Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мүмкіндігі шектеулі жеткіншектерге көрсетілетін психологиялық көмек түрлері

Автор:   •  Сентябрь 15, 2019  •  Статья  •  1,060 Слов (5 Страниц)  •  602 Просмотры

Страница 1 из 5

Мүмкіндігі шектеулі жеткіншектерге көрсетілетін психологиялық көмек түрлері

Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы туралы  1975 жылғы БҰҰ-ның декларациясында : «мүгедек-ол жүребарды науқастану, жарақат алу, апатқа ұшырау немесе кемтар болып туу салдарынан адамның мүлдем не уақытша еңбек ету қабілетінен айырылуы» деп көрсетілген.[1]

Елімізде жыл санап мүмкіндігі шектеулі жандардың саны өсуде. Осыған байлансты оларға психологиялық көмек көрсетту алдыңғы қатарлы мәселелердің бірі болып отыр. Әсіресе балалық шақтан ересектікке өтуде тұлғаның барлық аспектілерінің өзгеруі жүретін жеткіншектік кезеңдегі психологиялық көмектің алатын орны зор. Ал сол жеткіншектің мүмкіндігі шектеулі болса ше?

Эбат, Питерсон, Конгер (Ebata, Peterson,& Conger,1900) корсеткендей жеткіншектіктік кезеңде, осы жастағы дамудың ерекшеліктерін ескере отырып, психопотологияға деген көзқарас мыналарды ескеруі тиіс:

  • Дамудың нормативті мүмкіндіктері. Жеке адам үшін қауіп факторы немесе қорғаныс механизмі ретінде қызмет етуі мүмкін.
  • Әлеуметтік контекст. Жеке адамның дамуы орын алады.
  • Индивидуум мен әлеуметтік контекст арасындағы байланысты сипаттайтын динамикалық және транзактілі процестер

Мүмкіндігі шектеулі жеткіншектерге психологиялық көмек көрсету – әлеуметтік белсенділікті жоғарылату, өз бетінше әрекет ету дағдыларын дамыту, мүмкіндігі шектеулі жеткіншек тұлғасының әлеуметтік позициясын ңығайту, психикалық және физикалық мүмкіншіліктеріне сай ақыл – ой процестерін дамытуға бағытталған оңалту жұмысындағы күрделі жүйе. [2]

Психологиялық оңалту жүйесі мыналардан тұрады: психологиялық диагностика, психологиялық түзету, психологиялық қолдау және психологиялық кәсіптік бағдарлау (профориентация).

Мүмкіндігі шектеулі жеткіншектерге жүргеізілетін көмектің тиімді болуы үшін психодиагностикалық тексеру жүргізу қажет. Диагностика кезінде мына принциптерді сақтау маңызды болып саналады:

  1. Іс-әрекет принципі – мүмкіндігі шектеулі жеткіншекке қолжетімді қызмет жүргізуге бағытталған.
  2. Психологиялық тексеру кезінде алынған ақпараттардың нәтижесінің сапалылығы принципі. Бұл принцип Л.С.Выготскийдің концепциясы негізінде жасалған. Психолог үшін маңыздысы орындалған тесттік тапсырмалардың нәтижесі ғана емес, баланың жұмысқа қабілеттілігі, қалыптасқан дағдыларын жаңа тапсырмалырды орындау барысында қолдана алу, баланың тапсырмаға қатынасы, оның нәтидесін өзіндік бағалауы болып табылады.
  3. Тұлғалық көзқарас принципі, диагностика барысында психолог баладағы жеке сиптомды ғана емес, оның жеке тұлғасын талдайды.
  4. Салыстырмалы тәсіл принципі, даму бұзылысын зерттеу барысында психолог жеке баланың психикалық даму ерекшелігін ескеруі қажет.
  5. Кешенді тәсіл принципі, баланың психикалық дамуының диагностикасына мүмкіндігі шектеулі баланың даму бұзылыстары негізінде жатқан көптеген факторлардың есебі кіреді: клиникалық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік.

Психодиагностика нәтижелері бойынша:

  • психикалық іс-әрекеттің бұзылыстары көрінеді;
  • психикалық функциялардың сақталғандығы көрінеді;
  • баланың интеллектуалды дамуының әртүрлі кезеңдерінде табысты дамуына ықпал ететін психикалық белсенділіктің ерекшеліктерін бағалау жүргізіледі.[3].

Осы бұзылыстардың негізінде психологиялық көмектің негізгі психологиялық түзету жұмыстары жүргізіледі.

Психологиялық түзету – психологиялық әсер ету әдісінің бірі ретінде психикалық процестер мен қызметтерді белсендендіру және жеке қасиеттердің үйлесімділігін дамытуға бағытталған[4].

Мүмкіндігі шектеулі жеткіншектерге жүргізілетін психологиялық түзету мыналарға бағытталады:

  • таным  үрдістерін дамытуға (есте сақтау, ойлау, зейін, қиял, т.б);
  • эмоционалды аумағын дамытуға;
  • сенсорлық қабылдауын дамыту

Мүмкіндігі шектеулі жеткіншектерге психологиялық диагностика, түзету жұмыстарымен бірге  психологиялық қолдау да өте маңызды. Психологиялық қолдау  тек қана жеткіншек тұлғасына бағытталып қоймай, бірінші кезекте науқас бала өсіріп отырған ата-ананың нақ өзіне көрсетіледі. Психолог жеткіншектерді және олардың ата-аналарын психологиялық қолдау жұмысын әр түрлі формаларын қолдана отырып көмек көрсетеді: жеке жұмыс, жеке кеңес беру, топтық тренингтер, әр түрлі іс-шараларға қатыстыру және т.б. [5].

...

Скачать:   txt (17.1 Kb)   pdf (93.1 Kb)   docx (14.2 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club