Ғаламтордың кері әсері
Автор: nadirkhanai00 • Ноябрь 8, 2018 • Реферат • 736 Слов (3 Страниц) • 940 Просмотры
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Зерттеу жұмысы
Тақырыбы: Ғаламтордың кері әсері
Орындағандар:Нығматтулаева Г, Нәдірхан А, Эдилова С, ҚФ-203
Тексерген:Шынарбекова М.
Тақырыбы: Ғаламтордың зияны
Өзектілігі: Ғаламтордың адамзатқа тигізген барлық зияндылықтары. Жалпы Ғаламтор ХХ ғасырдың ортасынан бастап жұртшылық арасында кеңінен қолданыла бастады. Басында қатты зияндылықпен ерекшеленбеген ол кейіннен неше түрлі зұлматтарға алып келе бастады. Ғаламтордың зияны бірнеше.
- Ғаламтор жеткіншектер үшін реферат музыка фильмдер суреттер ойындар көшіріп алу бір бірімен хат жазысу үшін қажет. Олар өздерін мазалаған сұраққа да жауап іздейді. Алайда ғаламтордың қауіпі де аз емес. Мысалы ресейлік ғалымдардың айтуынша ғаламторда экстремисттік және террористтік сипаты бар 40-тан астам сайт жұмыс істеп тұр. Ал оның жастарымыздың ой-санасы мен дүниетанымын теріс жолға бағыттап оларды қылмысқа азғыратыны мәлім. Биыл жасөспірімдердің 4 пайызы жыныстық қатынасты көрсететін әлемдік желілерді көрген, 14,5 пайызы беймәлім адамдармен кездесуге келіскен. 19 пайызы порносайттарға енген, 38 пайызы зорлық-зомбылық туралы ақпараттарды тамашалаған. 16 пайызы нәсілшілік мазмұндағы сайттарға кірген. Ғаламторды орнымен пайдаланбасақ, келтірер залалы басым.Осылардан өмірде орын алған шынайы оқиғаларды сөз етер болсақ :
- Ғаламтор арқылы адамдарды тонайтын алаяқтар бар. Оған дәлел ретінде Қарағанды қаласында болған оқиғаны алсақ болады. 69 жасар әйел ғаламтор арқылы бейтаныс еркекпен танысқан. Танысу нәтижесінде кездесуге дейін барған. Ақыры алаяқ жігіт өзінің айласын асырып, әйелді тонап кеткен. Қорытындысында әлгі еркектің сайттағы сурет, есімі арқылы полициялар құрықтаған. Алайда ол бұрын соңды да бірнеше әйелді тонап онымен қойған зиянды әрекеттер жасап, сотты болғанын баяндады ІІБ қызметкерлері.
- Тағы да бір айта кететін жайт, ғаламторда жасанды парақшалармен қайырымдылық сұрап жүргендер көп. Осы оқиғаға орай, жергілікті билік мұндай қайырымдылық шараларына сақтықпен қарап, тексеріп атсалысуға шақырды.
- Жасөпірімдерді ғаламтордан шектеу керек я болмаса арнайы уақыт беріп, қадағалап отырған дұрыс. Мәселен, үй тапсырмасына берген жұмысты орындаймын деп бала ғаламторға мәлімет іздеуге кіреді. Алайда экран сыртындағы әртүрлі суреттер баланын санасын бұзады, назарын өзіне аударады, қызығушылығын арттырады. Осыдан кейін барып бала бұзылады. Нәтижесінде ондай бейнелерді жарнамадан алып тастаған дұрыс.
- Соңғы жылдары әлеуметтік желі арқылы түрлі ойындар шығып жатыр. Зерттеушілердің пікірінше, сол ойындардан балалардың 25 пайызы қайтыс болған.
- Әлеуметтік желіге сэлфи жасаймын деп өз баласынан айырылғандар да бар. 2018 жылы 21 мамыр айында Үндістандық әйел сурет түсіремін деп 10 айлық баласын эскалатордан құлатып алған. Анасының қолынан ыршып кеткен қыз оқиға орнында мерт болған.
- 2016 жылы Екібастұз қаласында тағы да қайғылы жағдай орын алды. Бойжеткен қыз құлаққаппен жолдын бойында келе жатқан. Қатты жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан жеңіл көлік оны жолдың шетінде шығады деп ойлаған. Алайда қыздан ешбір қимыл көрмегендіктен, тежегішін басып үлгере алмай қызды сол жерде қағып кеткен. Бойжеткен дереу ауруханаға жөнелтілген.
Обьектісі: Адамзат(жасөспірімдер)
Пәні: Ғаламтор – әлеуметтік желі
Мақсаты: Ғаламтордың әлеуметке тигізетін зиянын анықтап саралау. Жасөспірімдерді ғаламтордан келетін қауіптен сақтау жолын табу. Ғаламторды пайдалану ережелерін қоғамға көрсету. Ғаламтордағы қауіпті әлеуметтік желілерден сақтау.
Міндеттері: Статистикалық зерттеулерге сүйену, қоғамдағы ғаламтор қолданатын адамдардан интервью алып сауалнама жүргізу. Анонимдік анкета қызметін пайдалану.
Зерттеу сұрақтары: Әлеуметтік желі адамның қарым-қатынасына кері әсерін тигізеді ме? Әлеуметтік желіні қолдану арқылы адам қалай өзіне зиян келтіріп жатыр? Әлеуметтік желі адамның психологиясына қалай әсер етеді?
...