Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Виртуалды шындықты философиялық зерделеу пәні ретінде талдау

Автор:   •  Февраль 26, 2021  •  Статья  •  416 Слов (2 Страниц)  •  2,637 Просмотры

Страница 1 из 2

Виртуалды шындықты философиялық зерделеу пәні ретінде талдау.

ХХ ғасырда күнделікті өмірге адамның өзі жасаған виртуалды әлем енді. Виртуалды шындық – адамның сана-сезімінің жемісі, оның өмірді өзгертуге бағытталған іс-әрекеті. Виртуалды технологияларды жан-жақты ендіру нәтижесінде жаңа дүниетаным қалыптасып келеді, ол мәндік қасиеттердің біртұтас кешенін таратты, виртуалды-ақпараттық шындықты тудырды.

Бұл феноменнің мәні неде, ол адам санасын, дүниетанымын, шығармашылық мүмкіндіктерін қалай өзгертеді? Виртуалды әлемде адам тек бақылап, сезініп қана қоймайды, ол шынайы  өмірдегі  сияқты  белсенді  түрде  еркін  әрекет  етеді. Бұл жерде де оның іс-әрекеті оның құндылықтық бағдарларымен, рухани жетілуімен байланысты. Тек қана адамның руханилығы оның болашағын анықтайды, ол кез келген деструктивті мәселелерге тежеу бола алады. Ал адамның рухани әлемін басқа ешнәрсемен ауыстыру, жасыру мүмкін емес. Қазіргі күні виртуалды шындықты философиялық  тұрғыдан  зерттеу оның табиғатын, адамның сана-сезіміне, психологиясына әсерін анықтаумен байланысты болып отыр.

Виртуалды  шындықты К. Мюррей  Платонның идеялар әлеміне ұқсатады. Платонның идеялар әлемі таза мәндердің жинағы болып табылады, яғни заттардың инвариантты қасиеттерінің жиынтығы. Ал адамның көзі көретін шындық – бұл идеялар әлемінің көлеңкесі. Барлық материалдық дүниедегі заттардың, адамдардың өздері мен олардың жасайтын нәрселері осы идеялар дүниесінің тек солғын көлеңкелері, оларға тек біршама ғана жақындайтын, ұқсайтын бейнелер. Егер табиғаттағы заттар олардың тікелей көлеңкесі болса, адамдар жасайтын нәрселер – адамдар әртүрлі бұйымдар жасағанда тек табиғатқа еліктейтін болғандықтан – көлеңкенің көлеңкесі.

«Виртуалды шындық» термині Мaссaчусетс технологиялық институтында 1970-і жылдардың аяғында пайда болған. Ғалымдар ол термин арқылы компьютердің көмегімен адамның толыққанды қатыстылығын білдіретін эффектіні көрсетуге арналған шындықтың үш өлшемді макромодельдерін белгілеу үшін пайдаланған. Кейінірек бұл терминді 1984 жылы компьютерлер шығаратын американдық фирманың жетекшісі Дж. Лaнье пайдаланды.

Адамның қосарланған виртуалды-шынайы кеңістіктердегі тіршілігі жаңа философиялық мәселелерді тудырады. Виртуалды шындық адамның өзін өзектендіруі үшін көптеген мүмкіндіктер тудырады, ол адамдық тәжірибенің жаңа қырларын ашады, сананың жаңа мүмкіндіктеріне жол береді. Біздің санамызды жаңа көріністерге, жаңа мүмкіндіктерге қарай өзгертуге болады. Ол виртуалды шындықты өзі тудырады және сол шындықта өзгеше өмір сүруге мүмкіндік алады. Виртуалды технологиялар адам санасының бұрын белгісіз болған қырларын ашты.

...

Скачать:   txt (6.3 Kb)   pdf (38.4 Kb)   docx (8.2 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club