Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеуметтану теориясы қалыптасуы

Автор:   •  Сентябрь 18, 2021  •  Реферат  •  500 Слов (2 Страниц)  •  372 Просмотры

Страница 1 из 2

Огюст Конт (1798-1857). Ол осы саланың негізін салушы болып саналады. Негізгі еңбектері: «Позитивтік философия курсы», «Позитивистік катехезис», «Позитивтік философия рухы туралы талдау» және т.б.1839 жылы «әлеуметтану» терминін алғаш енгізген де осы ғалым.

О.Конт жалпы қоғамның дамуы - бұл адамдардың интелектуалды ақыл-ой- санасының дамуының 3 кезеңі деген:

1 – теологиялық кезең

2 – метафизикалық кезең

3 – позитивтік кезең

Теологиялық сатыда адам қандай да бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысы жоқ ғажайып, абстрактілі ұғымдарды қолданды.

Метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты.

Позитивтік сатыда адам құбылыс, процестердің , заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартты. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырды.

 Конт - әлеуметтік жағдайларға ғылыми әдістерді қолдануды ұсынған алғашқы зерттеушілердің бірі. Ол қалыптастырған позитивизм философиясы әлеуметтік әлемді табиғи әлем сияқты бірдей ғылыми дәлдікпен және сенімділікпен зерттеуге болатынын негіздеді. Оның пайымдауынша, ғалымдар әлеуметтік мінез-құлықтың заңдарын анықтағаннан кейін оны болжай алады және басқара алады.

 Конттың ғылымға қосқан тағы бір үлесі - қоғамды түсіну үшін әлеуметтік тәртіптің және әлеуметтік өзгерістің көздерін іздеу қажет екенін дәлелдеуі. Әлеуметтік қүрылым (тәртіп) және әлеуметтік процесс (өзгерістер) ұғымдарының аясында бұл проблемалар әлеуметтік зерттеулердің басты бағыты болып қала береді.



Герберт Спенсер (1820-1903). Әлеуметтанудағы алғашқы ғалымдардың бірі - британдық философ-ғалым болды. Спенсер әлеуметтік және табиғи өмірдің дамуына эволюция себеп болды деп санайды. Ол қоғамды алып жаратылысқа ұқсатады: жүрек пен өкпе ағзаның өмірін қамтамасыз ету үшін бірігіп жұмыс істейтіні сияқты қоғамныц бөліктері де қоғамды сақтау үшін бірге жұмыс істейді.

...

Скачать:   txt (7.4 Kb)   pdf (61.2 Kb)   docx (9.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club