Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ата-ананың сөзі-тәрбиенің көзі

Автор:   •  Ноябрь 29, 2018  •  Доклад  •  707 Слов (3 Страниц)  •  1,157 Просмотры

Страница 1 из 3

                Ата-ананың сөзі-тәрбиенің көзі

       Менің бүгін көтермек имәселем «Білім мен тәрбиенің ұштасуы» туралы болмақ..Әлемнің көптеген елдері білім беру жүйесінің келесі сатыларының мықты іргетасы болуы үшін, мектепте ерекше мән береді. Қазіргі заман мектептерінде мұғалімнің рөлі мен бағалаудың жаңа жүйелік мәселелеріне ерекше назар аударуда, нәтижесінде мұғалімдер үшін өте ауыр міндеттеме қойылуда.

       Сондықтан да, құрметті ата-аналар, сіздердің де осы процесске-бала тәрбиесіне үздіксіз қатысуларыңыз керек-ақ. Қайталап айтамын «Білім мен тәрбие-егіз ұғым», «Балаға ең әуелі тәрбие беру керек, ал сонан соң білім беріледі. Білім тәрбиесіз балаға берілсе, ол елге апат алып келеді»-деген Әбу-Насыр Әл-Фарабидің сөзін жадымаздан шығармайық.

     Ұстаз-ұрпақ тәрбиелеудегі қоғам сенген адам. Ауыл мұғалімі – ауылдың ұйытқысы. Айта кету керек, ұстаздар үшін үлкен міндет бар екенін, ата-аналар, сіздер жақсы түсінесіздер, ал ата-аналар үшін де арнайы этикалық кодекс барын неге ұмытып жатамыз? Сіздер бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес, ортақ іс екенін ұмытпасаңыздар, дұрыс болар еді.Өйткені, мектеп-балаңыздың үйі екен, өздеріңіз де сол үйдің мүшесімен деп есептеңіздер. Егер сіз мектепте сабақ уақытысында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтетініңізді есте ұстасаңыздар.

      Сіздер ұрпақ тәрбиелеу ісінде үлкен үміт күте отырып, өз перзенттеріңіздің шамшырағын жағасыздар. Қарап тұрсаң 1-сыныпқа баласын жетектеп келген ата-ана үшін ең бақытты сәт. Бастауыш сыныпта ата-аналар жиналысына толықтай қатынасып, келген ата-аналар қатары, орта буында азайып қалады. Тек қана білімі жақсы оқушылардың ата-аналары отырады, ал сіздер өз балаларыңыздың бір ғана жиналысқа келе алмау себептеріңізбен тәрбиесіне әсер етіп жатқанын білесіздер ме?

       Негізінде әрбір тұлға процесске үздіксіз қатысуда өзін елендіруге деген бар күш жігерін салады. Сіздер өздеріңіз еленуді қалайды екенсіздер, балаларыңыздың да елеп ескерілуге деген мұқтаждығын бір сәтке де естен шығармауыңыз қажет. Бір оқиғаға құлақ түрсек: Бірде мұғалім аналарыңның қолы хақында бір шығарма жазуға тапсырма береді.Мұғалім тақырыпты ашып айтпайды. Тек аналарыңның еңбекқорлығы жөнінде бірнеше сөз жазыңдар дейді. Екі күннен мұғалім үй тапсырмасын оқытады. Кезек бір қызға келеді. Ол былай бастады: «Анамның қолдары... Анам қолдарының бірімен май шайқайды. Бірімен құшағында діни кітабымызды ұстайды. Енді бірімен әкеміздің бешпентін жамайды. Келесі қолымен тамақ пісіреді. Бір қолы мен оқуға кетерде шашымды өреді. Келесі қолымен...»

...

Скачать:   txt (8.6 Kb)   pdf (77.6 Kb)   docx (13 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club