Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мен – концепциялар және өзара қатынастар психологиясы

Автор:   •  Октябрь 16, 2018  •  Эссе  •  451 Слов (2 Страниц)  •  1,960 Просмотры

Страница 1 из 2

Мен – концепциялар және өзара қатынастар психологиясы

        Ең алдымен «концепция» сөзіне анықтама берейік. Жалпы, концепция дегеніміз – белгілі бір құбылыстарға бір-бірінен шығып отыратын өзара байланысты көзқарастар жүйесі немесе бір нәрсеге деген негізгі жалпы ой, Ожиков бойынша «Концепция – белгілі бір затқа деген негізгі ой, көзқарастар жүйесі». Осы анықтамалардан біздің өміріміз әртүрлі концепциялардан тұратынын айта аламыз. Өйткені, әр адамның не нәрсеге болсын әрқашан өзіндік көзқарасы болады, қарапайым түрде мысал келтіретін болсақ, менің білім алу жүйесіне деген көзқарастарым және ойларым – концепция болып табылады. Былай айтқанда, адам – концепциялар. Неліктен? Себебі адам оның дүниетанымының айнасы. Біздің қылықтарымыз, сөйлеу әдебіміз – бізді тұлға ретінде қалыптастырады. Адам туралы көзқарас ең алдымен оның дүниетанымы негізінде қалыптасады. Біздің қоршаған орта, адамгершілік, әлем, құндылықтар және т.б. айналадағы нәрселер жайындағы концепцияларымыз біздің тұлғамызды құрайды. Мен де барлық адамдар секілді концепциялардан тұрамын және менің белгілі бір затқа деген көзқарастарым – менің жеке тұлғам. Мені басқа адамдардан ерекшелейтін - менің дүниетанымым, яғни концепцияларым.

        Адам және концепциялардың өзара қатынасы қандай? Жалпы, тұлғаны (адамды) анықтайтындар: нені және қалай білетіндігі, нені және оны қалай бағатыны, кіммен және қалай қатынас жасайтыны, оның көркемдік қажеттілігі және оны қалай қанағаттандыратындығына байланысты. Айтылып кеткендей, осының барлығы тікелей адамның концепциясынан тұрады. Мысалы, екі адамға бір жұмыс берсе, екеуі оны өз білетіндігімен жазып шығады, себебі, екеуінің ол жұмыс туралы концепциялары әртүрлі. Тұлғаны анықтайтын, жоғарыда айтылған тағы бір нәрсе – кіммен және қалай қатынас жасайтыны. Бұл да концепцияның көрінісі. Себебі бір адамның басқа бір адамға деген козқарасы мен ойлары – концепция. Мысалы, маған жабық киінетін қыздар ұнаса, досыма керісінше, ашық киінетін қыздар ұнауы мүмкін, себебі оның көзқарасы менікімен сәйкес келмейді. Осы мысалдардан біз адам және концепция арасындағы қатынастарды көре аламыз: адам – концепция. Адам -  концепцияның көрінісі. Бұған дәлелді күнделікті өмірден келтіруге болады: бір студент жақсы баға алу үшін түнімен оқумен айналысып, өз денсаулығына қарамауы мүмкін, себебі оның концепциясы бойынша жақсы баға денсаулықтан артық, ал екінші бір студенттің концепциясы бойынша денсаулық жақсы бағадан артық. Мінез-құлық, көңіл-күйге келер болсақ, бұл да концепция. Бұған дәлел ретінде қарапайым нәрсе – ауа райы. Бір адам үшін таңнан бастап бұлттану мен нөсердің басталуы барлық көңіл-күйін бұзады, ол барлық шаруаларын кейінге қалдырып, бәріне ауа-райын кінәләп отырады, себебі оның көзқарасында ауа-райы барлық жоспарға әсер етеді. Ал екінші адамның көзқарасы оған қарама-қайшы болуы мүмкін, себебі оның көзқарасы бойынша ауа-райы ешқандай жоспарға әсер етпеуі тиіс.

...

Скачать:   txt (6 Kb)   pdf (44.8 Kb)   docx (11.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club