Дәрістер жинағы «Өнімді сынау, бақылау және өнім қауіпсіздігі»
Автор: sayat7132 • Апрель 30, 2024 • Курс лекций • 22,597 Слов (91 Страниц) • 129 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Дәрістер жинағы
«Өнімді сынау, бақылау және өнім қауіпсіздігі» пәні бойынша
В076 - «Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)» мамандығының студенттеріне арналған
Техникалық факультеті
Стандарттау, метрология және сертификаттау кафедрасы
Нұр-Сұлтан 2022
1 Тақырып Кіріспе. Пәннің мәні мен мазмұны. Сыртқы әсерлердің бұйымдар мен материалдарға ықпалы және түрлері (1с)
Дәріс жоспары
- Пәннің мәні мен мазмұны.
- Сыртқы әсерлердің бұйымдар мен материалдарға ықпалы және түрлері.
Заманға сай машиналар, агрегаттар мен құралдар пайдалану ұзақтығы мен жылдамдықтар жүктемесінің үздіксіз өсуімен, радиация деңгейімен, қысым, температура, жұмыс режимдерінің кең көлемді диапозонымен сипатталатын күрделі жағдайларда пайдаланылады.
Заманға сай бұйымдар мен материалдарды жасау кезінде пайдалану үрдісінде оларға әсер ететін негізгі факторларды анық көрсету қажет. Бұл мағлұматтар сыртқы әсерлерді үлгілеу, жаңа материалдар мен бұйымдар жасау үрдісінде әрі дайын өнім сапасын бағалау кезінде қажет. Сынақтар міндеті техникалық жағынан сынақ жағдайларын пайдаланудың қауіпті жағдайларына жақындатудан және сан жағынан осы жағдайларда бұйымдар мен материалдардың сипаттамаларының, функцияларының және негізгі қасиеттерінің өзгерістерін анықтаудан тұрады.
Бұйымдар мен материалдардың пайдалану шарттарына байланысты әсер ететін факторлардың түрлері мен олардың мәнісі, стандарттар мен техникалық талаптармен бекітіледі, ал жаңадан жасалған өнім үшін-техникалық тапсырмаларда олардың өңделуіне байланысты бекітіледі. Негізгі әсер етуші факторларға механикалық, биологиялық, арнайы орталар, иондалатын және магниттік сәуле шашу жатады (1 сурет).
Механикалық әсер ету статикалық, тербелмелі, соққы жүктеме, сызықты жылдамдық, акустикалық шуыл болып табылады. Олар созылу, қысылу, иілу, бұрау, басып енгізу ортасында және бұйым материалының беріктігі нәтижесінде ақаулық тудырады.
Механикалық жүктемелердің әсер ету жағдайында қызмет ету үшін арналған бұйымдар, осы жүктемелердің ықпал етуі кезінде берік әрі тұрақты болу керек. Механикалық әсер ету жағдайында қызмет етуге арналмаған бұйымдар, осы жүктемелердің ықпал ету кезінде тұрақты болу керек.
Механикалық факторлардың әсер етуіне беріктігі-бұл бұйымдардың механикалық факторлардың әсер етуінен кейінгі бекітілген нормалар шегінде өз параметрлерін сақтау және өз қызметтерін атқару қабілеті.
Механикалық факторлардың әсер етуіне тұрақтылығы-бұл бұйымдардың механикалық факторлардың әсер етуі кезінде бекітілген нормалар шегінде өз параметрлерін сақтау және өз қызметтерін атқару қабілеті.
Бақылауға жататын негізгі параметрлер, көп жағдайда материалдардың механикалық қасиеттері-беріктік, икемділік, қаттылық, соққы тұтқырлық және төзімділікті сипаттайды.
Жалпы айтқанда, бұйымдардың барлық механикалық қасиеттер шарттарымен, конструкция ерекшелеліктерімен, бөлшектер мен түйіндер дайындалған металлдың механикалық қасиеттерімен тығыз байланыста.
Сыртқы жүктемелердің әсер ету кезінде, барлық материалдар жүктеме жойылғаннан кейін жоғалатын (серпімді), не сыртқы жүктемелердің материалға әсер етуін тоқтатқаннан кейін қалатын (қалдық) деформацияға шыдайды.
[pic 1][pic 2][pic 3]
Қиратулардың негізгі түрлері мыналар:
- жұлып алу - қирату қысыммен ұзарту немесе жұлып алу әрекетінің салдары ;
- кесу - қирату жанама қысымның әрекетімен және сынықтың салдары;
- созылу (жүкті тиеу түрінде көп кездеседі).
Созылуға сынау - материалдардың механикалық қасиеттерін бақылау және зерттеуінің ең көп таралған әдісі.
Нақты материалдар, әсіресе, құрылыс материалдары ( кірпіш, бетон, ағаш, тас), аз майысатын материалдар (шойын, аспаптық болаттар және т.б.) пайдалану барысында қысымға душар болып жатады. Созылу сынағын созылуға кері сынау деп қарауға болады.
...