Қазақстан Республикасы экономикасының заманауи күйі
Автор: kery • Февраль 24, 2019 • Курсовая работа • 8,995 Слов (36 Страниц) • 762 Просмотры
МАЗМҰНЫ
- ЖАЛПЫ БӨЛІМ
- Қазақстан Республикасы экономикасының заманауи күйі
- Кәсіпорынның жөндеуші қызметінің ұйымдастырушылық құрылымы
- Кәсіпорынның бөлімшесінің сипаттамасы
- Энергатикалық шаруашылықтың техникалық қызмет көрсету және жоспарлы ескертуші жөндеуінің жүйесі
- ЖЕЖ кестесі
- ТЕХНИКАЛЫҚ –ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕ
- Жөндеуші және қызмет көрсетуші персоналдардың санының есебі
- Өндіріске жалпы шығындардағы энергетикалық құраушыны есептеу
- Еңбекақының жоспарлы жылдық қорын есептеу
- Электр энергиясына шығындарды есептеу
- Жабдықтың амортизациялық аударымдарын есмептеу
- Цехтің жөндеу қорын есептеу
- Өзге шығындарды есептеу
- Техникалық-экономикалық көрсеткіштер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ
1.ЖАЛПЫ БӨЛІМ
- Қазақстан Республикасы экономикасының заманауи күйі
Отандық экономиканың дамуындағы күрделі кемшіліктерге қарамастан, нарықтық жүйедегі шаруашылықтың артықшылықтарын даусыз екенін жоққа шығаруға болмайды. Нарықтық экономика жағдайында жаңа әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастар құрылуда. Олар өзара тығыз байланысты нарықтың қалыптасуын және сатып алу-сату рәсімдеріне қазмет көрсетуді анықтайды және кеңейтілген қайта өндірістің барлық элементтерінің теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Нарықтық қатынастар жағдайында еркін кәсіпкерлікке тән және мемлекет тарапынан өндіріске және шығарылған өнімге, экономикалық көрсчеткіштер жүйесіне бақылау жоқ кәсіпорындар үнемі өзгерістерге төзіп отырады.
Тарихи тәжірибе халықтың өмір сүру деңгейін арттырудың жалғыз әрі тиімді жолы экономиканың өсуі екенін көрсетуде. Бұдан шығатын қорытынды – экономиканың өсу қарқыны неғұрлым жоғары болса, халықтың өмірінің деңгейінің арттырылуы соғұрлым жылдам болады және керісінше.
Экономиканың жоғары өсу қарқындары елдерге өз капиталдарын денсаулық сақтау үшін, білім алу және өзге де адами мұқтаждықтарға салуға мүмкіндік беретін байлыққа әкеледі, бұл экономикалық өсудің әрі жалғасуы үшін өте қажет дүниелер.
Тәуелсіздікке қол жеткізген уақыттан бастап туындаған өндіріс көлемінің күрт қысқаруы республикамызда халықтың өмір деңгейінің төмендеуіне әкеп соқтырды.
Заманауи нарықтық экономика күрделі организм іспеттес, ол нарық деген бірыңғай ұғыммен біріктірілген және бизнестік қүұқықтық нормалары жүйесінің көрінісінде алуан түрлі өндірістік, коммерциялық, қаржылық және ақпараттық құрылымдардан тұрады.
Қазақстанда қалпына келу кезеңінің тікелей мақсаты өндірістік үдерісті қалпына келтіру негізінде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу болып табылады, Тек осы қалпына келтіру кезеңінде шынайы ресурстар мен экономиканың тұрақты экономикалық даму режиміне ауысудың алғы шарттары болуы мүмкін. Әлемдік нарықта Қазақстан мұнай, газ, түсті және сирек металладар, уран және астық экспортшысы ретінде танымал. Қазақстанның даму үлгісін таңдау – ұлттық экономикалық саясатты қалыптастыруға халықаралық ұйымдардың және шетелдік кеңесшілердің әсер ету нәтижесі. Негізгі проблемалардан шығу және елді тұрақты даму траекториясына бекіту шикізаттық бағыттылықты бастан өткеріп, ұлттық экономиканың кезекті диверсификациясы қажет.
Бүгінгі таңда Қазақстанның дамуы классикалық экономикалық сценарий бойынша жүзеге асырылуыда, себебі салыстырмалы экономикалық артықшылық ірі пайдалы қазбалардың бар болуымен сипатталады.
Қазақстанның экономикалық әлеуетінің бағасы оның бүгінгі экономикасының даму деңгейін тұрақсыз, алайда елді әлемдік шаруашылыққа толққанды және тиімді біріктіру үшін белгілі бір задаткасы бар ретінде сипаттайды. Қазақстанда көптеген ірі табиғи ресурстары бар елдерде іспеттес, оларды әзірлеу экономикалық өсу траекториясына шығу кезінде ынтымақтығы бола алады. Өзіңнің шикізаттық ресурстарыңды өңдеу шикізатты импорттаудың шығындарын айтарлықтай төмендетуге және инвестициялық, тұтынушылық тауарларды сатып алу үшін қосымша қаражаттарды босатуға, сондай-ақ сырттағы қарыздарды өтеуге мүмкіндік береді.Шикізаттың көмегімен сонымен қатар экспорттық қажетті деңгейін ұстап тұруға болады.
...