Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қауіпсіздің белдігінің тарихы және түрлері

Автор:   •  Март 16, 2018  •  Реферат  •  2,688 Слов (11 Страниц)  •  1,152 Просмотры

Страница 1 из 11

Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................

1. ЖҮРГІЗУШІНІҢ ЕҢБЕККЕ СЕНІМДІЛГІ ЖӘНЕ ШАРШАУЫ................

1.1 Жүргізушінің демалысы мен енбегінің ұтымды тәртібіне қойылатын негізгі талаптар....................................................................................................................

1.2 Жүргізушінің қалжырауы, шаршауы және зорығуы...................................

2. ІШКІ ПАССИВТІ ҚАУІПСІЗДІК (ҚАУІПСІЗДІК БЕЛДІКТЕРІ).................

2.1 Қауіпсіздің белдігінің тарихы және түрлері.................................................

2.2 Қауіпсіздік белбеуінің тиімділігі.....................................................................

Қорытынды...................................................................................................................Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................................

     Кіріспе

     Қазіргі таңда жүргізушінің еңбекке сенімділігі еңбек өнімділігінің кілті деп айтуға болады. Кез – келген өнеркәсіп немесе автопарк үшін жүргізушінің өз ісін сенімді түрде атқаруы өте маңызды, кәсіптің алға өрбуіне әсер ететін көптеген факторлардың бірі. Жүргізуші бойында сенімділік қасиетінің болуы үшін көптеген жылдар мен тәжірибелер қажет болады.

     Жұмыстың алға басуы үшін және өнеркәсіп кірісінің көбеюіне әсер ететін тағы бір жағдай, ол жүргізушінің тәуліктегі жұмыс уақыты мен демалыс уақыттарын ұйымдастыру. Жүргізушінің демалысына зор мән берілуі қажет. ҚР ның еңбекті қорғау заңына сәйкес тәуліктегі жұмыс уақыты 8 сағат 20 минут, ал жүргізушілердің жағдайында бұл уақыт жоспарды орындау үшін аздық қылуы мүмкін. Сондықтан, олар ұзақ жол жүргенде 2 немесе 3 адам болып ауысыммен жұмыс жасайды.

Жүргізушілер еңбегін ғылыми ұйымдастыру оның жағдайын және жұмыс атқару қабілетін, қоршаған ортаның ең аз мөлшерлі теріс әсер қауіпсіздігін сақтау, адамның жан-жақты факторларын оқитын пән, автокөлік психологиясы болып табылады.

Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы шарттар бойынша автомобиль көліктерімен жүктерді тасымалдау автомобиль көлігінің негізгі міндеті болып табылады. Бұл міндеттің шешімі «Жүргізуші-автомобиль-жол-орта» (ЖАЖО) жүйесінің барлық бөліктерінің мүмкіндіктерін ескере отырып, нақтылық мақсат түрінде жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар, бірінші деңгейлік мағынаға адамның факторлары ие болады. Статистикалық көрсеткіш бойынша, жол-көлік апаттарының (ЖКА) 70-80% жүргізушінің қателіктерінің нәтижесі, мақсатына жетпеген іс-әрекет. Жүргізушінің еңбекке дайындығы, қабілеттілігі, эмоционалдық тұрақтылығы, басқару әрекеттерінің жылдамдығы және нақтылығы жол-көлік апаттарының көрсеткіштерін өте төмендетеді.

      Пассивті қауіпсіздік қазіргі таңда көлік өндірушілердің негізгі тақырыптарының біріне айналды. Себебі, пассивті қауіпсіздік көлік апаты болған жағдайда, көліктегі немесе көліктен тыс адамдардың денсаулығына барынша зиян тимейтіндей болуы үшін жағдай жасайды. Пассивті қауіпсіздік ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

     Ішкі пассивті қауіпсіздік көлік ішіндегі жолаушы мен жүргізушіге жол апаты кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Мысалыға оған: қауіпсіздік белдіктері, қауіпсіздік жастықтары, орындықтардағы бас тірегіштер жатады.

     Алғашында қауіпсіздік белдіктері екі нүктелі ғана болды. Олар жүргізушінің немесе жолаушының кеуде немесе асқазан тұсын ұстап тұрды. Шамамен жарты ғасырдан соң өндірушілер белдіктің нүктесі көп болған сайын қауіпсідік арта түсетінін түсінді. Себебі, ондай белдіктер соққы кезінде қысымды адам денесінің бүкіл жеріне бірқалыпты береді, осылайша жүргізуші немесе жолаушыны тапжылтпай ұстай алады.

 

     1. ЖҮРГІЗУШІНІҢ ЕҢБЕККЕ СЕНІМДІЛІГІ МЕН ШАРШАУЫ

     1.1 Жүргізушінің демалысы мен енбегінің ұтымды тәртібіне қойылатын негізгі талаптар

...

Скачать:   txt (37.4 Kb)   pdf (342.3 Kb)   docx (235.6 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club