Қазақстандағы саяси билік мәселесі
Автор: Asylzhan030103 • Март 9, 2022 • Реферат • 1,223 Слов (5 Страниц) • 262 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
Факультеті: «Экономика және бизнес Жоғарғы мектебі»
Кафедрасы: «Менеджмент және басқару»
СӨЖ
Тақырыбы: «Қазақстандағы саяси билік мәселесі»
Орындаған:Оразбай А.
Тексерген: Инкарбаев Е.
Қазақ елі ел болғалы қаншама ғасырлардың жүзі өтті. Сол ғасырлар арасында еліміздің басына қаншама әділ, қаншама мықты саясаткер адамдар хан болып, ел жағдайын жасап отырған . Ел болған соң қазақ елінің пешенесінде әділетсіз, көзі қанға толған қанышер хандарда аз болмаған. Әрине әділеттілік жоқ елде тыныш өмір қайдан болсын! Бірақ еліміз ол жағдайдан сағы сынған жоқ. Тәуке хан ел билеген тұста қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман орнаған. Арине ол заман өз уақытымен қиыншылыққа ұласа бастады. Еліміз саяси жағынан бытыраңқылыққа ұшырады. Шығыстан басып кірген жоңғар әскерлеріне төтеп бере алмаған қазақ елі жан-жаққа бас сауғалап қашып кетті. Ел билігі құлдырады. Ұлдар құл, қыздар күңге айналды. Еліміз бар күшін жинап жоңғарларды қазақ елінен қуып шыққанымен жүз-жүзге бөлініп ұлы ханды сайлай алмай 3ке бөлініп кетті. Осы бөліну қазақ елінің шанырағын ортасына түсіріп, мемлекеттің тас-талқанын шығарды. Одан кейінгі заман қазақтың басына қонған пәлекет іспеттес.
Араға 1 ғасырдай уақыт салып қазақ мемлекеті толықтай дерлік ресей құрамына өтіп кетті. Сол уақыттан бастап біз бодандық саясатының озбырына айналдық. Сол заман қазаққа қырғын алып келген заман. Қазақтың арасынан дәл осы уақыттарда оқыған, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар жарқ етіп шыға бастады. Олар ел жағдайын көріп, оның қиншылығын түсініп, қазақ елінің азаттығы үшін күресе бастады. Билік арасына еніп қазақты жақтайтын жанашыр адамдар көбейе бастады. Сол зиялылармыз: «Алаш» атты, есімізде тек ұлы іс-әрекеттерімен есте қалған ұлы партия яғни ұйымды құрған. Алаш уақыт өткен сайын күшіне еніп ел үшін көп ерлік атқарған қазақ тарихындағы ең бір ұлы партия.
КСРО дәуірінде қазақ елі өте қатты қиыншылық көрді. Билікті ресей әлемі толықтай дерлік өз қолына алды. Жоғарыдан тек ресейді жақтайтын қуыршақ пенделер ғана орын ала алды. Елімізді жақтаған отансүйгіш қазақтар не қудаланды, не атылды. Әскери комунизм саясаты: бұл ресей басшыларының нақты қазақ елін жою бағытында жұмыс жасап жатқанының көрінісі бола алады. КСРО барлық 15 мемлекеттің басын біріктіріп қазаққа сәл-пәл болсын жоғарылау дәрежесін беріп одақтас мемлекетке дейін жоғарылатқанда қазақ үшін жан беруге дайын азаматтардың бірін де болсын лайықты лауазымға қойған жоқ. ЖЭС заңдары қолға алынып жаңа дәуір басталып қазақ елі бұрынғыдан тәуірленіп келе жатқан кезде КСРО басшысы Ленин қаза тауып, орнына Сталин лақап атымен танылған Иосиф Виссарионович Джугашвили билік басына келеді. Өте қатал ұстанымды ұстанатын Сталин елімізде Таталитарлық саясатты орнатты.
Татаритарлық саясат дегеніміз мемлекет немесе партия жеке адамның үстінен абсолюттік билікті орнатуы, бұл дегеніміз адам тағдыры билік басында отырған басшылардың қолында. Дәл таталитарлық саясат барысында қазақ азаттығы үшін күресіп келген А.Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, С. Сейфулин, М. Жұмабаев, М. Тынышбаев, Т. Рысқұлов т.б. зиялы, білімді серкелеріміз атылды, репрессияға ұшырады, жер аударылды. Таталитарлық саясат қазақ еліне өте қатты озбырлығын көрсетті. Ел азаптанды, қайғы қасырет шекті, ал біздің үкімет оны өрлетпесе тоқтатпады. Ел ашаршылықты бастан өткізді, халықтың жартысы қырылып тірі қалғандары жан-жаққа қашты. Бірақ өмір онымен тоқтамады елбасына мысы басым, оң-солың ажырата алатын, ел қамын ойлаған азамат басшылыққа отырды. Оның есімі Дінмұхаммед Қонаев. Ол кісі басшылыққа отырған сәттен бастап ел тынышталып Қазақстан КСРО арасында дами бастады. Қонаев басшылар арасында, КСРО ішінде абыройлы болды. Тіпті КСРО басшысы Брежневпен жақсы дос болған. Гарбачов билік басына отырғанда қайта құру саясатын жүргізеді. Сол тұста ол Қонаевты орнынан алып тастап Колбин деген ресей азаматын басшылыққа тағайындайды. Әділ басшыны орнынан алып тастағанын біліп отырған халық басшылыққа орыс адамы келгеніне қарсы болып көтеріліс жасайды. Тарихта ол Желтоқсан көтерілісі болып қалды. КСРО тарқаған соң Қазақстан ең соңғы мемлекет болып КСРО құрамынан шығады. Өз егемендігімізді жариялап, Конституциямызды қабылдап Қазақстан Республикасы деген атақ алдық. Алғашқы президентімізді сайлап орнын бекітіп Унитарлы Республикалық бағытты ұстандық. Осы сәттен бастап бізде нақтыланбаған таталитарлық саясат орнай бастады. Әрине Сталин заманындағыдай белгілері көрінбеседе ішкі саясат таталитаризм жүйесінде жұмыс жасады. Біздің басшылық унитарлы болғандықтан тікелей президент шешімімен кез-келген бұйрық орындалатын болды. Бұл елбасымыз Назарбаевты тікелей Қазақстандағы 1ші адам етіп халық ойынсыз-ақ белгілеп қойды.
...