Әлеуметтанымдық білім
Автор: Акерке Джумабаева • Октябрь 2, 2021 • Реферат • 294 Слов (2 Страниц) • 306 Просмотры
Мұнда теориялық және империкалық процедуралар арқылы жаңа әлеуметтанымдық білім алынады. Соның нәтижесінде зерттелген объектіні жағдайына байланысты нақты теориялық және әлеуметтік проблемалар шешіледі. Әлеуметтанымдық бағдарламасы құрылымы жағынан екі бөлімнен тұрады: методологиялық және әдістемелік
Методологиялық бөлім мынадай элементтерден біріктіреді:
- Проблемаланы тұжырымдау зерттеудің нақты міндеттерін анықтау.
- Объектімен зерттеу тақырыбын анықтау.
- Объектіні жүйелі талдау.
- Негізгі түсініктерді талдау.
- Гипотикаларды анықтап қоя білу және тұжырымдау.
Әдістемелік бөлімі зерттелетін нәрсенің анықтамасын, алғашқы ақпараттарды жинау әдістерінің сипатын, алынған материалдарды талдаудың логикалық схемасын дайындау және қажетті инструменттарын көрсету болып табылады. Сонымен қатар, әдістемелік бөлім өзге бағдарлама ұйымдастыру міндетін де атқарады.
4 кезең
- Дайындық кезеңі. Бұл кезеңде әртүрлі жұмыстар ғылыми және практикалық амалдармен орындалады.
- Жорық кезеңі. Мағлұматтарды (жеке адамдармен, мекемеден) жинаумен байланысты. Мағлұматтарды зерттеу бағдарламасына сәйкес анкеталық, сұхбаттық бақылау құжаттарға талдау жасау тәсілдер көмегімен жинақталады.
- Мағлұматтарды өңдеуге дайындау және өңдеу кезеңінде мәліметтердің барлығы іріктеу өлшемдерімен тексеру тұрғысынан зерттеледі.
- Мағлұматтарды талдау және социологиялық зерттеулердің қорытынды құжаттарнын дайындау кезеңі.Бұл кезеңде талдау барысында алдын ала жасалынған ғылыми болжамдарды құптау немесе жоққа шығару қорытындысы жасалады.Әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік мәселелер аңғарылады.
Ғылымда сауалнама жүргізушы адамдарды- анкетерлер сұрақтарға жауап қайтарушы-респонденттер деп атайды. Алынған ақпараттың сипатына, алу тәсілдеріне қарай сауалнама бірнеше түрге бөлінеді: анкеталық және сұхбаттық
Анкеталық сауалнама көп жағдайда алдын-ала дайындалған анкета арқылы жүршізіледі. Әдетте анкета 3 бөлімнен тұрады..Үндеулік, төлқұжаттық негізгі
- Үндеулік бөлімінде зерттейтін нысан туралы қысқаша айтылып, оның мәні мен маңызын атап өтіледі.Анкетаны толтыру ережелері көрсетіледі, айтылған ақпараттардың құпиялылығын сақталатыны ескертіледі.
- Анкетаның негізгі бөлімінде қажетті ақпаратт алуға болатындығы орналастырады және сұрақтар барынша түсінікті және қызықты болуы тиіс.Бұл респонденттердің қызығушылығын арттырады.Жеке әңгімелесу пікір сұрау жүргізудің ең әмбебап әдістерің бірі.Қажет болған жағдайда зерттеуші сауалнамадағы сұрақтардан басқа да сауалдар қойып зерттеу нысанын кеңейтуі мүмкін.
Гипотеза дегеніміз талданатын құбылыстар, процесттерді дәлелдеп немесе теріске шығаруды түсіндіретін ғылыми негізделген болжау жорамал болып саналады.Әлеуметтанымдық зерттеулерде олар маңызды методикалық құрал ретінде оны бір тұтас логикалық танымдық процес етіп, біріктіреді.
...