Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Мемлекет және адам құқықтары»: тақырыбы бойынша

Автор:   •  Октябрь 13, 2019  •  Эссе  •  1,011 Слов (5 Страниц)  •  1,880 Просмотры

Страница 1 из 5

     Қазақстан Республикасы Білім беру Министірлігі       

                                 Astana International University              

                               «Жоғарғы құқық мектебі»

                                               

                                               Эссе

      «Мемлекет және адам құқықтары»: тақырыбы бойынша

                                                  Орындаған: Халақаралық құқық

                                                                              факультетінің 1 курс студенті

                                                                              Досанова Карина

                                 

                                  Нур-Султан қаласы  2019

    Бүгінгі таңда адам құқықтарын қорғау мәселесі жекелеген мемлекеттердің ісі ғана емес, сонымен қатар әлемдік қоғамдастыққа мүше барлық елдердің маңызды мәселесі болып табылады. Адамның қазіргі заманғы құқықтары-жалпыадамзаттық мәдениеттің қуатты бөлігі. Бұл өте қымбат, құнды, асыл мұра, оны құрметтеу, сақтау және қорғау - әрбір азаматтың міндеті. Елімізде адам құқықтарын қорғау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Әр адамның өмір сүруге, өмір бостандығына құқығы бар. Осыған қарсы шығатындар сот үкімі бойынша қамауға немесе басқа да жазаға тартылуы мүмкін. Олай болған жағдайда қамауға алынған адамның өз мүддесін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге құқығы бар. Мұндай құқықтық заңдар кез келген адамның құқығы бар екенін куәландырады. Ал заң алдында барлығымыз теңміз. Еліміздегі адам құқығын қорғау өте үлкен жауапкершілікті талап етеді. Соның ішінде, әсіресе, жоғары деңгейде қарастырылатын құқықтың ең маңызды бір түрі – бала құқығы. Қазақстанның қолдануында іс-әрекеттер жасаудың белгілі құқықтық негізі - Балалар құқықтары туралы Конвенция бар, дегенмен, жалпы алғанда мемлекет, құқық қорғау органдарының ресми тұлғалары, қоғам, отбасы тарапынан, менің ойымша, күннен-күнге тиісті жауапкершілікпен қарауы байқалмай келеді.

    Біріншіден, еліміз бойынша соңғы жылдары сот шешімімен балаларын бағып-қағу міндеттерін орындамаған үшін, тек осы жылдары саны 1000 асқан ата-ана ата-аналар құқығынан айрылды, сонымен қатар, ата-аналар әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа да тартылып жатыр. Балаларға, әсіресе кішкентай балаларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. Менің ойымша, мемлекет қызметі мен отбасыларды мемлекеттік қолдау бала отбасында және одан тыс тап болатын зорлық көру қаупін мұқият және жан-жақты бағалау негізінде жүзеге асырылуға тиіс. Сондай ақ егер білім беру органдары, атап айтқанда, орта білім беру орындарының әкімшіліктері баланың дене жарақатымен келуін, оқушының сабаққа келмеуін, үлгерімінің күрт нашарлауы, т.б. осыған сәйкес қандай да бір деректерді байқаса арнайы өкілетті органдарға уақытылы хабарлауы тиіс деп ойлаймын. Бұл алдағы үлкен қатердің алдын алуы мүмкін.

...

Скачать:   txt (8.5 Kb)   pdf (73.8 Kb)   docx (9.7 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club