Әлемдік-тарихи үдерістер мән-мәтініндегі Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Автор: merei.tuyakova • Сентябрь 25, 2020 • Эссе • 668 Слов (3 Страниц) • 2,535 Просмотры
Эссе
№1 БОӨЖ.
Пәнге кіріспе
1)Әлемдік-тарихи үдерістер мән-мәтініндегі Қазақстанның қазіргі заман тарихы.
2)Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихи деректері мен тарихнамасының талдануы.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі даму кезеңінің тарихын қазіргі уақытта отандық ғалымдар да, шетелдік ғалымдар да құлшына зерттеуде. Жаңа мемлекеттіліктің орнауы, президенттік институттың орнығуы мен эволюциясы билікті бөлісу жүйесін дамыту, қоғамды демократияландыру, партиялық құрылымның эволюциясы, мемлекеттік-құқықтық жүйе мен сот жүйесінің қалыптасуы, проблемасы бойынша бірқатар еңбектер бар. Ұлттық бірегейлік мемлекеттілікті нығайту барысындағы, этносаралық үйлесімді қатынастарды қалыптастыру мәселелері талқылануда.
Ежелгі Қазақ жерінде мекендеген ертедегі халықтар туралы тарихи мәліметтер халық ауыз әдебиетінде, эпикалық дастандарда, байырғы тұрғындар мен оларға көршілес халықтардың жазба деректерінде сақталған. Көне жазба деректерінің бірі – зороастризм дінінің басты кітабы Авеста болып табылады.
Қазақстан тарихының ежелгі кезеңдері туралы маңызды деректер б.з.д. ІІ ғасырға Жетісу жерінде болған Чжан Цянның мәліметтерінде, Қытай тарихының «атасы» деп танылған Сыма Цянның «Тарих жазбаларында» және Бань Гудың «Цянь Ханышу» еңбегінде кездеседі.
Орта ғасырлық Қазақстан туралы тарихи деректермен араб тарихшысы Ибн әл Факихтың, ХІІ ғ Қазақстан территориясы арқылы өткен саяхатшылар Плано Карпини, Гильом Рубрук, Марко Поло еңбектерінен де танысуға болады.
Қазақстан тарихының маңызды кезеңі – Қазақ хандығының құрылу тарихы туралы Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди», Ибн Рузбеханның «Бұхар қонағының жазбасы», Қадырғали Жалайырдың «Жылнамалар жинағында» жан-жақты баяндалған.
Қазақстан тарихын зерттеуде Ресей ғалымдарының қосқан үлесі өте зор. 1768-1774 жылдары Қазақт жерін П.С.Паллас басшылық еткен Ресей Ғылым Академиясының экспедияциясы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл экспедицияға И.П.Фальк, И.Г.Георги сынды ғалымдар қатысты. Орыс тарихшысы А.И.Левшинді «Қазақ халқының Геродоты» деп Ш.Уәлиханов атаған болатын. Ол «қырғыз-қызық немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» атты іргелі еңбектің авторы. Қазақстан тарихының көптеген күрделі мәселелері белгілі шығыстанушы ғалымдар В.В.Вельяминов-Зерностың «Қырғыз-қайсақтар туралы тарихи мәлеметтер» және В.В.Бартольдтың Қазақстан тарихына қатысты жазған «Жетісу тарихының очерктері», «Түркістан тарихы» деген еңбектерінде талданады.
Қазақстан тарихы туралы аса құнды ылыми мұраны, оның ішінде көшпенділердің саяси өмірі, әлеуметтік құрылым ерекшеліктері, қазақ халқы мен басқа да түркі халықтарының шығу тегі туралы, олардың өміріндегі исламның рөлі, ұлт-азаттық күресі жайлы мәліметтерді Шоқан Уәлиханов қалдырды. Ол өзінің «Абылай», «Қырғыз шежіресі», «Алтышардың жағдайы», «Даладағы мұсылмандық туралы» және т.б.көптеген ғылыми еңбектерін жазды.
Қазақстан тарихы үшін Абай шығармаларының да баға жетпес құндылығы бар . Қазақ жері мен қазақ халқының тарихына қатысты қалдырғаны белгілі . Зиялы қауымның жетекшілерінің бірі Ә . Бөкейханов еңбектерді ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларының өкілдері жазып «Қазіргі кездегі ұлттық қозғалыстың түрлері» деген жинақта қазақтар туралы тарихи - этнографиялық очерктер , « Кене сары сұлтанның тарихына материалдар » деген және басқа да зерттеу еңбектерін жазды . 1911 жылы Орынборда Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түркі , қырғыз - қазақ һәм хандар шежіресі» деген еңбегі басылып шықты . Қазақ халқының тарихы туралы құнды деректік мәліметтер белгілі қоғам қайраткері М.Тынышбаевтың , « Қырғыз - қазақ халқының тарих ының материалдары » атты жинағына енген Кеңес өкіметі тұсында қазақ халқының тарихының күрделі мәселелерін зерттеген ғалым , ММУ - нің ( МГУ ) профессоры Санжар Асфендияров 1935 ж . « Ежелгі дәуірден бергі Қазақстан тарихы » деген ғылыми еңбегін жарыққа шығарды . Қазақстан тарихшылар кәсіби мектебінің қалыптасуына Ресей тарихшы лары А.Панкратова , М.Вяткин , Н.Дружинин сынды т.б. ғалымдар көп қызмет етті . Олар Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстанға келген болатын . Сөйтіп , Қазақстан ғалымдарымен қоян - қолтық жұмыс істеді , соның ішінде қазақ тарихшысы Е.Бекмахановпен бірге 1943 жылы көне заманнан бергі « Қазақ ССР тарихы » дайындалып , жарыққа шығарылды . 1952 жылы Е.Бекмаханов « ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан » ( 1947 жылы жарық көрген ) атты еңбегінде Кенесары Қасымұлы көтерілісіне қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысы ретінде объективті баға бергені үшін « буржуазияшыл ұлтшыл » деген жалған айыппен тұтқындалып , 25 жыл бас бостандығынан 3 айырылды . ы Қазақстан тарихы ғылымының үлкен жетістігі - 1977-1980 жылдары pi « Қазақ ССР тарихының » бес томдығы жарыққа шықты . Ол маркстік - лениндік идеология тұрғысында , таптық көзқарас негіздегі саяси идеологиялық тар шеңберде жазылды . 1980 жылдардың екінші жартысында Қазақстан егемендігі үшін бастал ған қозғалыстар 1988 жылы Қазақстан Компартиясының Ок қаулысымен Кеңес өкіметі тарапынан « буржуазияшыл - ұлтшылдар » ретінде қуғын - сүр Пінге түскен ұлттық интеллигенция өкілдері ақталды . Олар : Ә.Бөкейханов , А.Байтұрсынов , Ш. Құдайбердиев , М.Дулатов және т.б. 1991 жылы Қазақ станның жетекші тарихшы ғалымдарының күшімен « Қазақстан тарихының ақтаңдақтары » жинағы басылып шықты .
...