Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дәрістер жинағы «Акмеология негіздері»

Автор:   •  Февраль 15, 2021  •  Курс лекций  •  22,427 Слов (90 Страниц)  •  1,409 Просмотры

Страница 1 из 90

[pic 1]

ОҢТҮСТIК  ҚАЗАҚСТАН  МЕМЛЕКЕТТIК  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ -ПЕДАГОГИКА  ФАКУЛЬТЕТІ

«Акмеология негіздері» пәнінен 1-курс студенттеріне арналған Дәрістер жинағы

Шымкент  қаласы 2020жыл

Дәрістер жинағы «6B01901- Арнайы педагогика маманын даярлау (Логопед)»  мамандығының 1-курс студенттеріне арналып жасақталып, өңделді және енгізілді.

Құрастырушы:

Ералина  Айгул Куандыккызы  – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

«Акмеология негіздері» пәнінен дәрістер жинағында акмеологиялық білімнің жүйесі,әр аймақтағы кәсіптік қызметтегіакмеологиялық проблемалар мен міндеттердің спектрін шеше білуге байланысты теориялар мен практикалық мәліметтер келтірілген. Сонымен қатар, басты акмеологиялық шарттар мен факторлардың мәнді сипаттамасы, акмеологиялық әдістер мен технологиялардың ғылыми спецификасы қарастырылған. Дәрістер жинағы студенттерге теориялық және практикалық сабақтарда қолдануға арналған.


МАЗМҰНЫ

Алғысөз

3

№1 дәріс.

Акмеология        адамзат        білімі        жүйесінің        ғылымы        ретінде. Акмеологияның пайда болуы.

4

№2 дәріс.

Акмеологияның құрылу кезеңдері, объектісі, пәні, міндеттері

7

№3 дәріс.

Акмеологияның ғылыми бағдары, басқа ғылымдармен байланысы

11

№4 дәріс.

Акмеология ғылымындағы базалық ұғымдардың мəні

15

№5 дәріс

Құзыреттілік базалық акмеологиялық категория ретінде

19

№6 дәріс

Тұлғаның акмеологиялық мәдениетін дамыту

23

№7,8 дәріс

Жастық   шақ   кезеңінде  тұлғаны  акмеологиялықдамытудың   мəні, мазмұны жəне құрылымы

31

№9 дәріс

Акмеологиялық білім беру ортасы

36

№10 дәріс

Кəсіби        акмеологияда        креативтіліктідамытудың        психологиялық негіздері

46

«Акмеология негіздері» курсы бойынша негізгі ұғымдар        50

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі        56

Алғы сөз

«Акмеология негіздері» оқу пәні болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындауда үлкен рөл атқарады. «Акмеология негіздері» оқу пәнін жалпы және педагогикалық мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде оқыту – педагогикалық ой-пікірдің негізгі даму бағыттары туралы түсінік береді.

Пән акмеология саласында негізгі акмеологиялық зерттеулер мен оның қазіргі жай-күйі жайлы студенттердің білімін кеңейтуге бағытталған. Акмеология – өзін-өзі жетілдіру, өзін- өзі дамытудағы шығармашылық қабілетті, адами құндылық идеясының жиынтығы, оның рухани әлемін қарастырады. Құрылымдық әрекет ретіндегі тұлғаның шығармашылық деңгейін өзіндік жүзеге асырылуы, кәсібилік шыңының болашақтағы жетістіктері, өзін-өзі жетілдіруді бағдарлау, ойлау әрекетіндегі жеке шығармашылық, педагогикалық ойлау және тұлғаның педагогикалық бағыттылығын кәсіби деңгейде дайындау процесін қалыптастыру оқыту курсының негізі болып табылады.

«Акмеология негіздері» курсының негізгі мақсаттары: акмеологиялық білімнің жүйесін оқыту,әр аймақтағы кәсіптік қызметтегіакмеологиялық проблемалар мен міндеттердің спектрін шеше білуге білік қалыптастыру.

«Акмеология негіздері» курсының міндеттері:

  • «акме» феномені туралы түсінік беру;
  • жеке тұлға дамуының акмеологиялық концепциясымен және кәсібилігімен таныстыру;
  • маманның тұлғалық-кәсіби дамуын қолдауда әр түрлі акмеологиялық технологиялармен таныстыру;
  • акмеограмманы жасауға дағды қалыптастыру.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

  • гуманитарлық және жалпы қоғамдық ғылымдар жүйесінде акмеология орны туралы, акмеологиялық проблемалардың мәні мен мазмұны туралы түсініктің болуы, акмеологиялық білімді практикада қолдана білу;
  • акмеологияның теориялық-әдіснамалық негіздерін, заңдылықтарын және прогрессивтік дамудағы тұлғаның өзгеріс кезеңдерін білу, басты акмеологиялық шарттар мен факторлардың мәнді сипаттамасын, акмеологиялық әдістер мен технологиялардың ғылыми спецификасын білу

Пәнді игеруде студенттерде қалыптасатын негізгі құзіреттіліктер: білім алушылардың жаңашылдықты, педагогтың кәсіби деңгейін анықтауды, педагогикалық шеберлікті кәсіби қызметте қолдана алуы.

Білімі: шығармашылықтың және кәсібиліктің жүзеге асырылуытуралы білімі болуы

керек.

Іскерлік:қазіргі        білім беру технологиясымен таныстыру; маман дайындаудағы

...

Скачать:   txt (331.8 Kb)   pdf (528.9 Kb)   docx (130.2 Kb)  
Продолжить читать еще 89 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club