Өндіріс саласындағы экономика пәніне дәрістер жинағы
Автор: Наиля Кудекова • Апрель 13, 2022 • Лекция • 10,060 Слов (41 Страниц) • 251 Просмотры
[pic 1] | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ |
«Экономика және басқару» кафедрасы
«ӨНДІРІС САЛАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКА» ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
Алматы
Дәріс 1. Өндіріс саласындағы экономика пәнінің мазмұны.
1. «Өндіріс саласындағы экономика» курсына сипаттама: мәні, мақсаты және міндеттері.
2. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өндірістік саланың рөлі.
1. «Өндіріс саласындағы экономика» курсына сипаттама: мәні, мақсаты және міндеттері. Өндіріс экономикасы пәнін түсіндіру үшін ең алдымен негізгі экономикалық проблемаларды шешуде өндірістің алатын орны мен роліне сүйенуіміз қажет.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын шаруашылықты жүргізудегі объективті буынға айналады. Мәселе мынада, рыноктык сұранысты еске ала отырып, кәсіпорын тек өнім өндіріп кана коймай, сонымен катар халықты жүмыспен қамту, жаңадан жүмыс орындарын ашу, еңбекақыларын есептеу т.б. жүмыстарды іске асырған.
Өндіріс, кәсіпорынның барлык жұмыс кызметін сипаттау жэне түсіндіру - “Өндіріс экономикасы” пәнін зерделеу болып табылады. Өндірістік кызметтердің заңдылығын түсіну негізінде нактылы өндірістік максаттарды іске асыруда шаруашылык әдістерін әзірлеуге мүмкіндік туады.
Өндіріс экономикасының даму негізінде коғамдық өндірістің дамуына объективті экономикалық заңдар жатады. Кез келген ұйымдастырушылык днңгейде экономиканы басқару - бұл экономикалық заңдардың талабына сай өндірістің кызмет етуі.
Қайбір өндіріс болмасын өзінен - өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан - өндіріс факторы рыногы, екінші жағынан - өткізу рыногы арқылы. Сондыктан да өндіріс экономикасы баска шаруашылык құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс.
2. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өндірістік саланың рөлі. Өндіріс экономикасы микро және макроэкономикамен тығыз байланысты. Микроэкономика - бүл сала, кәсіпорындар, отбасылар, яғни жекелеген экономикалық кұбылыстарды камтитын экономикалық ғылымның бір бөлігі. Осы салалардағы тауарлар және қаржы рыноктарын, банкілерді, түрлі фирмалар мен кәсіпорындарды, тағы басқаларды зерттейді. Микроэкономика сол сиякты жекелеген тауарларды өндірудің көлемін қалай тағайындайтының және олардың бағаларын, халықтың жинак акшаларына салықтар қалай ықпал ететінін, т.б. зерделейді.
Макроэкономика - бұл экономиканы бірыңғай тұтас ретінде қарайды жэне сұраныс пен ұсыныстың жиынтык процестерін калыптастыруды зерттейді. Мұнды сұраныс - белгілі баға бойынша тұтынушылар сатып алудагы дайын тауар саны, ал ұсыныс - бұл тауарды жэне кызмет көрсетуді жеткізу.
Макроэкономика, сол сиякты ұлттык табысты, жалпы өнімді зерттейді, үкіметтің бюджет саясатының, ұлттық банкінің ақша саясатының экономиканы дамытуға ьщпалын, инфляцияны, жұмыссыздык деңгейін жэне т.б. талдайды.
Сонымен, өндіріс экономикасы дербес экономикалық пән болып табылады, пәннің мән-мағынасын зерделеу кәсіпорынның іс-эрекетін, әзірлеу процесін және шаруашылык шешімдерін кабылдау.
Өндіріс экономикасын зерделеудің негізгі объектісіне жататындар:
кәсіпорынның өндірістік кұрылымы, өнеркәсіп өндірісінін үлгісі, өндіріс кезеңін ұйымдастыру;
өндірісті басқару процесін ұйымдастыру;
шаруашылык стратегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және өнімді сатуды әзірлеу;
өндірісті калыптастыру, капиталды пайдалану жэне кәсіпорынның табысын корландыру;
өндірістің материалдық-техникалык базасымен қамтамасыз етілуі, шикізаттар, материалдар жеткізілуі;
өндірістің техникалық жағдайы жэне кажетті ондірістік инфракұрылымды кұру;
...