Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер

Автор:   •  Октябрь 29, 2021  •  Контрольная работа  •  3,730 Слов (15 Страниц)  •  392 Просмотры

Страница 1 из 15

12-дәріс

ҚАЗАҚСТАННЫҢ  [pic 1]

АШЫҚ  

УНИВЕРСИТЕТІ

ӘЛЕУМЕТТАНУ ТЕОРИЯСЫ

Қазіргі заманғы әлеуметтану  теориясы: негізгі мектептер

3-тарау. Қазіргі заманғы әлеуметтану  

теориясы: негізгі мектептер

Кітап:

Әлеуметтану теориясы

Тарау:

3. Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер Дәріс:

12. Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер

Ерте кезеңдегі америкалық әлеуметтану теориясы

АҚШ-та әлеуметтанудың пайда болған уақытын нақты атап көрсету қиын. Конт ұсынған  әлеуметтану терминін Джордж Фитцхью 1854 жылы қолданды. Америкалық әлеуметтану  1800 жылдардың соңына қарай Америкада бір мезгілде ғылыми мамандықтар мен қазіргі  университет жүйесінің қалыптасуына ықпал етті. Еуропада, керісінше, университет жүйесі  әлеуметтану пайда болғанға дейін қалыптасып үлгерген. Әлеуметтанудың Еуропада өз жолын  тауып кетуі қиынға соққанына қарамастан, жаңадан құрылып келе жатқан америкалық  университеттік жүйеде жолы жеңіл болды. Чикагодағы әлеуметтану бөлімі америкалық әлеу меттанудың дамуында маңызды рөл атқарады.

Алғашқы америкалық әлеуметтанушылар еуропалық теорияшылар сияқты консерватор  емес, көбіне саяси либерал болғанын дәлелдейтін көзқарастар бар.

Ерте кезеңгі америкалық әлеуметтануға тән либерализмнің екі негізгі элементі бар.  Біріншіден, ол адамдардың бостандық пен әл-ауқатқа сенімі арқылы меңгеріледі. Бұл cенімге  Конттың ұжымдық көзқарасына қарағанда Спенсердің бағыты көбірек әсер етеді. Екін шіден, бұл тұжырымға байланысты көптеген әлеуметтанушылар эволюциялық көзқарас  ұстанды. Алайда олар прогреске алып келудің ең тиімді жолын іздеу барысында екіге бөлінді.  Кей ғалымдар әлеуметтік реформалауға, ең алдымен, мемлекет көмек көрсетуі керек десе,  кейбіреулері қоғамның түрлі компоненттері өз мәселелерін өздері шешуі қажет деп санайтын –  араласпау доктринасын ұсынды.

Әлеуметтік өзгеріс және интеллектуалды ағымдар

Ерте кезеңдегі америкалық әлеуметтанудың тағы бір ерекшелігі – тарихи көзқарастан  бас тартып, позитивистік немесе «ғылыми» бағытқа бет бұрды. Дороти Росс жазғандай,  «біріктірілген абстракцияға қол жеткізу ынтасы және сандық әдістерді қолдану америкалық  әлеуметтік ғалымдарды тарихи және мәдени антропология мен Макс Вебер ұсынған түсіндірмелі  интерпретативті модельдерді жалпылаудан бас тартқызды» .

Беделді, қалыптасқан еуропалықтардың америкалық әлеуметтану теориясына тағы бір  факторының ықпалы болды. Еуропалық теорияшылар айтарлықтай деңгейде әлеуметтану  теорияларының негізін қалаушылар болды, ал америкалықтар осы негізді қолдана алды.  Оларға еуропалық ғалымдар Спенсер мен Конт айрықша ықпал етті. Алғашқы кезде Зиммельдің  шығармашылығы да белгілі деңгейде маңызды рөл атқарды. Ал Дюркгейм, Вебер және  Маркстің алғашқы жылдары айтарлықтай ықпалы болған жоқ. Герберт Спенсер идеяларының  тарихы ерте кезеңгі еуропалық теориялардың америкалық әлеуметтануға қаншалықты ықпал  еткенінің қызықты әрі ақпараттық мысалы бола алады.

Герберт Спенсердің әлеуметтануға ықпалы. Неліктен алғашқы кезеңде америкалық әлеу меттануда Спенсердің идеялары Конттың, Дюркгеймнің, Маркстің және Вебердің ағартуларына  қарағанда ықпалдырақ болды деген сұрақ туады. Ол өзгелерге қарағанда өз еңбектерін  ағылшын тілінде жазды деген көзқарастар бар және адамзат тарихының барлық кезеңдерін  қамтитын, тұтастай біріктіретін теорияны ұсынды. Әсіресе оның теориясы индустриаландыру  процесінің ауыртпалығын көрген қоғам үшін үміт сыйлап, жайлы сипатқа ие болды. Ғалымның  айтуынша, қоғам тоқтаусыз алға қарай жылжып отырады.

Спенсердің ең атақты америкалық шәкірттерінің бірі – Уильям Грэм Самнер оның көптеген  әлеуметтік дарвинистік идеяларын қолдап, ары қарай өрбітті. Сондай-ақ ол Лестер Уорд, Чарлз  Хортон Кули, Э.А. Росс және Роберт Парк сынды алғашқы америкалық әлеуметтанушыларға  зор ықпал етті. Алайда 1930 жылдары Спенсердің жалпы интеллектуалды ортада, әсіресе  әлеуметтануда беделі болмады. Оның социал-дарвинистік, араласпау идеялары әлемдік соғыс  пен ірі экономикалық тоқырау сияқты үлкен әлеуметтік мәселелермен салыстырғанда күлкілі  болып көрінді.

...

Скачать:   txt (51.8 Kb)   pdf (111.4 Kb)   docx (589.5 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club