Болмыс түрлері
Автор: AselMusakhanova • Март 10, 2023 • Реферат • 2,369 Слов (10 Страниц) • 305 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану ғылымдар факультеті
Физика кафедрасы
[pic 1]
БӨЖ
Тақырыбы: Болмыс түрлері
Қабылдаған:
Дайындаған:
Түркістан 2022ж.
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Болмыс түрлері
2. Заттар болмысы және оның мағынасы
3. Адам болмысы және оның мағынасы
4. Рухани болмыс және оның мағынасы
5. Әлеуметтік болмыс және оның мағынасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Болмыс – кең мағыналы, терең ауқымды пәлсапалық ұғым.Ең қарапайым мағынасы бар болу, өмір сүру дегенді білдіреді. Ойшылдар бұл ұғымды пәлсапаның бастауы мен негізі деп білген. Болмысты зерттейтін пәлсапа тармағы — онтология деп аталады.
Сонымен қатар, болмыс бүкіл шындық дүниені қамтитын шегіне жеткен жалпы ұғым - философиялық категория болып табылады. Болмыс - дегеніміз дүниеде өмір сүретіннің бәрі: материалдық заттар да, құбылыстар мен процестер де, қақтығыстар мен байланыстар да, яғни бәрі - бәрі. Тіпті адамның қиялы, ертек, аңыздар, ауру адамның сандырағы сияқты рухани өмір көріністері де болмысқа жатады. Болмыс сияқты философиялық категориялардың барлығы: материя, сана, сапа, сан, кұбылыс, кеңістік, уақыт, себеп, салдар т.б. бәрі тілде сөздер арқылы тұжырымдалады. Философиялық категориялардың, оларды білдіретін сөздермен байланысы іштей қайшылықты: бір жағынан алғанда, көптеген ғасырлар бойғы сөйлеу тілінің практикасы философиялық категорияларға сәйкес сөздердің мән - мазмұнын жинақтап, олардың мағынасын түсіндіруге көмектессе, екінші жағынан алғанда, күнделікті сөйлеу тіліндегі сөздерді білдіретін философиялық категорияның, тек философия ғана анықтайтын ерекше мағынасы болатынын әрдайым естен шығармау керек. Сондықтан философиялық «болмыс» категориясының мәнін түсіну үшін, оның өзіне ғана тән айрықша мазмұнын және күнделікті сөйлеу практикасымен байланысын ескерудің маңызы зор.
Түрліше нәрселер мен құбылыстар арасында байланыстар мен қатынастар бар екенін, болғанын немесе болатынын адамдар ғасырлар бойы байқай келе, олардың бәріне ортақ жалпы қасиетті бейнелендіретін «болмыс» деген жалпы ұғым қорытып шығарылды және болмыстың толып жатқан түрлерін танып білді. «Болмыс» категориясын философияға түңғыш енгізгендердің бірі ертедегі грек философы Парменид болды.
Парменид болмыс туралы терең ой-пікірлер қозғаған. Ол: «Болмыс бар, болмыс емес жоқ» - деп кесіп айтты. Өйткені оның ойынша, «болмыс еместіні» тануға, білуге тіпті болмайды, оны сөзбен де айтып жеткізе алмайсың. Осыдан ой мен болмыстың өзара қатынасы келіп шығады. «Ойлау мен болу бір» дейді Парменид. Яғни, ойлау мен болмыс бір деген ұғым туады. Болмыс еместі жоққа шығара отырып, болмысты өзгермейтін, қозғалмайтын процесс деп қарады.
1.Болмыс түрлері
Болмыстың түрлері туралы проблема философия үшін өте маңызды. Себебі философияның негізгі мәселесін – ақыл-ойдың болмысқа қатынасы туралы мәселені – түбегейлі шешу үшін болмыстың негізгі түрлерін саралап білу керек. Осы себепті болмыстың түрлеріне тоқталып өтейік. Ғасырлар бойғы дүние тану процесінде адамдар болмыстың мынадай негізгі формаларын танып білді:
1.Заттар (денелер) болмысы, ал бұлардың өзі біртұтас табиғат болмысы және адамның қолымен жасалған заттар мен процестер болмысы болып екіге бөлінеді;
...