Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Менің туған жерім

Автор:   •  Сентябрь 27, 2021  •  Эссе  •  645 Слов (3 Страниц)  •  5,634 Просмотры

Страница 1 из 3

Менің туған жерім

      Ауыл деген сөздің өзі жүректі тебірентері сөзсіз ғой, шіркін! Әр адам өзінің туған жерімен мақтанатын болар. Сол секілді мен де туған жерімді мақтан етемін. Ақын, сазгер, шешендердің бәрі қарапайым ауылдан шыққан. Өздерінің өлең-жырларында ауылын сұлу сөзге өрнектеп, қызыл ән ғып тербейді. Керемет ақын Мұқағали Мақатаев:
Бір әңгіме қозғаушы ауыл жайлы,
Бұдан артық рахат табылмайды. - деген жолдарын әр оқыған сәт сайын керемет әсерде боламын. Ауылымның тау-тасы, тоған-суы, өсімдігі мен жануары маған ешқашанда жат болмайды. Әсемдігі мен көркемдігі көздің жауын алады.

Туған жер – ата-бабамыздың өмірге келіп, кіндік қаны тамған киелі мекені. Яғни, бізге қалдырған аманаты. Туған жер – ол мәңгілік шежірелі кітап болып саналады. Осы біздің қара шаңырағымыз және алтын бесігіміз. Әрбір өсіп келе жатқан ұрпақ өзінің туған жерін қадірлеп, қастерлей білуі керек. Сонда ғана ол ұлтжанды азамат болып өседі.

      «Әркімнің өз жері-жұмақ»,-деген асыл сөздің астарында қаншама сыр, қаншама мән-мағына жатыр десеңізші…
     Менің кіндік қаным тамған жерім-қасиетті Меркі жері. «Меркім» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақ сезіммен айта аламын. «Меркі» мен үшін жұмақтың төріндей. Неге десеңіз, ауасы демге шипа, таза, табиғаты керемет, көрікті. Он жеті ұлттың өкілін бір шаңырақтың астына, бір үйдің баласындай жинаған мекенде тату-тәтті ғұмыр кешіп келеміз. Мұның өзі біз үшін жетістік. Себебі татулығы жарасқан ел қашанда берік ел болады.
     Әр ақын өз жерін жырға қосқанда оның асқақ тауларын, мөп-мөлдір суларын, ғажайып ерекшелігін қаламына арқау етеді. Ақын болсам мен бірінші атақты «Меркі» шипажайы туралы жырлар едім. Оның табиғаты ерекше,  бір ауыз сөзбен толастап, қас-қағым сәтте сұлулығына көз жүгіртіп өту мүмкін емес. Оның ерекшелігін, адам ағзасына тигізетін пайдасы туралы толассыз айта беруге болады. Шипажай тау арасында, «Меркі» өзенінің жағасында орналасқан. Шипажайдың басты ерекшелігі-радонды минералды суында. Құрамында азот, газ, күміс, фосфор сияқты адам ағзасына қажетті элементтер бар.

Халықтың жадында әрдайым ірі тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғалар мәңгі сақталады. Менің туған жерімнен шыққан ірі тұлғалардың бірі – Қырбасұлы Жауғаш  мен Сыпатай Әлібекұлы. Аталған батырлардың әруағына тағзым етіп жасалған ескерткіштер жақсы істің бастауы болып тұр өлкемде. Бұл батырлардың ұлы ерліктері әрдайым өнеге, келер ұрпаққа  аңыз болап айтыла бермек. Туған жеріме деген сүйіспеншілігімнің шексіздігін бар әлемге жария қылғым келеді. Ал ол үшін ауылымның тарихын білуім керек.

        «Тескентоған» - бұл атау тарихи есім. Қазіргі Жамбыл облысы Меркі ауданы Сұрат ауылдық округі құрамындағы ауыл. Ауылымыздың қарты қариясы Досмұхаммед атаның айтуы бойынша осы Тескентоған деп аталуынан бұрын үш атауы болған екен. Олар Ерназар, Сыпатайдың жуғысы және Қызыл ту.Колхоздастыру кезінде осы ауылды «Ерназар» колхозы деп атаған. Ерназар колхозы тау бөктеріндегі, қазіргі «Пионер» лагерінің төменгі тұсында болған. Тау бөктерінен соғыс болған жылдары осы ауылға қоныс аударған екен. Ауылымыздың ер азаматтары мен азаматшаларының бәрін әскерге алып кеткенді. 1941 жылы еліміз жұртымыз жеңіспен оралсын деп туымыздың түсіне байланысты «Қызыл ту» деп атаған. Бізге жеткен аңыз әңгіме бойынша ауылымызда құрғақшылық болып, ел басына күн туғанда Сыпатай Әлібекұлы атамыз тау тесіп тоған ағызған екен. Яғни, Сыпатай батырдың ерен ерлігін мәңгілік есінде сақтауы үшін «Тескентоған» немесе «Сыпатайдың жуғысы» деп атаған. Ауылымнан жыраққа кетсем сағынышым кеудеме сыймай сарғаюмен өтемін.

...

Скачать:   txt (8.1 Kb)   pdf (45.1 Kb)   docx (9.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club