Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстандықтардың фашистік агрессияға қарсы күрестегі ерліктері

Автор:   •  Ноябрь 13, 2018  •  Реферат  •  4,365 Слов (18 Страниц)  •  3,298 Просмотры

Страница 1 из 18

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазақстандықтардың фашистік агрессияға қарсы күрестегі ерліктері

Орындаған: 1 курстың студентті

3 жылдық қазақ группасы

Мамандық: 5В070400  «Есептеу техникасы

және бағдарламалық қамтамасыз ету»

Исатай М.Н

Тексерген: Каленова Г.Б

Атырау 2018

МАЗМҰНЫ

  1. КІРІСПЕ
  2. ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ФАШИСТІК АГРЕССИЯҒА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕГІ ЕРЛІКТЕРІ
  1. Қазақстан-майдан арсеналы. Қазақстандықтардың еңбек ерліктері.
  2. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майдандарында.
  3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерлігі.
  4. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның мәдениеті мен ғылымы.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

1941-1945 жылдардағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде тарихқа мәңгі енді. Бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасты. Соғыстың басталуы және оның сипаты туралы тарихи деректерге сүйенетін болсақ: Шабуыл жасаспау туралы (1939 ж. 23 тамыз) Кеңес Одағымен жасаған келісімді фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда бұзып, соғыс жарияламастан КСРО аумағына аяқ астынан басып кірді. 1940 жылдың орта кезеңінде-ақ (18 желтоқсан) Гитлер КСРО-ға басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрлықтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты қысқа мерзім ішінде (3-4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді. Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық-түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді. Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Мәншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін»,— деп әскери комитетке өтініш берді. Қазақстаннан соғыс майдандарында 100-ге жуық ақындар мен жазушылар шайқасқан. Республика бойынша 2 миллионнан астам адам әскери даярлықтан өтті.

II. ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ФАШИСТІК АГРЕССИЯҒА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕГІ ЕРЛІКТЕРІ

2.1. Қазақстан-майдан арсеналы. Қазақстандықтардың еңбек ерліктері.

Әскери-экономикалық жоспарға сәйкес, республика экономикасы әскери тәртіпке ауысты. Жаңа кәсіпорындардың құрылысы жедел қарқынмен жүрді. Фронт маңындағы жолақтан республика аумағына 220 зауыт пен фабрикалар эвакуацияланды. Бірқатар кәсіпорындардың жабдықтары салынып жатқан өнеркәсіп кешендерін аяқтау үшін пайдаланылды. Көшірілген кәсіпорындар базасында Қазақстанда станок жасау, оқ-дәрі өндіру және т.б. пайда болды. Дзержинский, Ярослав, Днепропетровск  МАЭС жабдықтары және басқа да қайта құрылған зауыттар мен фабрикаларды орналастырудың негізгі аудандары Алматы, Орал, Петропавл, Шымкент, Семей, Қарағанды, Ақтөбе болды.

Қатал соғыс жағдайында жұмысшы класының, колхоз шаруаларының еңбек шығармашылық белсенділігі өсті. Алғашқы күндері-ақ жоспардан тыс өнім беру, жексенбілерді өткізу, еңбекшілердің қорға еңбек жинақтарын, құнды заттарды, бағалы заттарды енгізу сияқты жеңіс қорын құрудың нысандары пайда болды.

Соғыс жылдарында Қазақстанның мыс кенін өндірудегі, қара мыс өндірудегі рөлі артты, марганец және никель кендерін өндіру ұйымдастырылды. Қазақстан жалпы одақтық қорғасынның 85% - ын, көмірдің 1/8-ін, молибденнің 60% - ын өндірді.

...

Скачать:   txt (64.8 Kb)   pdf (306.6 Kb)   docx (31.8 Kb)  
Продолжить читать еще 17 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club