Қазақстандықтардың саяси білімдерінің деңгейін қалай бағалайсыз?
Автор: Gaukhar0 • Октябрь 21, 2020 • Эссе • 438 Слов (2 Страниц) • 600 Просмотры
Қазақстандықтардың саяси білімдерінің деңгейін қалай бағалайсыз?
«Білімді –мыңды, білекті-бірді» жығады деген мақал мың теңеуге бір дәлел деп білемін. Эссемді ары қарата өрбіту барысында ең алдымен «білім-сарқылмайтын қазына, тозбайтын –тон» екені баршамызға айдан анық екені өзім үшін тағы бір мәрте ой елегінен өткізіп алдым. Енді,менің айтар ойым, жүйрік қиялым нені ортаға салғысы келеді?
Қазіргі кезде ғылыми технологияның дамуына байланысты білім деңгейі де жоғарылауда.
Қазақстанда 2018 жылдан бастап мектеп бағдарламасы жаңа бағытқа көшті. Оның жақсы жағымен қатар тиімсіз жағы да бар. Өйткені, Қазақстан дамушы елдердің қатарында болғандықтан дамыған елдердің оқу бағдарламасына бірден көшу қиынға соқтырып жатқаны сізге де, бізге де мәлім. Мен бастауыш сынып мұғалімімен тілдескенімде, қазіргі таңда оқушыларды сауатсыздығы көбеюде деген болатын. Неге? Себебі, біріншіден «Әліппе» сабағын мектеп бағдарламасынан алып тастауы, екіншіден «диктант, мазмұндама, шығарма» ларды қазіргі мектеп оқушылары жазбайды. Бұл оқушылардың орфографиясында көп қателіктің болуына әкеледі деп ойлаймын.Әрине, жаңа бағдарламаның оңтайлы, тиімді жақтары да бар екені сөзсіз. Бірақ жаңа бағдарламаны бастауыш сыныптан бастамай, 5 сыныптан бастағаны жөн болар еді деп ойламын.
Қазіргі білім беру қызметінің мақсаты - білім «беру» ме, әлде «алу» ма? Қайсысы нәтижелі болмақ? Ал білімді беру болатын болса, ұстаз шаршамау керек – тықпыштай бер, тықпыштай бер шәкірт басына! Олай болатын болса, адамдардың бәрі де білімді болып кетер ме еді?.. Өкінішке орай, олай емес. Білімді болу үшін оқушы еңбектенуі керек, әрекет жасауы қажет. Білім өз басында пайда болу үшін адам оны есінде сақтап, түсінуі,
...