Биотехнологияны негізгі бағыттары және анықтамасы
Автор: Раймбек Керимханов • Апрель 17, 2018 • Контрольная работа • 17,060 Слов (69 Страниц) • 1,540 Просмотры
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
"Тағам өндірісі" факультеті
«Тағамдық биотехнология» кафедрасы
5В070100 – Биотехнология мамандығы үшін
BN2301 «Биотехнология негіздері» пәнінің
ТӘЖІРИБЕЛКІ САБАҚТАР
Алматы, 2017
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА ҰСЫНЫЛЫТЫН ТАҚЫРЫПТАР ТІЗБЕСІ.
1 тәжірибелік сабақ тақырыбы: Биотехнологияны негізгі бағыттары және анықтамасы.
2 тәжірибелік сабақ тақырыбы: Гендік инженерияның тәжірибелік маңызы.
3 тәжірибелік сабақ тақырыбы: Гендік инженерия əдістерінің мазмұны.
4 тәжірибелік сабақ тақырыбы: Тірі жасушаларды өсірудің негізгі бағыттары.
5 тәжірибелік сабақ тақырыбы: Денелік (сомалық), ұрықтық жəне діңгек жасушалары.
6 тәжірибелік сабақ тақырыбы: Ақуыздар құрылымы.
7 тәжірибелік сабақ тақырыбы: Иммобильденген ферменттер дайындау.
8 тәжірибелік сабақ тақырыбы:Антигендер мен антиденелер.
9 тәжірибелік сабақ тақырыбы: Микроағзалар қолданылатын өндірістер түрлері.
10 тәжірибелік сабақ тақырыбы: Сүт өнімдерін алудағы технологиялық үрдістерге қойылатын талаптар.
11 тәжірибелік сабақ тақырыбы: Қоқыс қалдықтарын биотехнологиялық жолдармен тазарту.
12 тәжірибелік сабақ тақырыбы: Дəрумендер мен амин қышқылдарын өндіру.
13 тәжірибелік сабақ тақырыбы: Ақуыз терапиясына альтернативті жаңа технологияларды медицинада қолданудың мүмкіндіктері.
14 тәжірибелік сабақ тақырыбы: Жекелеген өсімдік ұлпаларын жасанды қоректік ортада өсіріп-көбейту.
15 тәжірибелік сабақ тақырыбы: Биотехнология жетістіктерін өсімдіктер өнімділігін жоғарылатуда пайдаланудың маңызы.
1 тәжірибелік сабақ тақырыбы: Биотехнологияны негізгі бағыттары және анықтамасы.
Биотехнологияны, оның даму тарихы мен жеке өндірістік технология ретінде, биологиялық ғылымның өзіндік бағыты ретінде қалыптастыруымен байланыстыра қарау керек. Биотехнологияны, оның негізгі позициясымен, және осы пән объектісінің позициясымен қарау керек. Биотехнологияның негізгі объектісі больш тірі жасушалар, атап айтқанда жануар, өсімдік жасушалары текті және микробтар немесе олардың биологиялық активті метаболиттері, шаруашылықтағы бағалы жануарлардың түрлері және өсімдік сүрыптары болып табылады.
Алғаш рет биотехнология термині 1917 жылы К. Эреки шошқаларды қантты қызылшасымен қоректендіру кезінде, олардың өнімдерінің жогарылауы, жасалған жүмыстарының нәтижесінде берілген. Ол: "Биотехнология - бүл шикізат материалдарынан, жануарлар организмдерінің көмегімен әртүрлі өнімдерді өндірумен жүретін жүмыстардың барлық түрі" - деп жазды.
Жаратылыстану - техникалық гылымның, биотехнология- лық ғылымның, биологиялық ғылымның, жасуша биохимиясы мен генетикасының даму барысында биологиялық объекті- лерді қолдана отырып, технология жетілді, күрделенді және кеңейді, өндірістік масштабта (сүт, спирт зауыттарда, тері- былғары мекемелері және т.б.) мамандандырылган өндірістер пайда болды, жасушалық инженериядагы жетістіктер негі- зінде жасуша дақылдарын қолданумен жаңа технологиялар өңделеді. Әрине, тарихи жоспарда, биотехнологияның даму барысында биотехнология ғылым ретінде, мәнін анықтауда толықтырулар және тиісті өзгерістер әрдайым болып түрады.
Сондықтан, уақыт келе биотехнологиялык өндірістердің ондіріс масштабында пайда болуы, биотехнология гылымы ретінде өндіріс әдістері мен технологияларын, жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдерді қолдану мен ауыл шаруашылық және басқа да онімдерді тасымалдау, сақтау және қайта өңдеуден анықтама береді.
Өткен ғасырдың 80-шы жылдарында Еуропалық биотехнологиялық федерация биотехнологияны тіндік дақылдар мен микроорганизмдердің пайдалы жақтарын өндірістік қолдану үшін биохимиялық, микробиологиялық және химиялық технологияларды біріктіріп қолдану ретінде анықтады.
...