Қатайған қанат
Автор: Сагира Изимова • Май 23, 2019 • Лекция • 2,167 Слов (9 Страниц) • 473 Просмотры
Қатайған қанат.
«Социалистік Қазақстанның» былтырғы бірнеше номеріне әдебиетшілер қауымына бұрыннан аты мәлім бір автордың қазақ әдебиеті жағдайында соны тақырыпты қозғаған жаңа шығарманың үзінділері жарияланып еді. Әлбетте, тұтас туындыны үзіндіге қарап бағалауға, ол туралы тұжырымды кесім айтуға болмайдығой. Дегенмен, бір нәрсе ақиқат тәрізді еді. Ол – автордың ертелі-кеш қалам тимеген өмір материалын алып, қызықты мәселені қозғағанында жатыр.
Социалистік интернационализм сарыны қазақ совет әдебиетіне әуелден де жат емес еді.Халықаралық оқиғалардың талайы ондаған өлең, поэмалары мен очерк, әңгімелерге желі болып тартылғаны, сөйтіп ұлттық әдебиетіміздің мазмұн өрісі кеңейе түскені әдебиеттен азды- көпті сауаты бар адамдардың қай-қайсысына да аян шындық.
Осы тұрғыдан алғанда жазушы Жәрдем Тілековтың өткен жылы үзінді күйінде жарық көріп, артынан жеке кітап болып басылған «Жоңғар даласында» атты романы елеулі шығарма деп санау керек.
Мен Жірдемді ертеректен білемін. «Атырау толқыны», «Сырым батыр», «Ақсұр ата». Бұл оның поэзия саласындағы көлемді дүниелері болатын.
Елуінші жылдардың бас кезінде ол прозаға ауысты. Тұңғыш повесі «Қайнар» оған олжа сала алмады. Ал, «Жоңғар даласында» жұртшылық назарын бірден аударды.
Романда Синьцзян халықтарынаң 1944 - 1949 жылдардағы ұлт- азаттық қозғалысының алғашқы кезеңі суреттеліп, Іле, Алтай және Тарбағатай округтерінде өрістеген оқиғалар қамтылады. Оқиғаға коммунистік, демократиялық басшылықтың (Ахмеджан, Қасыми, Сқақбек, Чжан), жаңа интеллигенцияның (Кәрім, Алмас, Ю.Лань, Самед Авази), жаңа қалыптаса бастаған жұмысшы табының (Арыстан, Әбдрайым Тұрсын, Барлық), оянған көшпелі шаруаның (Ботақара, Асқар, Серік, Қарсыбай), батырақтардың (Сарэнжав, Галиб) өкілдері қатынасады. Бұларға қарама- қарсы топтың өкілдері рентінде гоминданның жергілікті өкімет орнының адамдары, пантуркистер, шетел сұғанақтары көрсетіледі. Шығарма оқиғаға бай, күреске толы, әр түрлі адамдар тағдырын ашатын желілі де, қызықты болып шыққан.
Автордың позициясын алатын болсақ, ол Синьцзян халықтарының қозғалысын өзге оқиғалардан оқшауламаған және бір ұтымды жері – дүние жүзінде болып жатқан оқиғалардан да көз жазып қалмай, шығарманың тиісті тұстарында абайлатып отырған. (Мәселен, Совет Одағының Ұлы Отан соғысы туралы).
«Жаңғар даласында» - тарихи роман. Автор Синьцзян халықтарының ұлт – азаттық қозғалысын суреттеуде тарихи деректерге, сол қозғалысқа қатысқан адамдардың есте қалған әңгімелеріне сүйенген, материалды өзі зерттеп, сұрыптаған, Қытай революциясы жайындағы кітаптарды мұқият қарастыраған. Көркем туындыға қойылатын шарттарды ескере отырып, ол сонымен қатар тарихи шындық шеңберінен шығып кетпеуіді де көздеген.
Қозғалыс әуелгі уақытта стихиялы, белгілі бір программасыз басталып, кейін үш уалаятқа тегіс жайылып, кең өріс алады. Манас көпірінде басталған кіші-гірім қақтығыс қарулы Құлжа көтерілісіне ұласады, ал бастапқы кезеңдегі шағын адам тобы көбейе келе тұрақты ұлт – азаттық армиясына айналады, сөйтіп бүкілқытайлық революциялық жеңіске үлкен үлес қосады.
Жәрдем Тілековтың романында демократия үшін, ұлттар теңдігі үшін, империализге және оның елдегі таянышы- гоминданшылардың озбырлығына қарсы жүргізілген күреске түрлі ұлттың өкілдері қатынасады. Бұлардың ішінде ұйғыр, қазақ, қырғыз, монғол халықтарының ұл – қыздары айрықша көзге түседі. «Жоңғар даласында» романының құнды бір жері осында деп білу керек.
Кітап мұғалімдер институтының студенті ұйғыр жігіті Кәрим Алмастың Үрімші түрмесіне қамалуынан басталады. Түрмеден шығысымен – ақ, Кәрім төңіргіне топ жиып, болашақ қозғалысқа даярлық жүргізеді. Бірақ ол әлі тәжірибесіз жас. «Жоқ, мен әлі пісіп жетілмеген екем... Мен де, менің серіктерімен де әлі шикі екенбіз», - деп қынжылады ол.
Кәримді күреске баулыған қозғалыс басшысы Ахмед- Жан Қасыми болады.
Кәрим күрес үстінде шынығып шыңдалады. Манас көпіріндегі қақтығыс, Майтау жұмысшыларының қимылы, Налқы көтерілісі, ақырында, Құлжадағы қарулы шайқас - осының бәрі Кәрімге зор сын болады, бастапқыда ол олақ басқарып, қателіктер де жіберіп алады. Жорықтар мен шайқастарда ысылған Кәрімге жүре келе Іле уалаятында құрылған ұлт – азаттық армиясының штаб бастығы дәрежесіне дейін көтеріледі.
...