориясында әр түрлі жерді пайдаланушылар 185,6 мың га жерді нашарлатып жіберген, оның 76,7 мың га жарамсыз болып қалған.

        Кейбір минералды тыңайтқыштардың құрамында улы заттар (нитраттар, фтор, кадмий және т.б.) болады, олардың өсімдіктерде шоғырлануы рұқсат етілген көрсеткіштен әлде қайда жоғары болуы оларды адамдар мен жануарлардың ағзалары үшін улы етеді.

Қазақстан Республикасының жер ресурстары бойынша Агенттіктің мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасының табиғи азықтық жерлерінің ауданы 188 млн гектарды құрайды, оның 183 млн гектары жайылымдар және 5 млн гектары шабындықтар. Қазақстан ТАЖ ауданы бойынша дүние жүзінде Австралиядан кейін (190 млн. га) екінші орын алады.

...

Скачать:   txt (68.6 Kb)   pdf (248.1 Kb)   docx (70.4 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club