Логистика түсінігінің мәні мен мазмұнын ашып көрсетіңіз
Автор: ulkados • Май 20, 2018 • Реферат • 9,063 Слов (37 Страниц) • 1,965 Просмотры
1. 1. Логистика түсінігінің мәні мен мазмұнын ашып көрсетіңіз?
Отандық ж/е шетел э/қ әдебиеттерінде логистика түсінігінің көптеген анықтамаларын көруге болады.Логистиканы басқару объектісі – материалдық,қаржылық ж/е ақпараттық ағымдар б.т/ды. Логистиканың мақсаты:1. -Уақытты тиімді пайдалану; 2. Қорларды болдырмау немесе төмендету; 3. Шығындарды азайту. Материалдық ағымдарды басқару,басқа кез келген объектілерді басқару сияқты, екі бөлімнен тұрады:1.Шешім қабылдау; 2. Қабылданған шешімді жүзеге асыру. Сонымен,ғылым ретінде логистика мынадай міндеттер атқарады:-сұранысты болжау ж/е соның негізінде қорларды жоспарлау;-өндіріс пен көліктің қажетті қуаттылығын анықтау;-материалдық ағымдарды оңтайлы басқару негізінде дайын өнімді бөлудің ғылыми қағидаларын құру;-өндіріс орнында ж/е тұтынушылардағы тиеу үрдістерін ж/е тасымалдау-қоймалау операцияларын басқарудың ғылыми негіздерін жасау;-логистикалық жүйелердің іс әрекет етуінің түрлі математикалық үлгілерінің варианттарын құру;-дайын өнімдерді бірлесіп жоспарлаудың,жабдықтаудың,өндірудің,қоймалаудың,өткізудің ж/е тасымалдаудың әдістерін жасау ж/е т.б.бірқатар мәселелер.Логистиканың 6 ережесі бар:1.жүк н/е тауар – қажетті тауарды;2.сапа – қажетті сапада;3.саны – қажетті мөлшерде;4.уақыт – қажетті уақытта;5.орын – қажетті орынға;6.шығын –минималды шығынмен жеткізу.Логстиканың функционалдық салалары:1.сатып алу логистикасы;2.өндірістік л/ка;3.өткізу л/сы;4.тасымалдау л/сы;5.ақпараттық л/ка.Енді, Америка,Франция,Германия,Ресейдің ғалымдары мен тәжірибешілері қалыптастырған логистиканың бірқатар анықтамаларын келтіріп өтуге болады.Логистика – бұл шикізатты сатып алу орнынан соңғы тұтыну орнына дейін материалды ж/е сонымен байланысты ақпараттық ағымдардың қозғалысын қамтамасыз ететін, тасымалдау ж/е қоймалау б/ша барлық қызметтерді жоспарлау, ұйымдастыру ж/е бақылау.Логистика - өнімге қажеттілік туған жерде, алдын ала бекітілген орында, бекітілген уақытта қажетті өнім көлемін алуға бағытталған түрлі қызмет түрлерінің жиынтығы туралы ғылым.Логистика– шығындар тұрғысынан тиімді ж/е үнемді материалдарды, жартылай фабрикаттарды ж/е дайын өнімдерді сақтау ж/е тасымалдау операцияларын, сондай-ақ солармен байланысты клиенттердің талаптарына сәйкес, өндіріс орнынан тұтыну орнына тауарларды жеткізу жөніндегі ақпараттарды жоспарлау, жүзеге асыру ж/е бақылау туралы ғылым.Логистика – уақыт пен кеңістіктегі өнімді жеке тарату үрдісі туралы ғылым.Логистика – жабдықтаудың,өткізу мен тасымалдаудың, өзара байланыстары мен өзара әрекеті жөніндегі ғылым.
2.Логистиканы қолданудың тиімділігін сипаттап көрсетіңіз
Бизнес практикасына логистикалық менеджмент әдістерін енгізу:
1. көптеген фирмаларға өндірістегі, жабдықтаудағы және өткізудегі өнімнің барлық қор түрлерін қысқартуға;
2. айналым капиталының айналымдылығын жеделдетуге;
3. өндірістің өзіндік құнын төмендетуге;
4. таратуға қатысты шығындарды төмендетуге;
5. тауарлар және қызметтермен тұтынушылардың толық қанағаттандырылуын қамтамасыз етуге - мүмкіндік береді.
Логистикалық әдіс кәсiпорында материалдық ағымдарды басқарудағы логистикалық операциялардың орындалу кешенiн оптимизациялауға барынша мүмкiндiк бередi.
Мысалы, «Бош», «Сименс», «Мицубиси», «Дженерал моторс» фирмалары логистикалық әдістерді қолдану арқылы шығындарды 1%-ға қысқарту арқылы, өткізу көлемі 10%- ға ұлғайтты.
Кәсіпорында материалдық ағымдарды басқарудағы логистикалық әдісті қолданғандағы жететін тиімділікті көрсетейік:
1) Өндіріс нарыққа бағытталады. 2) Жабдықтаушылармен әрiптестiк қатынастарды жақсартады.
3) Қарапайым жабдықтар қысқартылады.
4) Шығарылатын өнімнің сапасы жақсарады.
5) Өндірістік цикл қысқарады.
Сатып алу процесінде:
Ең тиімді жабдықтаушыны анықтау;
...