«Сандықтас» шаруа қожалығы жағдайында арпаның оптималды себу мерзімін анықтау
Автор: berik-n96 • Май 28, 2018 • Курсовая работа • 10,841 Слов (44 Страниц) • 1,399 Просмотры
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі.Қазақстан Республикасының географиялық орналасуына қарай әр түрлі ауа-райы және топырақ климат жағдайымен ерекшеленеді. Республикамыздың солтүстік облыстарында арпаны азықтық және мал азығына арнап өсіріп-өндіреді. Сыра дайындауға арналған арпа сорттары негізінде еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында егіледі. Әр аймақтың климат ерекшеліктеріне қарай арпа дәнінің пайдалану бағыттарының талаптарына сай келетін сорттар мен тізбектерді сұрыптау көптеген мәселелердің шешімі. Қазақстанның Әлемдік Сауда ұйымына ену үшін жоспар мен бағдарлама аясында өндірушілердің алдына бәсекеге қабілетті және арзан өнім шығару міндеті қойылған.
Ауыл шаруашылығындағы жалпы егістіктің көлемі 2016 жылғыкөрсеткіштер бойынша 16785,2 мың га. жерді құраса, ал астық тұқымдас дақылдардың егістік көлемі 13208,7 мың га. оның 2,0 миллионға жуық гектар жері арпа дақылына тиесілі. Бұл жерлердің 10 пайыздан астамына күздік арпа сорттары егілсе, ал қалғанына жаздық арпа сорттары егілуде.
Шығыс Қазақстан облысындағы арпаның егістегі көлемі 81,0 мың га немесе астық тұқымдастарының 17,2% алады. Шығыс Қазақстан обылысында арпа өнімділігі бидаймен салыстырғанда 1,5 есе жоғары келеді. Бірақ шаруашылықтар өнімді басқа аймақтармен салыстырғанда 2-3ц/га –өнімді кем алады. Қазіргі экономкалық жағдайда жергілікті тауар өндірушілер Солтүстік және Орталық Қазақстанмен толық бәсекеге түсе алмады. Аталмыш, қалыптасқан жағдайдан шығудың жалғыз жолы ол өнімділікті жоғарлату.
Шығыс Қазақстан облысы жағдайында жоғары сапалы тұқым алуға мүмкіндік бар. Бірақ, арпа өнімділігін төмендететін факторлар жетерлік. Ол аймақтың агроклиматтық жағдайы (тәуліктік ауа температурасының вегетациялық кезеңдерде күрт ауытқуы, климаттың құрғақтығы) және өсімдіктің саңырауқұлақты ауруларға шалдығуы.
Қазіргі кездегі қалыптасқан экологияның өзгеруі салдарынан жылдан жылға ауа райының өзгеруі жаздық арпаны егудің оптималды мерзімін белгілеу қиынға соғуда, ауа райының құбылмалдылығы, ылғалдың жеткіліксіздігі, желді күндердің көбеюі және т. б. факторлар бар.
Осы мәселені оңтайландыру үшін дипломдық жұмыстың мақсаты –«Сандықтас» шаруа қожалығы жағдайында арпаның оптималды себу мерзімін анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Жаздық арпаны егу мерзімдеріне қарай толық фенологиялық бақылау және салыстырмалы есеп жүргізу;
- Бір гектарға егілген арпаның арамшөптермен ластану деңгейін бақылау;
- Cебу мерзіміне қарай арпаның алынған өнімін анықтау
- Зерттеу нәтижелерінің экономикалық тиімділігін есептеу.
Дипломдық жұмыс компьютерлік мәтін ретінде терілді. Кіріспе, әдебиетке шолу, негізгі бөлім (ғылыми әдебиеттерге шолу, шаруашылыққа сипаттама, зерттеу әдістемесі және зерттеу құрылымы, экономикалық тиімділігі, еңбек қорғау), қорытынды, тұжырымдама, қолданлыған әдебиеттер, қосымша бөлімі қарастырылды. Қолдан терілген материалдар - 61 бет, 7 - кесте, қолданылған әдебиеттер саны – 58, сурет – 4.
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Жаздық арпа. Арпа – маңызды біржылдық малазықтық, азық-түліктік және техникалық дақыл. Жалпы Қазақстанда негізгі дәнді жемшеп дақылдарына жатады, олардың егіс көлемі соңғы жылдары 3,4 млн. га құрады.
Солтүстік Қазақстанның көптеген аудандарында дәнді дақылдардың ішінде арпа барынша өнімді және арзан құнарлы мал азығы болып табылады. Арпаның 1 кг дәнінде 1,2-1,3 азық-тық өлшемімен 100 г дейін сіңімді протеин бар[1].
Арпа дәнінен (негізінен жалаңаш дәнді сорттарынан) арпа жармасын дайындайды, нан өндірісіне жарамды формалары анықталды. Құрамында ақуызы аз арпа негізінен сыра қайнату өндірісінде маңызды шиқізат болып табылады.
Қазақстан Республикасында 5,6 млн. га астам жерге, ал Солтүстік Қазақстан аймағындағы облыстарда орта есеппен 0,5; арпа себіледі[2].
Мәдени арпа Ногdeum saltivum L. туысы 50 астам түрлерді біріктіреді, олардың ішінде диплоидты (2п=14), тетраплоидты (2п=28) және гексаплоидты (2п = 42) арпалар бар. Біржылдық және көпжылдық формалары белгілі. Барлық мәдени арпалар диплоидты. Шаруашылықтағы ең көп тараған түрі Ногdeum vulgare. Бұл жаздық және күздік формада дамитын біржылдық өсімдіктер. Масақ сабақшасында орналасқан жемісті масақшаның санына қарай олар үш түр тармағына бөлінеді: көпқатарлы, қосқатарлы, аралық. Арпаның көпқатарлы түр тармағы екі қатарлыға қарағанда тез піседі[3].
...