Музыканы
Автор: Айымгуль Хван • Апрель 8, 2020 • Эссе • 543 Слов (3 Страниц) • 691 Просмотры
Білесіздер ме, өнер менің өмірімде ерекше бір орын алады. Айтады ғой, шығармашылық болмаса, адамның өмірі қызықсыз өтеді. Сол сөздің шын екеніне талай рет көзім жетті. Шынымен егер сурет салу, музыка жазу, кино түсіру, рөлдерді сомдау сияқты заттар болмаса, адам көптеген жақсы заттарды әлі күнге дейін білмей өтетін сиқты. Бұл тек менің ойым. Мен өнер дегенде ерекше бір шабыт аламын. Мүмкін өзімнің оқып жатқан мамандығым да шығармашылыққа тікелей байланысы бар болғандықтан шығар. Алдынғы тақырыпта біз еркіндік туралы әңгіме қозғаған болатынбыз. Сол жерде маған еркіндікті сезінуге әсер ететін бірден бір фактор- музыка деген болатынмын. Бүгін өнердің ғажайып бір түрі музыкаға тоқталғым келеді. Бірақ, алдымен жалпы өнер туралы сөз қозғасақ...
Өнер деген менің түсінігім бойынша, басқа адам жасай алмайтын қандай да бір затты жасай алу. Ол қарапайым түсінік бойынша. Ал ауқымдырақ алатын болсақ, өнер қандай да бір туынды. Бірақ әр түрлі тәсілдермен берілетін туынды. Яғни суретшілер сурет арқылы көрсетсе, театр қойылым арқылы, композиторлар музыка, әуен, дауыс арқылы кинорежиссерлер кино түсіру арқылы көрсетеді. Адамды шабыттандыратын, рахат алғызатын, демалдыратын туындылар. Бұның бәрін жалпы сөзбен туынды дейміз.
Енді музыка... Музыка менің өмірімнің алмастырмас бөлшегі. Егер қазір музыканы ойлап тапқан, сондай өнер үлгісін ашқан адам өмірде болса, мен жүз рет, жоқ, мың рет алғыс айтатын едім. Мен 15 жасымда керемет 7 адаммен таныстым. Олардың әндерімен, әндері арқылы берген оқиғаларымен таныстым. Олардан әндер, музыка арқылы керемет қолдау алдым. Әлі күнге дейін менің өмірімнің мәні болып жүрген керемет 7 адам. Олар үшін тіл, дін, терінің түсі маңызды емес, олар музыка арқылы сөйлеседі. Қазірдің өзінде қандай үлкен жетістіктерге жетсе де, олар сол баяғы кішкене ғана агенттіктен шыққан 7 керемет адам. Міне, олардың басты құпиясы. Музыка арқылы олар жарты әлеммен сөйлеседі. Музыка арқылы қаншама адамның жан дүниесін емдеп шықты. Музыка арқылы қаншама адамға қолдау көрсетті. Олар 2 жыл бұрын UNISEF халықаралық балаларды қорғау қорымен бірігіп, «Өзіңді сүй!!!» деген атаумен үлкен жобаны бастап, әлемдегі көптеген зорлық көретін балаларға өз көмек қолдарын созды. Және тек осы 7 керемет адам ғана емес, оларды қолдап, олардың музыкасын ыңдаушылар өз көмектерін көрсетті. Керемет оқиға менің ойымша. Менің музыкаға деген махаббатымның басты себепкерлері осы 7 адам.
...