Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Таным дегеніміз

Автор:   •  Октябрь 12, 2021  •  Эссе  •  999 Слов (4 Страниц)  •  2,898 Просмотры

Страница 1 из 4

Ерте заманнан-ақ адам өзін қоршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін-өзі, өзінің табиғатқа және басқа адамдарға қатынасын танып-білуге тырысты. Адамнан тыс таным процесінің болуы мүмкін емес. Сондықтан адам танымы белгілі бір қоғамда, қоғамның практикалық қажеттілігіне сәйкес жүріп жатады. Ендеше, адамзат дамуында адам танымы қоғамдық, тарихи сипатта болады. Таным – адам санасын дамытудың негізі. Таным процесінің заңдылықтарын зерттеуді таным теориясы деп атайды. Философияның негізгі мәселесін дұрыс немесе теріс шешуге байланысты екі түрлі таным теориясы (материалистік және идеалистік теория) қалыптасады.

Таным дегеніміз сананың айнала дүние шындығын бейнелеу процесі. Таным - адамдардың білімге жетуге бағытталған белсенді қызметі. Таным кезінде болмыстың сан алуан қырлары зерделенеді. Сыртқы сипаты, ішкі мәні пайымдалады. Қоршаған дүниедегі құбылыстар табиғаты ой елегінен өтеді. Сондай-ақ таным субъектісі өзін өзі зерттейді, яғни адам өзінің танымдық қабілетінің табиғатына үңіледі. Өмірдің мәнін түсінеді, дүние сырын ұғығынады. Таным нәтижелері жеке адамның өзі үшін ғана емес, басқалар үшін де маңызды. Себебі ол жеке адамның ой санасы ретінде қалмайды, ұрпақтан ұрпаққа білім ретінде беріледі. Кітап, сурет, материалды құндылықтар, ғылыми жаңалықтар т.б.

Таным туралы философиялық ілім – ТАНЫМ ТЕОРИЯСЫ немесе ГНОСЕОЛОГИЯ деп аталады және ол төмендегідей сұрақтарға жауап береді:

— - ДҮНИЕНІ танып-білу мүмкін бе?

— - Танымның негізгі формалары қандай?

— - Білмеуден БІЛІМГЕ жетудің заңдылықтары қандай?

— - Танымның ОБЪЕКТІСІ мен СУБЪЕКТІСІ дегеніміз не?

— - АҚИҚАТ дегеніміз не және оның ӨЛШЕМДЕРІ қандай?

XVII ғ. әлемнің біртұтас ғылыми суреттемесін жасау үшін танымның соны тәсілдерін іздестіру басты ғылыми қажеттілікке айналды. Осыған орай философияда да таным теориясының мәселелері бірінші орынға шығады. Философияның міндеті таным әдісін жасау деп есептелді. Атап айтқанда, білу дегеніміз не, ақиқатқа бастар жол – сезімділік арқылы өте ма, жоқ ақыл-ой арқылы жүре ма? Интуиция маңызды ма, жоқ логикаға сүйенген дұрыс па? Танымның аналитикалық болғаны дұрыс па, жоқ синтетикалық болғаны жөн бе? – деген сауалдар Жаңа заман философиясының негізгі мәселелері еді.

Неміс философы И.Кант философияны таным теориясы деп есептеді. Яғни философияның міндеті танымның мүмкіндіктері мен шекарасын анықтау. Ол таза онтологиялық мәселелерді қарастырудан бұрын, «таным дегеніміздің өзі нені білдіреді?», «ол қалай мүмкін?», «оның мүмкіндігінің шекарасы қайда?» деген сұрақтарға жауап іздеді. Кант өзіне дейінгі рационалистер мен эмпириктердің біржақтылығын жеңе отырып, таным процесіндегі адам қабілетін үшке бөледі. Сезім, пайым және парасат. Ойшылдың пікірінше, математика сезімділікке, жаратылыстану пайымдауға, философия парасатқа сүйенеді. Бірақ бәрібірде дүниені толық танып білу мүмкін емес. себебі әлем қайшылықтарға, антиномияларға толы.

Танымға байланысты адам әрекеті

- Адам өз ғұмырында танымға байланысты екі түрлі әрекет орындайды:

- Табиғат дүниесін өзі немесе адамзат баласының игілігі үшін тікелей танып біледі, яғни өзі немесе адам баласы үшін керек жаңа нәрсені танып біледі

- Айнала дүниені бұрынғылардың тәжірибесі негізінде танып біледі (кітап оқу, білім алу, кино көру, материалды және рухани мәдениетті игеру арқылы).

Ағылшын философы Энтони Кеннидің ойынша философия – ғылым емес, оның өнерге де таласы жоқ. Философия – білім мәселесі де емес. Философия түсінік мәселесі. Яғни бұрыннан таныс нәрсені жинақтау мәселесі. Алайда философия өте ауқымды әрі әмбебап. Сондықтан ол талап ететін білімнің күрделілігі соншалық, оны

...

Скачать:   txt (13.4 Kb)   pdf (59.4 Kb)   docx (12.3 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club