Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлем - бұл үздіксіз,үзіліссіз қозғалып,бізді қоршап жатқан бір сиқырлы да кем дүние

Автор:   •  Февраль 1, 2020  •  Эссе  •  480 Слов (2 Страниц)  •  621 Просмотры

Страница 1 из 2

Әлем - бұл үздіксіз,үзіліссіз қозғалып,бізді қоршап жатқан бір сиқырлы да кем дүние.

Өзінің ерекше қанық бояуларымен еліктіріп,қараған сайын тұнып тұрған ойға немесе басқа бір әлемге ертіп алып кететін секілді.Бірақ та, бұл кішкентай бөлшектерден құрылған дүниеге алақан жайып көз қырыңызбен зер салсаңыз,басқа бір ерекше сезімде болуыңыз мүмкін.Сонда бұл жерде қандай сезім орнамақ?Әрине,бірден ғашықтық,

махаббат сезімі дер едім.Себебі,ондағы тыныс - тіршілік:ағынды су,көк аспан,желбіріген жасыл желек пен қоғалы нудан басталып,шулаған қала мен зәулім ғимараттар өзін қызықтыра алатыны анық.Ал әлемнің басты элементі адам да,бұл дүниенің басты бөлшегі ретінде өзінің негізін қалауда.Міне,осы аталған тіршілік өзінше әлемнің бір ортасын,яғни мемлекетерді құрамақ.

Мемлекет дегенде,көз алдымызға бірден бір аумақта бейбітшілікті,тату,достық сезімдерімен тіршілік етіп жатқан бір қауым елестейді.Өзінің ерік жігерлі де талмас ұстанымы бар басшыдан басталып,адал да еңбекшіл халқымен аяқталмақ.Сондағы бұл өмір сүріп жатқан жандардың мақсаты - бір елдің астында туын тігіп,сол елдің дамуына үлкен үлес қосу,барлық жағдайларды жасау болмақ.

Мен кең құшағында дүниеге келіп,өмір сүріп жатқан мемлекет,ол - Қазақстан Республикасы.Қазақ елі ерте кезден-ақ өзінің бай тарихымен,көне мәдениетімен,көз майын алатын ерекше сұлу табиғатымен өзгелерден ерекшеленіп келеді.Жау қолына дес бермей,бір- бірінің көкірегін жерге түсірмей,тұтас ел болып өмір сүрген Қазақ халқы да - Қазақ елінің ажырамас бір бөлігі.Қазақ халқы қазіргі кезде еркін арманмен,еркін таңдаумен,еркін мақсатпен өмір сүріп келеді.Әрине,бұл талай еңбек еткен,тәуелсіздік деп ұмтылған,қасық қаны қалғанша жанын беріп күрескен ата- бабаларымыздың арқасында.Ал қазіргі кезде бұл міндетті керемет басшы және ар - намысты халқы жалғастырып келеді. Уақыт өтіп,таң атып,күн батуда.Ескі

...

Скачать:   txt (6.6 Kb)   pdf (35.2 Kb)   docx (8.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club