Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мемлекет және құқық теориясының мәселелері пәні ғылым және оқу пәні ретінде

Автор:   •  Ноябрь 25, 2021  •  Лекция  •  16,199 Слов (65 Страниц)  •  551 Просмотры

Страница 1 из 65

Дәріс кешені

1. Дәріс (қысқаша конспект) тезистері

1-тақырып. «Мемлекет және құқық теориясының мәселелері пәні ғылым және оқу пәні ретінде. Мемлекет және құқық теориясының мәселелері пәні мен әдістері»

Жоспары:

  1. «Мемлекет және құқық теориясының мәселелері» арнайы курстың пәні, ерекшеліктері
  2. «Мемлекет және құқық теориясының мәселелері» әдістері, атқаратын қызметтері

Мемлекет және құқық теориясының мәселелері пәні – бұл мемлекет және құқықтың пайда болуының, дамуының және қызмет атқаруының жалпы заңдылықтары, олардың мәні, құрылымы, негізгі бөлшектері, принциптері, институттары. Сонымен қатар, МҚТМ қазіргі мемлекеттік құқықтық болмыстарды да қарастырады және жалпы құқықтық түсініктерді зерттейді. Мемлекет пен құқықты басқа құрылымдардан бөліп қарауға, сондай-ақ әлеуметтік құбылыстар жүйесіндегі олардың орнын анықтауға, сөйтіп мемлекет пен құқықтың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді.

МҚТ ерекшеліктері мынада:

  1. МҚТМ – қоғамдық ғылым, өйткені оның пәні мемлекет пен құқық, бұлар қоғамдық құбылыстар.
  2. МҚТМ саясат пен заңдарды зерттейтін ғылым, мұндай зерттеулерде мемлекеттің саясат пен билікке жататын немесе ғылыммен тікелей байланысты қызметтік іс әрекеттерін қарастырады. Осы айырмашылығы бойынша МҚТМ мемлекеттік құқық саласын тікелей зерттемеейтін басқа да қоғамдық ғылымдардан ерекшеленеді.
  3. МҚТМ мемлекет пен құқықтың негізгі және жалпылық заңдылықтарын зерттейтін жалпытеориялық ғылым болып табылады. Осы айырмашылық арқылы арнайы заң ғылымдарынан ерекшеленеді.
  4. МҚТМ әдістемелік сипатындағы ғылым. МҚТМ мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеудің амал тәсілдерін, жолдарын қарастырып, олардың әдістемелік мәселелерін шешеді.
  5. МҚТМ барлық заң ғылымдарына тән тұғырнамалық сипаты бар ғылым. Ол барлық заң ғылымы пәндеріне тән құқықтық құбылыстарды зерттейді.

Ғылымның  әдістері дегеніміз - өз пәнін танып анықтау үшін зерттеу барысында қолданылатын тәсілдер, амалдар мен жолдар жиынтығы.

МҚТМ  әдістері мемлекеттік құқықтық құбылыстарды зерттеуде ғылыми жолмен қамтамасыз ететін теориялық принциптердің, логикалық әдістер мен арнайы тәсілдердің жиынтығы.

МҚТМ қолданатын әдістеріне диалектикалық, жалпығылымдық, арнайы және ғылыми дербес әдістер жатады.

МҚТМ диалектиканың үш заңына сүйенеді. Олар:

  1. Сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге ауысу заңы. 2. Теріске шығаруды терістеу заңы. 3. Қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі заңы.

МҚТМ әдістері бірнеше түрлерге жіктеледі. Жалпығылымдық әдістер:

  1. Диалектикалық әдіс.  2. Абстрактілік ойлаудан нақты ойлауға өрлеу әдісі. 3. Тарихи әдіс. 4. Жүйелілік әдісі.

        Арнайы және ғылыми дербес әдістер:

  1. Формальды логикалық әдіс. Бұл әдісті қолдану арқылы құқықтың ішкі құрылымы, қайнар көздері, құқықты жүйелеудің әдістері зерттеледі. Бұл әдіс мемлекет нысанын, оның құрылымын талдағанда қолданылады.
  2. Салыстырмалы мемлекеттану мен құқықтану әдісі.
  3. Нақты әлеуметтік әдіс. Мұнда қоғамдағы заңдарға,мемлекеттің өзіне не оның бөліктеріне қоғам қандай пікірде, қандай қайшылықтарда екені анықталады. Бұған байқау жариялау, анкета жүргізу, сұқбаттасу, эксперимент жасау жатады.

