Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жобалау үшін бастапқы ақпарат

Автор:   •  Апрель 18, 2018  •  Курсовая работа  •  23,124 Слов (93 Страниц)  •  692 Просмотры

Страница 1 из 93

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік даму негізгі бағыттарында халық шаруашылықтың жалпы даму базасы ретінде машина жасау өндірісіне ерекше ролі беріледі.

Машина жасау халық шаруашылықтың барлық салаларына жаңа техника жеткiзеді, сонын арқасында елдің тұтастай алғанда үдерісін анықтайды, сонымен қатар мемлекеттiң материалдық базаның жасауына шешуші әсер етеді. Осыған байланысты машина жасау саласын  дамытуға әрқашан да үлкен мән берілуі тиіс.
Машина жасауда техникалық үдерiс машина құрылымдарды жақсартумен ғана емес, өндiрiс үздiксiз технологияны жетiлдiрумен де сипатталады.
 Қазiргi уақытта, нарықтық экономика жағдайында,  минималды шығындардармен максималды сапаға қол жеткізу қажет, сонымен қатар берiлген мерзiмдерде жоғары өнiмдi жабдық, құрал, қайта өндеушi технологиялық әбзелдi қолданумен, өндiрiстiк процестердi механикаландыру басты мақсат болып есептеледі.
Қабылданған технология көптеген фактораларға әсерін тигізеді.Олар:сапа, ұзақ мерзiмдiлiк, пайдалануға шығарылатын машиналардың сенiмдiлiгi, сондай-ақ олардың пайдалануы және қызмет көрсету мен жұмыс барысындағы шығындар.
 Жаңа технологиялық үдерiстердi және өңдеу әдiстерін дамыту жетілдірілген машиналарды құруға ықпал етеді, олардың өзiндiк құнын төмендетуіне мүмкiндiк туғызады және оларды жасау шығының кемiтеді.

Қазақстандағы нарықтық экономика жағдайында ұсақ және орташа сериялы өндіріс түрлері басым. Технологиялық процестерді жетілдіруге, өндірісті дайындау кезіндегі шығындарды азайтуға, материалдарды неғұрлым үнемді және өнімділігі жоғары жабдықтарды пайдалануға ұмтылу қажет.
Үлкен назар машиналардың бөлшектерiн жасау технологиясын жетiлдiруге бөлу керек, әсіресе қалдығы аз бөлшектерді жасау технологиясына, сонымен қатар автоматтандыру бағытында машиналарды құрастыру технологиясын жетілдіріп, сапаны жақсарту кажет.
Аймақта қалыптасқан экологиялық жағдайға байланысты, өндiрiс қалдықтарды жоюға және кәдеге жаратуға зор назар бөлу керек.

Машина жасаушылардың маңызды мақсаты – өндіріс құрылымын өзгерту, машина және жабдықтардың сапалы мінездемелерін жоғарлату.

Машина жасаудың өзін жаңғартуға ерекше мән беріледі, оның техникалық деңгейі ең алдымен станокжасау, аспапжасау, электроника және электротехника дамуына тәуелді болады.

Осы дипломдық жоба мақсаты – МТЗ-82 тракторының алдыңғы мостының «Жетекші білік» бөлшегін дайындаудың технологиялық үрдісін жетілдіру болып табылады. Бөлшекті  зерттеу барысында дайындаманы таңдау, оны өңдеу әдістерін, жабдық және технологиялық жабдықтарды таңдау қажет. Бөлшек технологиялығын талдау, механикалық өңдеу үшін операцияаралық әдіп есеп-қисаптары, кесу тәртіп есептерін және технологиялық үрдісті мөлшерлеуі жасалған. Жоғарыда көрсетілген бөлшек жасауда экономикалық шығындар, өзіндік құнын және бөлшек жасау экономикалық әсерін есептеу керек.

1 ЖАЛПЫ БӨЛІМ

1.1 Жобалау үшін бастапқы ақпарат

Бастапқы деректер болып табылады:

 бөлшектің сызбасы;

 құрастыру торабының сызбасы;

 бөлшектердi шығарудың жылдық бағдарламасы;

МТЗ-82 тракторының алдыңғы мостының «Жетекші білік» бөлшегін дайындаудың кезіңде барлық технологиялық жабдықтар ескерілді.Есеп айырысу бойынша кесу режимдері, кескіш құралдары, технологиялық жабдықтар мен технологиялық мөлшерлеу нормативтік және анықтамалық ақпарат қолданылды.

Зауыт цехтарындағы еңбек жағдайы еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасымен қатар iс-шаралардың әзiрлеуі және өнеркәсiптiк экологияға сүйене отырып ескерілді.

1.2 Өндіріс объектісінің қызметтік тағайындалуы және оны суреттеу

 МТЗ- 80, МТЗ- 82 доңғалақты «Белорусь» тракторлары МТЗ-50 мен МТЗ- 52 әмбебап- жыртқыш ауыл шаруашылық тракторларын жанжақты және терең модернизациялау негізінде құрылды. «Беларусь» моделінің МТЗ 80, МТЗ- 80Л, МТЗ- 82,МТЗ-82Л доңғалақты тракторлары 1,4тс классты әмбебап ауылшаруашылық тракторлары болып табылады.


                               
[pic 1]

                                  1.1- сурет.МТЗ тракторы

Алдыңғы жетекші мост. МТЗ-82 тракторының алдыңғы жетекші мосты 

...

Скачать:   txt (150.9 Kb)   pdf (4.8 Mb)   docx (4.2 Mb)  
Продолжить читать еще 92 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club