Әлеуметтану ғылымының тарихи қалыптасуы мен дамуы
Автор: ulzhanulzhan • Октябрь 1, 2020 • Доклад • 921 Слов (4 Страниц) • 719 Просмотры
Әлеуметтану ғылымының тарихи қалыптасуы мен дамуы
Әлеуметтану жас ғылымдардың бірі. Себебі оның ғылым ретінде қалыптасуына қоғамдық дамудың белгілі бір кезеңінде ғана қажеттілік пайда болды. Бірақ әлеуеметтанудың кеш пайда болуынан оған дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлар болмады деген пікір тумауы қажет. Керісінше, әлеуметтану жайлы ойлар басқа да ғалымдар ортасында пайда бола бастаған. Мысалы, философиялық, экономикалық, тарихи, саяси шығармаларда жалпы қоғам, оның дамуы туралы пікірлер бой көрсете бастады. Әлеуметтану XVIII және XIX ғасырлардағы саяси, экономикалық және интеллектуалдық төңкерістер кезінде зерттеу саласы ретінде пайда болды. Сол кезде дәстүр мен наным-сенімдерді ғылым алмастыра бастады. Бұл, әрине, оңайға түскен жоқ. Осындай төңкерістердің айқын көрінісі Француз революциясы болған еді. 1789 жылы басталған қанды көтеріліс ескі әлеуметтік құрылымды жойғысы келді. Қантөгіс болмағанның өзінде де индустриалдық революция одан да қатты әсер етті. Аз уақыттың ішінде ауыл қоғамы қала қоғамына айналды. Өзгерістердің жылдамдығы мен ауқымдылығы әлеуметтік күйзеліс тудырды, себебі бұрынғы өмір сүру жолы мен әлеуметтік сенімдер жойылып бара жатты. Осы кезде бұрынғы шаруалар мен жұмысшылар қалаларда өмір сүруге тырысып, сол үшін күресті. Бұл көтерілістер XIX ғасырдағы еңбектердің дүниеге келуіне түрткі болды. Мысалы, Чарльз Диккенстің романдары мен Карл Маркстың теорияларының өзегіне айналды. Ғылыми зерттеулер жаңа кәсіп түріне айналып, қоғамды зерттеуге ынталандырды.
Әлеуметтанудың дербес ғылым ретінде пайда болуы О.Конттың есімімен байланысты екені барлығымызғаа белгілі. Ол басында Батыстағы позитивтік философияның негізін салушы болып есептелді. Оның 1830-шы жылы «Позитивті философияның курсы» деп аталатын 6 томдық еңбегі жарық көрді. Осы еңбегінде оның негізгі социологиялық ойлары айтылады. Кітаптың 3-ші томында алғаш рет Конт «социология» деген ұғымды енгізіп, қоғамды ғылыми тұрғыда зерттеуге кіріседі. Конт – әлеуметтік жағдайларға ғылыми әдістерді қолдануды ұсынған алғашқы зерттеушілердің бірі. Ол қалыптастырған позитивизм философиясы әлуметтік әлемді табиғи әлем сияқты бірдей ғылыми дәлдікпен және сенімділікпен зерттеуге болатынын негіздеді.Оның айтуынша, ғалымдар әлеуметтік мінез – құлықтың заңдарын анықтағаннан кейін оны болжай алады және басқара алады. Конттың ғылымға қосқан тағы бір үлесі – қоғамды түсіну үшін әлеуметтік тәртіптің және әлеуметтік өзгерістің көздерін іздеу қажет екенін дәлелдеуі. Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік процес ұғымдарының аясында бұл проблемалар әлеуметтік зерттеулердің басты бағыты болып қала береді.
Әлеуметтанудағы алғашқы ғалымдардың бірі – британдық философ-ғалым Герберт Спенсер болды. Ол әлеуметтік және табиғи өмірдің дамуына эволюция себеп болды деп санайды. Қоғамды алып жаратылысқа ұқсатады: жүрек пен өкпе ағзаның өмірін қамтамасыз ету үшін бірігіп жұмыс істейтіні сияқты қоғамның бөліктері де қоғамды сақтау үшін бірге жұмыс істейді. Бұл идеялар арқылы Спенсер әлеуметтік зерттеулерді бағыттайтын екі негізгі қағиданы қалыптастырды. Біріншіден, ол «әр қоғам – қоршаған ортаға бейімделу» деп түсіну керек деген қорытындыға келді. Бұл бейімделу бойынша қоғамды түсіну үшін өсу мен өзгерістер процесіне баса назар аудару керек. Бұл, сондай-ақ қоғамды ұйымдастырудың бір ғана жолы «дұрыс» болмайтынын білдіреді. Керісінше, түрлі жағдайларға байланысты қоғам да өзгеріп отыратынын байқатады. Спенсердің әлеуметтануға қосқан екінші үлкен үлесі – оның ғылыми әдіске қатысты ұстанымы болды. Өз заманындағы көптеген ғылымдармен салыстырғанда Спенсер зерттеу барысында моральдық бейтараптық пен мұқияттылықтың маңыздылығын дәлелдетті. Таптық жіктеліске, патриоттық және теологияға деген жалған көзқарастар туралы еңбектерінде ол әлеуметтанушыларға қоғамды зерттеген кезде өз пікірін және қалауын таңбауы керектігінін ескертті.
...