        МҚТ атқаратын қызметтері: 

  1.  Онтологиялық қызметі. МҚТМ бұл қызметін  атқаруда осы ғылым пәнінің теориялық негіздерін зерттейді. Мемлекет және құқықтың не екендігін, оның қалай пайда болғанын түсіндіріп береді. Сонымен бірге қазіргі замандағы мемлекеттің қырлары мен сырларын ашып, ол туралы түсініктеме жасайды.
  2.  Гносеологиялық қызметі, яғни негізгі іргелік қызметі. Бұл қызметті жүзеге асыру барысында  МҚТ аталып отырған пәнді танып білу үшін зерттеудің теориялық тәсілдерін даярлайды.
  3. Әдістемелік қызметі. МҚТМ іргелі ғылым болғандықтан өз пәнін зерттеуге қажетті тәсілдер мен амалдардың жолдарын ұсынады. Осылар арқылы заң ғылымындағы ұғымдар, санаттар, құбылыстар зерттеліп, талданып ғылымда өз орнын алып жатады.
  4. Идеологиялық қызметі. Идеология ұғымына халықтың, қоғамның, белгілі бір әлеуметтік топтың көзқарастары мен ұстанатын принциптерінің жүйесі жатады.  Мысалы: КСРОда марксистік лениндік идеология, АҚШта американдық арман, ҚР-да «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасын атауға болады.
  5. Болжамдық қызметі. МҚТМ өзінің ұғым түсініктерінің даму барысын, мемлекеттік құқықтық аясының өзгерістерге ұшырауын болжайды және сол арқылы түзетуге келмейтін қателіктердің алдын алып, оларды болдырмауға мүмкіндіктер береді.
  6. Дағдылы ұйымдастырушылық қызметі. Мемлекеттер ертелі кеш шешілуі қиын мәселеге тап болатыны тарихтан мәлім. Міне, осындай жағдайда дағдылы істер мен тәжірибелерге және теориялық материалдарға сүйене отырып, МҚТМ ғылымы туындап отырған келелі мәселенің шешімін іздестіреді және оларды шешу жолдарын табады.
  7. МҚТМ тәрбиелеу қызметі - өзіне тән әдістер арқылы заңды құрмет тұтатын, заңға бағынатын азаматтарды қалыптастыру. Заң ғылымдары – құқықтың игілікті құбылыс екенін, әр азаматтың мүддесін қорғайтын заңды құрал екенін, оның өміріне қажетті жағдайлар жасайтын амал екенін дәлелдейді. Заңсыз іс-әрекеттердің қандай дағдарысқа апаратынын, адамды тығырыққа тірейтінін айқындайды. Сөйтіп, заңды сақтау, оны бұзбау әрбәр азаматқа қажет екенін дәлелдеп, адамдардың құқықтық санасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Заң ғылымы мемлекеттік құқықтық құбылыстарды зерттеп, олардың қоғамдық өмірмен байланысын, арақатынасын айқындайтын арнайы білім жүйесі. Заң ғылымы өзі зерттейтін объектілердің ерекшеліктеріне байланысты түрлі салаларға бөлінеді.

  1. Тарихи-теориялық ғылымдар. МҚТ, МҚ жалпы тарихы, ҚР мқ  тарихы, СҚІТ.
  2. Салалық заң ғылымдары: КҚ. АҚ, ҚҚ,ӘҚ, Қаржы құқығы, Отбасы құқығы, Еңбек құқығы, азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу, т.б.
  3. Салааралық заң ғылымы: прокурорлық қадағалау, криминология, экологиялық құқық, жер құқығы, деликтология, т.б.
  4. Шетел мемлекеті мен құқығын зерттейтін ғылым: халықаралық құқықы, шетелдердің конституциялық құқығы.
  5. Қолданбалы құқықытқ ғылымдар: криминалистика, сот медицинасы, сот психиатриясы,, сот статистикасы, сот сараптамасы.

       Тақырып бойынша тапсырма:

Мемлекет және құқық теориясының мәселелері пәні мен әдістері: (мысалы)

  1. МҚТМ – ақиқат, шындық жөнінде объективті білімдерді алу және теориялық жүйелендіру функциясын атқаратын адам қызметінің аясы. Қоғамдық сананың бір формасы.
  2. МҚТМ пән – ғылымның белгілі бір даму деңгейінде, белгілі бір уақытта игерілген және жоғары мектептің оқу үрдісіне енгізілген ғылымның бір бөлімі.
  3. МҚТМ – ғылыми зерттеуді қажет ететін ғылыми сипаттағы тапсырма. Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі жоспарлы-есеп көрсеткіші болып табылады.

Тақырыпты нығайту үшін таспырма:

1. Тақырып бойынша жан-жақты мысалдар қамтылған конспект дайындау

...

Скачать:   txt (210.4 Kb)   pdf (363.6 Kb)   docx (77.1 Kb)  
Продолжить читать еще 64 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club