Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Рухани Жаңғыру Қазақстан Респубикасындағы сана мен ойлаудың жаңа моделінің стратегиясы

Автор:   •  Ноябрь 14, 2023  •  Реферат  •  1,067 Слов (5 Страниц)  •  210 Просмотры

Страница 1 из 5

Қазақстан-Ресей Медициналық Университет

[pic 1]

                                           БОӨЖ №7

Рухани Жаңғыру Қазақстан Респубикасындағы сана мен ойлаудың жаңа моделінің стратегиясы

                                     Тексеруші: Саяси ғылымдарының

Кадидаты Омарғазы Е.Е.

Орындаған: Бектемирова Сабира

Топ: 108-Б Жалпы медицина

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын Қазақстан Республикасының өңірлерінде іске асырылуы

                         Қоғамдық сананы жаңғыртуды мақсат еткен бұл бағдарламалық мақала тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ауқымды және терең мағыналы бағдарға айналды. 2017 жылдан бастап еліміз жаһандық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуге бағытталған еліміздің Үшінші жаңғыруын іске асыруға кіріскені белгілі. Бұған дейінгі мемлекеттік бағдарламалар саяси және экономиканы жетілдіруге бағытталса, «Жиырмасыншы ғасырдағы батыстық жаңғырудың үлгісі бүгінгі егемен қазақ еліне үлгі бола алмайды» деп атап өтті Елбасы, себебі «жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу». Елбасы бағдарламалық мақаласында ұлттық кодқа негізделген ұлттық сананың кемелдене дамуының екі қырын атап көрсетті: ұлттық сананың көкжиегін кеңейту және ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, таяу жылдарда нақты жобаларды жүзеге асыру. Осы тұрғыда, Мемлекет басшысы өмір өзектілігін заман талабымен ұштастыра отырып айқындап берген жалпыұлттық алты жоба қоғамдық сананың жаңғыруында маңызды орын алады.

                             Атап айтқанда, «Рухани жаңғыру» біртұтас ақпараттық порталы іске қосылды, «100 жаңа есім» жобасының ақтық кезеңі аяқталып, көпшіліктің дауыс беруі нәтижесінде жобаның 102 жеңімпазы анықталды. «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобалары бойынша 400-ден астам мәдени нысан қалпына келтірілді. «100 жаңа оқулық» жобасы қазақстандықтар тарапынан кең қолдауға ие болып, республикалық және өңірлік деңгейде көптеген нәтижелі іс-шараларға ұласты. Сондай іс-шараның бірегейі – Мемлекет басшысының қатысуымен өткен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша дайындалған кітаптарды таныстыру рәсімі. Іс-шарада Елбасының бағдарламалық мақаласындағы алға қойылған міндеттерді іске асыру аясында қазақ тіліне түпнұсқадан аударылған 18 оқулық таныстырылды. Бұл оқулықтар – еліміздің кітап қорын сапалы әлемдік ғылыми еңбектермен толықтыратын эксклюзивті гуманитарлық кітапхана қалыптастырудың алғашқы нәтижелері.

                           «Туған жер» жобасы – әр қазақстандықтың бойында патриотизмді, жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған бірегей жоба. Бір жылда «Туған жер» бағдарламасы аясында әлеуметтік 1500 нысан іске қосылып, әлі де жалғасын таба бермек. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында Отандық төл мәдениеттің заманауи жетістіктерімен тек қазақстандықтарды ғана емес, сонымен қатар халықаралық қауымдастықты да таныстыру мүмкіндігі туды. Қоғамда Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру жобасы кең талқыға ие болды. Қазақстан Республикасының бірінші Президенті 2017 жылғы 26 қазанда «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойды. 2018 жылдың 20 ақпанында аталмыш Жарлыққа Мемлекет басшысы тарапынан өзгерістер енгізу арқылы латын графикасының тиімді нұсқасы қабылданды. Мемлекет тарапынан атқарылып жатқан реформалардың қоғамда кең қолдау табуы елдің одан әрі дамуына аралық баға берумен қатар дамудың жаңа ұсыныстарын күн тәртібіне шығарады.

    Мәселен, «Еуразиялық интеграция институты» ЖШС жүргізген екі ірі әлеуметтік зерттеулерге сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  жеке тұлғасы мен беделі бастау алған реформалардың басты кепілі болып табылады. Бұл зерттеулердің нәтижелері «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы» және «Қазақстан Республикасының коммуникативтік саясаты: қазіргі жағдайы және перспективалары» атты көлемді екі ұжымдық монографияның шығарылуына негіз болды. Зерттеулер барысында тұрғындардың 90%-ы мен сарапшылардың 96%-ы «жаңғыру процестері мен этносаралық тұрақтылық пен келісімнің сәтті жүргізілуінің басты кепілі деген пікірге тоқталады.

...

Скачать:   txt (13.3 Kb)   pdf (140.1 Kb)   docx (501.2 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club