Туған жердің экологиялық жағдайы
Автор: 980727400923 • Сентябрь 30, 2018 • Эссе • 574 Слов (3 Страниц) • 4,668 Просмотры
Туған жердің экологиялық жағдайы
Экология сөзін ести сала көз алдымызға атмосферадағы әртүрлі шаң-тозаңдар, түтін және қоқыстар мен қалдықтардың келетіні рас. Қазіргі кезде қоршған ортаны қорғау мен табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылып отыр. Өндірістің өсуіне қарай табиғаттан алынатын шикізатпен, олардың қалдықтар көлемі де арта түсетіні анық. Қоршаған ортаны өлтіру өзімізге өлім әкелетінін түсінеміз, алайда оған әрекет жасамаймыз. Неліктен? Бәлкім елдегі қатаң тәртіптің жоқтығынан дп шығар деп есептеймін.
Менің дүние есігін ашқан жерім ол – Павлодар облысы Екібастұз қаласы. Экология туралы сөз қозғағанда Павлодар қаласын айтпауға болмайды. Себебі, Қазақсатандағы ірі индустриялды орталықтарының бірі болып табылатын бұл қалада елімізге белгілі жылу электр станциясы «Экибастузская ГРЭС-1», мұнай өнімдерін өңдеу бойынша Республикадағы ірі кәсіпорындардың бірі – “Павлодар мұнай өңдеу зауыты” АҚ, тау-кен өндірісі келесі кәсіпорындармен көрінеді: “Богатырь Аксес Комір” ЖШС, “Майкубен Вест” ЖАҚ, сондай-ақ машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне, құрылыс заттарына бағытталған өзіндік көп салалы өнеркәсіптік кешені бар. Осындай ірі өнеркәсіп кешені бар қалада экологиясын таза деп айтуға келмиді. Олай болса Павлодар қаласының экологиялық жағдайы қазіргі күнде қандай жағдайда?
Статистикаға назар салсақ, Қазақстанда жыл сайын атмосфераға 4,5 млн тонна зиянды заттар таралады екен. Ауаны ластайтын қалдықтардың 4-тен бір бөлігін Павлодар облысындағы зауыттар шығарып отыр. Оның 98 проценті үш қаладағы – Павлодар, Екібастұз, Ақсу шаһарларындағы өндірістерге тиесілі. Павлодар облысының көпшілік ауданы көмір байыту кәсіпорындарының жыныстар үйінділеріне және жылу электрстанциялардың күл үйінділерімен бос емес болғандықтан, басым мәселелерінің бірі оларды рекультивация (жердің құнарлығын қалпына келтіру) болып табылады. Күл үйінділері айналысындағы аймақ батпақтануынан, жер асты сулар жер бетіне шыға бастады. Бұдан басқа, күлді территориялардың одан әрі шаңдануы жалғасуда. . Екібастұз көмір бассейннің қыртысты жыныстар үйінділері 10 мың гектардан астам жерді алып жатыр және 30–40-тан 100м дейін биіктіктігі бар. Олар табиғи ландшафтты бұзады және қоршаған ортаны ластайды. Екібастұз көмірі республикамыздағы өзіндік құны ең төмен көмір. Соның нөтижесінде жан-жақты игерілуде. Тас көмір болғанымен, күлі көп (орташа күлділігі 43%), сапасы төмен, өте ауыр байытылады және кокстеуге келмейді. Сондықтан да тек қана энергетикалық отын ретінде пайдаланылады
...