Білім-ақпарат
Автор: altynguln • Июнь 22, 2021 • Эссе • 303 Слов (2 Страниц) • 357 Просмотры
Орындаған:Шаданова Айзада, МЕН-19-1.
Эссе тақырыбы: «Білім-ақпарат»
Тұңғыш Елбасымыз : «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын.
Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды.
Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек»,-деген болатын.
Біз бүгінгі жыландай жұтынып тұрған мына ғасырда қазақтығымызды сақтап, ұлт ретінде жойылып кетпей, қалай аман қалмақпыз? Ол үшін ұлттық кодты жаңғыртумыз керек. Ұлттық кодымыз біздің – ұлттық болмысымыз. Яғни, бір халықты басқа халықтан ажырататын таным-түсінігі мен бітім-болмысын айқындап тұратын сипаты. Әрине екінші пікірі де өте орынды. Қазіргі кездегі қоғам дамудың ақпараттық кезеңіне аяқ басты. Ел болашағы – білімді ұрпақта. Сондықтан оқушылар мен студенттер меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемікүнненкүнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Оның басты сипаттарына — ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану, адамдардың көптеген қызмет түрлерін компьютерлендіру, коммуникациялардың бірыңғай халықаралық жүйелерін жасау істері жатады. Осыншама істер әрине көз қуантарлық. Мысалы, өз басым ғаламтор беттеріндегі, әлеуметтік желілердегі ақпараттарды тек өз дамуым үшін пайдаланамын. Ол қалай десеңіз, тегін/ақылы болсын курстарға қатысып, өзімді әр салада дамытамын. Жарты жыл ішінде, пайдалы әдет қалыптастыру, берекелі өмір сүру, тұрмысқа шықпас бұрын секілді бағыттарда курстарға қатысып, жоғары деңгейде аяқтап шыққанмын. Әрине бұл мақтаныш емес, жай ғана жас жеткіншектеріміз қазір ақпараттарды санасын улайтын да нәрсеге айналдыруда. Кез келген мәліметті керек болмаса да талғамай қабылдай берудің қажеттілігі жоқ екенін, Интернеттегі ақпарат қоқысы, компьютерлік ойындардың зияны, т.б. адам сезіне білуі керек. Осы мәселелерді шешу шектеулер мен тосқауыл қою арқылы жүзеге аспайды. Ол үшін бізге талғамдық мәдениетті қалыптастыру қажет.
...