Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың өзара байланысын статистикалық зерттеу

Автор:   •  Декабрь 21, 2021  •  Контрольная работа  •  2,285 Слов (10 Страниц)  •  699 Просмотры

Страница 1 из 10

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі                        Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті                                                                       Экономика факультеті                                                                                                               Есеп және талдау кафедрасы

[pic 1]

Тақырыбы: Әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың өзара байланысын статистикалық зерттеу

 

Орындаған:Онгар Ә.Е

Тобы:ЕА-21

Тексерген: Кайранбеков Б.О.

Нұр-Сұлтан 2021ж

Әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың өзара байланысын статистикалық зерттеу

1. Өзара байланыс түсінігі және оның түрлері.

2. Статистикада өзара байланысты зерттеу әдістері.

3. Коррелляциялық-регрессиялық талдау

   1. Өзара байланыс түсінігі және оның түрлері.

   Қоғамдық құбылыстар бір-бірімен байланысты болады. Бір құбылыстың өзгеруі екінші құбылысты тудырады немесе өзгертеді. Қоғамдық құбылыстардың өзара байланысын, тәуелділігін айқындау арқылы олардың даму заңдылығын анықтауға болады. Сондықтан әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың өзара байланысын зерттеу статистиканың негізгі міндеттерінің бірі болып саналады. Құбылыстар байланысын статистикалық зерттеу нәтижесінде құбылыстар арасындағы қатынастың себебі, салдары, құбылысқа, үдеріске әсер ететін факторлар ықпалы анықталады. Мұндай зерттеулер бірнеше кезеңнен тұрады. Байланысты статистикалық зерттеудің алғашқы кезеңінде экономикалық немесе әлеуметтік құбылыстың табиғаты экономикалық теория, әлеуметтану тұрғысынан талданады, яғни сапалық 190 талдау жасалады. Бұл құбылыстар арасындағы байланысты анықтау ең алдымен теориялық талдауға негізделеді дегенді білдіреді. Екінші кезеңде құбылыстар байланысының үлгісі құрылады, ал үшінші кезеңде құбылыстың сапалық ерекшеліктері ескеріле отырып, зерттеу нәтижелері түсіндіріледі.  

    Құбылыстардың өзара байланысын зерттеу үшін белгілердің екі түрін қолданады:

 факторлық белгі;

  нәтижелік белгі.

    Факторлық белгі деп өзімен байланысты белгілерді өзгертетін белгіні айтады.

   Нәтижелік белгі деп факторлық белгілер әсерінен өзгеретін белгіні айтады. Бұл белгілерді себеп-салдар белгілері деп те атайды.

    Құбылыстар арасындағы өзара байланыстың екі түрі болады:

  функционалды байланыс;

 стохастикалық байланыс.

    Функционалды байланыс деп факторлық белгінің бір мәніне нәтижелік белгінің бір немесе бірнеше айқындалған мәні сәйкес келетін байланысты айтады. Мысалы жүрілген жол жылдамдыққа және уақытқа, квадраттың ауданы оның қабырғасының ұзындығына байланысты болады.Функционалды байланысты мынадай теңдеу түрінде көрсетуге болады:

[pic 2]

    Функционалды байланыс көбінесе математика, физика, т.б. нақты ғылымдар сипаттайтын құбылыстарда байқалады. Егер белгілер арасында функционалды байланыс болса, ол байланыс бақылау жүргізілген барлық жағдайла және жиынтықтың барлық бірлігінде байқалуы тиіс.

     Егер белгілер арасындағы тәуелділік әрбір жеке жағдайда емес, жалпы алғанда, бақылау саны өте үлкен болған жағдайда ғана байқалса, ондай байланысты стохастикалық байланыс дейді. Стохастикалық байланыста факторлық белгінің бір мәніне нәтижелік белгінің көптеген мәндері сәйкес келеді. Мысалы, еңбек өтілі (стажы) бірдей жұмысшылардың тарфтік дәрежелері әр түрлі болуы мүмкін, себебі тарифтік дәреже жұмысшының біліктілігіне, қабілетіне, т.б. факторларға байланысты болады.  

...

Скачать:   txt (30.4 Kb)   pdf (203.2 Kb)   docx (60.6 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club