Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қоғамдағы урбанизация үрдісі мен миграцияның өзара байланысын

Автор:   •  Декабрь 4, 2021  •  Доклад  •  353 Слов (2 Страниц)  •  2,638 Просмотры

Страница 1 из 2

                 14 тақырып

Қазіргі таңда ауылдық тұрғындардың шамадан тыс қалалық мекенге көшу себебі нарықтық қоғамның қақтығысына байланысты әртүрлі мәселелерге алып келіп отыр. Яғни бұл тұрғындардың әлеуметтік экономикалық жағдайының біршама салыстырмалы деңгейін көрсетеді.

Соңғы жиырма жыл ішінде қазақ қоғамының мәдени, саяси және әлеуметтік құрылымы нарықтық түрлену жағдайына байланысты үлкен өзгерістерге ұшырады. Бұл өзгерістер қоғамның барлық саларын қамти отырып, біздің алдымызға көптеген шешуін талап ететін мәселелерді әкелді. Олардың бірі ретінде урбанизацияны айтуға болады. Урбанизация үрдісі қандай халықтың болмасын басынан ерте ме, кеш пе өтетін құбылыс. Урбанизация – адамзатты таратып орналасудағы қалалардың рөлі мен ара салмағына байланысты қалалық өмір салтын орнату сипатындағы тарихи процесс болып табылады.Оң қөзқарас ретінде урбанизация үрдісі экономика дамуына үлесін қосады. Егер ауылдан адамдар келсе қала тұрғындарының саны артады. Ал тұрғындар санының артуы елге түсер қаражаттың өсуіне алып келеді. Ауылдан келген адамдар қаланың көркейуіне үлес қосар болса, онда тек экономика емес қаланың техналогиялық, мәдени және саяси әл- ауқатыда өсіп өркендейді. Бұл әлеуметтік стратификациялық қоғамда жаңа түрлену, экономикалық таптардың деңгейі анықталуда. Бұл өз кезегінде, Қазақстандағы бірден бір маңызды әлеуметтік теңсіздік параметр ретінде байқала бастады.Мысалы үшін 2014 жылғы 1 шілдесінде еліміздегі халық саны 17 264,6 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 9 508,4 мың немесе 55,1%, ауылдықтар – 7 756,2 мың немесе 44,9% адамды құрап отыр.

Теріс көзқарас ретінде урбанизация үрдісінің адам өміріне алып келер кері әсерлерінде айта кеткен жөн. Яғни урбанизация экологияға зиян алып келеді. Урбанизация процесі кең ауқым алған жерлердің экологиялық жүйесі әлсірейді.

...

Скачать:   txt (4.9 Kb)   pdf (70.3 Kb)   docx (552.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club