Шопенгауердің әлемдік еркі
Автор: Нурайлым Ошакбай • Октябрь 10, 2022 • Доклад • 511 Слов (3 Страниц) • 260 Просмотры
Орындаған: Ошақбай Нұрайлым
МФОК-222
Шопенгауердің әлемдік еркі
Артур Шопенгауер Данциг қаласында өмірге келген, отбасылық жағдайы бар саудагерлер отбасында өмір сүрді. Философиялық білімді Геттинген мен Берлин қалаларында алды. Оның ең ауқымды еңбегі «Дүние ерік пен елестету ретінде» . Оның өмірі жалғыздықта өтеді, оның лекциялары ешкімді аса қызықтырмады десе де болады. Танымал бола бастаған уақыты ХХ ғасыр шамасында.Оның түсінігі бойынша «ерік» сөзін дүниені түсінуде негізге алып мағынасын ашуға мән берді. Шопенгауэр философиясының негізгі арқауы, жан-жақты бастамасы – ерік деп сипаттама берді. Ол үшін ерік – абсолютті бастама, бүкіл дүниедегі бар заттар мен құбылыстардың түп-тамыры, қайнар көзі, түп негізі деп есептеді. «Ол шынайы философия материалистерінің іліміндегі объектіден немесе идеалистердің іліміндегі субъектіден басталмайды, сананың алғашқы сатысы түсініктен басталуға тиіс» дейді. Шопенгауэр философиясы өз заманында ескерілмей, тек ХХ ғасырдың ортасына қарай таралып, иррационализмнің дамуына әсер етті. Шопенгауердің ойынша, зардапқа толы дүниенің негізгі күнәкары - әлемдік еріктің өзі. Бірақ оның санасы болмағаннан кейін, ол өз істеріне жауап бере алмайды, тек қана мәңгілік бір трагедиядан өтіп, екіншіге т.с.с. ауыса береді деген түсінік берді. Бұл арадағы бір үміт - әлемдік ерік сананы тудырған ғарышты дүниеге әкелді. Miнe, дүниенің ажырамас бір бөлігі ретіндегі адамдардың өзі ғана сол әлемдік ерікке қарсы шығып оны таратуы керек, сонда ғана дүниенің зардабы тоқтатылады. Ол үшін адам өзінің өмірлік күш-қуатын, өз бойындағы еркін сол дүниені тудырған әлемдік ерікке қарсы қоюы қажет. Ал мұның өзі ең алдымен адамдардың философиялық таным арқылы әлемдік еріктің терең мәнін зерттеп-білуімен тығыз байланысты. Содан кейін адам екі сатыдан өтуі керек. Алғашқысы - эстетикалық аңдау, соңғысы - моральдық жолмен жетілу деп жазды өз еңбегінде.Эстетикалық аңдауға келер болсақ, Шопенгауер Канттың айтып кеткен пікірін қолдап, оның риясыздығына аса көп көңіл бөледі - онда ешқандай өзімшілдік сезім, я болмаса пайдақорлық ойлар, мүдделер болмауы керек. Өнерді игерудің негізгі мақсаты - адамның жан-дүниесін өзімшілдіктен шығатын зардаптан құтқарып, оны тыныштыққа бөлеу. Өнердің түрлерін талдай келе, Шопенгауер мүсін мен сурет - кеңістіктің, ал әуен мен поэзия - уақыттың шеңберінде ғана өмір сүре алады дейді.Әлемдік Ерікпен күрестің екінші жолы - этикалық. Егер дүниедегі барлық зардаптың түп-тамыры Ерікке барып тірелсе, оны жою моральдық жағынан алып қарағанда - ақталатын нәрсе. Ал адам саналы пенде ретінде өз ішіндегі ерікті жою арқылы әлеуметтік Ерікті тарата алады. Ол үшін Шопенгауер адамдарға «категорикалық императив» ұсынады: «өзіңе қалайтынның бәрінен де бас тартып, қаламайтыныңды жаса». Бір қарағанда, ол ақылға сыймайтын нәрсе сияқты. Бірақ оның негізінде жатқан мағына мынада: ол - адамның өмірге деген қызығушылығын, соған бағытталған еркін сөндіру.Негізгі шығармасы “Ерік және түсінік ретіндегі әлем”. Шопенгауэр диалектика мен тарихилыққа, әсіресе, Гегельдің панлогизміне қарсы шығып, И.Кантқа бет бұрып, кантшылдықты платонизммен және волюнтаризммен ұштастырды. Шопенгауэр ілімінде “дәйекті негіз заңы” объектінің формасы болады және ол болмыс заңы, себептілік заңы, логиканынң негіз заңы және мотивация заңы болып төрт түрде көрініс табады. Шопенгауэр философиясы өз заманында ескерілмей тек 20 ғасырдың орта кезінде таралып, иррационализмнің дамуына әсер етті. Шопенгауэр медицина, астрономия, физика, химия, философия салаларынан жан-жақты білімді болған. Неміс, ағылшын, латын, француз, италян, испан және латын тілдерін жетік меңгерген. Жалпы Шопенгауер философия саласында ойып тұрар орны бар тұлға екенін естен шығармауымыз керек. Болашақта болатын яғни ХХ ғасырда пайда болатын қайшылықтарды, сонымен қоса адам тағдырына байланысты аса маңызды ойларды айтып, өмір философиясының негізін қалап кетті десек болады.
...